Киім және сыртқы көріністің әдептілігі
1 “Барлық ер кісілер, тіпті жас балалар да галстук таққан. Барлық әйелдер мен бойжеткендер және кішкентай қыздар көйлек немесе белдемше киген. Ешқандай джинса киген немесе алқам-салқам киінген адам көрінбейді. Бәрі де жарқын жүзді”. Бұл бір газеттегі мәлімет еді. Бұл кімдер еді? Саясатшылар тобы ма? Спорт сайысына жиналған адамдар ма? Жоқ әлде рок концертке келгендер ме? Ешқайсысы да емес! Бұл өткен жаздағы үлкен облыстық конгреске келген бауырластар еді.
2 Тағы бір конгресс өткен қаладағы газет тілшісі Куәгерлер жайында былай деді: “Барлық ер кісілер мұнтаздай таза, костюм киген, галстук таққан. Әйелдер әдеппен, әдемі киінген”. Өзге бір қауіпсіздік қызметшісі былай деді: “Сіздер өздерін әдепті ұстайтын, сыпайы, таза және ұқыпты адамсыздар. Менің көргендерім адам қызығарлықтай. Мына лас дүниеде сіздер тазалық сақтай алдыңыздар!” Біз туралы қандай керемет куәлік! Біздің бауырластығымызға жоғары баға берілгеніне риза емеспіз бе? Әрине, осындай жақсы лебіз естуге өздерінің үлгілі сыртқы көріністерімен Куәгерлердің әрқайсысы да үлестерін қосқан.
3 Біздің сыртқы көрінісіміздің өзгелерден мүлдем ерекше екендігі бүкіл дүние жүзіне мәлім (Мала. 3:18). Неліктен? Өйткені біз Жазбалардың, “Әдеппен әрленіп-сәнденіңдер... киімдерің қарапайым да сыпайы болсын. Бұл Құдайға ұнамды болуға ұмтылғандарға лайық”,— деген кеңесін ұстанамыз (1 Тім. 2:9, 10).
4 Киім мен сыртқы көріністерің арқылы қандай куәлік беріп жүрсіңдер? Не кигеніміз бен қалай кигеніміз біздің сенімімізді, көзқарасымызды және мақсатымызды паш етеді. Қандай киім үлгісін таңдағанымыз, кім екендігіміз жөнінде куәлік етеді. Біз осы дүниеде кеңінен тараған бұзылған ой мен іс-әрекетті ешқашан қолдамауымыз керек. Біз сәнді көрінуді емес, Құдайдың қызметшісіне лайықты болуды қалаймыз (Рим. 12:2). Тәуелсіз рух танытатын немесе өнегесіз өмір салтын дәріптейтін сыртқы көріністі таңдаудың орнына, шын мәнінде ‘[Құдайды] мадақтайтындығымызды’ көрсеткіміз келеді (1 Пет. 2:12).
5 Кейде, шындыққа жаңадан келген тәжірибесіз немесе рухани әлсіз адам, Ехоба мен оның ұйымына қалай әсер ететіні жөнінде ойланбастан, осы дүние насихаттап отырған киім мен сыртқы көріністі қабыл алуы мүмкін. Осы дүниеге тән ой қалпының әсеріне ілігіп қалмау үшін, барлығымыз да өзімізді тексеруіміз керек. Сыйлы, рухани толысқан бауырластарға барып, өзіміздің киім үлгіміз бен сырт көрінісімізге байланысты ойларын ашық айтуын өтініп, олардың берген кеңестері жөнінде мұқият ойланғанымыз дұрыс.
6 Кейбіреулер конгресс кезінде қалай киінгендеріне мұқият болулары керек екенімен келіседі. Алайда олар, конгресс бағдарламасынан кейінгі демалыс кездерінде киім үлгісіне қатысты талаптарды төмендетіп жіберулері мүмкін. Мәсіхшілерге лайық жоғары талаптарды сақтаңдар (2 Қор. 6:3, 4). Қай жерде болсақ та, біздің плакеткаларымыз және лайықты киім үлгіміз бен сырт көрінісімізге қарап, көрген адамдар біздің Ехоба Куәгерлері екенімізді білетін болады. Сол себепті біздің киіміміз әрқашан ұқыпты және әдепті болып, “осы дүниелік емес” екендігімізді көрсетуі керек (Жох. 15:19).
7 Патшалықты құлшыныспен жариялаушылар” деп аталатын осы жылғы облыстық конгресте ‘Тәңір Құдайымыздың қасиетті халқы’ екендігімізді көрсету үшін қолымыздан келгеннің бәрін істелік. Нәтижесінде біз қалдырған жақсы әсер Ехобаның ‘қадірін, даңқын және кереметтілігін’ арттыра түседі (Заң. қ. 26:19, СА).
[6-беттегі қоршау]
Ехобаның даңқын арттырудың жолдары:
■ Құдайдың қызметшілеріне лайықты киініңдер.
■ Осы дүниенің рухын танытатын стильден аулақ болыңдар.
■ Әдептілік танытып, парасатты екендіктеріңді көрсетіңдер.