Сауалдар жәшігі
◼ Қандай жағдайда шет тілдік топ ұйымдастырған дұрыс?
Қауымның аумағында айтарлықтай мөлшерде шет тілде сөйлейтін адамдар тұратын болса, ақсақалдар сол тілде уағыздау ісін ұйымдастыру үшін шара қолданулары керек (km 7/02 1-бет; km 2/98 3, 4-беттер, ор.). Шет тілде сөйлейтін адамдар жақын орналасқан екі немесе одан да көп қауымдардың аумағында тұруы мүмкін. Мұндай жағдайда аудандық бақылаушылар керекті басшылық беріп, сол қауымдардың уағыздау ісін бірлесіп атқаруларына көмектеседі. Арагідік неше адам келетінін анықтау үшін, сол тілде баяндама айтылуына немесе “Күзет мұнарасының” талқылануына қам жасауға болады.
Келесі үш шартқа сай келген жағдайда шет тілдік топты құруға болады: 1) Ізгі хабарды шет тілде жақсы түсінетін жариялаушылар немесе қызығушылар бар болса. 2) Басшылықты қолына алып, кемінде апта сайынғы бір кездесуді өткізе алатын ақсақал немесе қызмет көмекшісі бар болса. 3) Ақсақалдар кеңесі топқа қолдау көрсетіп отыруға қарсы болмаса. Бұл шарттар орындалған жағдайда, топ ресми түрде қабылданып, басшылық берілу үшін ақсақалдар филиалға хабарлаулары керек.
Көп жағдайда алғаш құралғанда, мұндай топтар алдымен апта сайын кітап оқу кездесуін өткізеді. Кейінірек ақсақалдар баяндама және “Күзет мұнарасын” талқылау сияқты өзге кездесулерді қосқан жөн деген ұйғарымға келуі мүмкін. Егер сол тілде сөйлейтін кеңес беруге лайық ақсақал немесе қызмет көмекшісі болса, Теократиялық қызмет мектебіндегі №2, №3 және №4 тапсырмаларды қосымша класта тыңдауға болады. Алайда тәлім беруге арналған баяндама айтылғанда және Киелі кітаптың негізгі ойлары талқыланғанда, сондай-ақ қызмет кездесуі өткенде, олар қауыммен бірге болады. Ал уағыздау қызметіне арналған кездесуді бөлек өткізуге болады.
Барлық топтар ақсақалдар кеңесінің мұқият бақылауында жұмыс істейді. Ақсақалдар парасаттылықпен басшылық беріп, олардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуде белсенді болулары керек. Топты бақылайтын қауымға келген кезінде аудандық бақылаушы рухани нығайту үшін, оның мүшелерімен бірге уағыздауға шара қолдануы керек. Ехобаның батасымен, шет тілдік топ уақыт өте келе жеке қауым болады.