Салауатты болыңдар, өйткені күллі дүние атаулының ақыры таяп келеді
1 Құдай Сөзінде Ехобаның күні бірнеше рет ‘ұры’ сияқты, яғни кенеттен, лезде, білдіртпей келеді деп суреттелген (1 Сал. 5:2; Мат. 24:43; 2 Пет. 3:10; Аян 3:3; 16:15). Иса былай деген болатын: “Сондықтан... дайын болыңдар: сендер күтпеген сәтте Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келемін!” (Мат. 24:44). Сол себепті зұлым дүниенің соңы жақындап қалған уақытта рухани сергектігімізді қалай сақтауымызға болады? Жауабын киелі рухтың жетелеуімен жазылған келесі кеңестен табуға болады: “Салауатты болыңдар!” (1 Пет. 4:7).
2 Салауатты болуға әр нәрсеге Ехобаның көзқарасымен қарау да жатады (Ефес. 5:17). Бұл өзімізді осы дүниеде “жат жерлік” ретінде қарастыруымызға көмектеседі (1 Пет. 2:11). Соның арқасында шынайы маңызы бар нәрселерді көре біліп, өмірімізде маңызды нәрсені өз орнына қойып, дұрыс шешім қабылдай аламыз (Філіп. 1:10).
3 Алдарыңа рухани мақсаттар қойыңдар: Алдымызға рухани мақсаттар қойып, оған қол жеткізіп отырғанымыз, салауатты болуымызға көмектеседі. Алдарыңа рухани мақсат қойып, оған қол жеткізуге тырысып жүрсіңдер ме? Киелі кітапты күнделікті оқуға, мәсіхшілердің кездесулерінің барлығына баруға, барлық журналдарды оқуға немесе қызметке көбірек уақыт бөлуге талпынып жүрсіңдер ме? Ақылға қонымды мақсат қойған болсаңдар, соған қол жеткізуге барынша тырысыңдар және Ехобаның батасын сұраңдар, сонда таңғаларлық нәтижеге жетулерің мүмкін.
4 Ақсақал жас жұбайлардан қандай рухани мақсаттары бар екенін сұрайды. Сонда олар өмірлерін жеңілдетіп, ауыртпалық болып жүрген қарыздарынан құтылса, ізашар болуға мүмкіндіктері бар екенін түсінеді. Сөйтіп, сол мақсатты көздеуді шешеді. Олар ынта-жігермен қарыздарын өтеп, уақыттары мен күш-қуаттарын алып жатқан қажет емес істерден арылудың жолын табады. Сөйтіп, тура бір жылдан соң, көздеген мақсаттарына жетеді. Нәтижесі қандай болды екен? Күйеуі былай дейді: “Егер алдымызға мақсат қоймағанда, қазіргідей жағдайға жетпеген болар едік. Біз әлдеқайда бақыттымыз. Тыныш әрі әлдеқайда жақсы өмір кешудеміз. Өміріміздің шын мәні мен мақсаты бар”.
5 Ехобаның күнін күтіп жүрген уақытта, әрқашан Құдайдың еркін орындап, салауатты өмір кешу арқылы рухани сергектігімізді сақтайық (Тит. 2:11—13).