Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w19 маусым 8—13 бет.
  • Құдай туралы білімге қайшы ой-пікірлерді талқандаңыз!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай туралы білімге қайшы ой-пікірлерді талқандаңыз!
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “ОЙ-САНАЛАРЫҢДЫ ЖАҢАРТЫҢДАР”
  • ІШКІ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ЖАҢАРТА БЕРЕЙІК
  • ІШКІ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ЖАҢАРТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
  • “СЕНІМДЕРІҢДІ ДЕ БЕРІК САҚТАҢДАР”
  • Сен түбегейлі өзгердің бе?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітап өміріңізді әлі де өзгертіп жатыр ма?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Мәсіхтің ой қалпын танытыңдар
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Құдай үкімін өзгертуі мүмкін бе?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
w19 маусым 8—13 бет.

24-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫ

Құдай туралы білімге қайшы ой-пікірлерді талқандаңыз!

“Біз Құдай туралы білімге қайшы ой-пікірлер мен кез келген бөгетті талқандаймыз” (ҚОР. 2-Х. 10:5).

124-ӘН Әрдайым адалдық танытайық

АҢДАТПАa

1. Пауыл майланған мәсіхшілерге қандай ескерту айтқан?

“БҰДАН былай осы заманның өмір салтын үлгі етпеңдер” (Рим. 12:2). Елші Пауыл бұл сөздерді I ғасырдағы мәсіхшілерге жазған. Құдайға бағышталған әрі киелі рухпен майланған мәсіхшілерге осындай қатаң ескерту айтудың не қажеті болды? (Рим. 1:7).

2, 3. Шайтан бізді Ехобаға қалай қарсы шығарғысы келеді? Санамызға әбден сіңген ойларды қалай тамырымен жоя аламыз?

2 Сол кездегі кейбір мәсіхшілерге Шайтан дүниесінің зиянды ой-пікірлері мен философиясы әсер еткенге ұқсайды. Пауылды уайымдатқан да осы еді (Ефес. 4:17—19). Бұндай нәрселер бізге де әсер етуі ғажап емес. Осы дүниенің құдайы Шайтан бізді Ехобадан қалайда алшақтатуды көксейді. Сол үшін түрлі айла-амалға барады. Мысалы, біздің маңызды, атақты адам болуға деген қалауымызды қолданады. Ой-санамызды қалыптастыру үшін ол шыққан ортамыз, мәдениетіміз бен алған білімімізді пайдаланады.

3 Осындай ойларды санамыздан түптамырымен жойып тастау мүмкін бе? (Қор. 2-х. 10:4). Пауылдың не дегенін көрейікші: “Біз Құдай туралы білімге қайшы ой-пікірлер мен кез келген бөгетті талқандаймыз, сондай-ақ әрбір ойды жеңіп, Мәсіхке бағындырамыз” (Қор. 2-х. 10:5). Иә, Ехобаның көмегімен зиянды ой-пікірлерді жоя аламыз. Уытты қайтаратын дәрі іспетті Құдай Сөзі Шайтан дүниесінің улы әсерін жоя алады.

“ОЙ-САНАЛАРЫҢДЫ ЖАҢАРТЫҢДАР”

4. Шындықты алғаш білгенде көбіміз қандай өзгерістер жасадық?

4 Шындықты алғаш білгенде және Ехобаға қызмет етуді шешкенде жасаған өзгерістер жайлы ойлап көріңізші. Көбіміз жасап жүрген жаман істерімізді тастадық (Қор. 1-х. 6:9—11). Олардан арылуға көмектескені үшін Ехобаға дән ризамыз!

5. Римдіктерге 12:2-де жасауымыз керек қандай екі әрекет айтылған?

5 Бірақ “болдық, толдық” деп ешқашан босаңсымайық. Шомылдыру рәсімінен өткенге дейін жасаған ауыр күнәларымыздан арылған шығармыз, дегенмен сол істерді қайта жасауға азғыратын нәрселерден аулақ болғанымыз абзал. Қалайша? Пауыл былай деген: “Бұдан былай осы заманның өмір салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-саналарыңды жаңартып, түбегейлі өзгеріңдер” (Рим. 12:2). Демек, екі нәрсені істеуіміз керек. Біріншіден, осы заманның өмір салтын “үлгі етпеу”, яғни ықпалына берілмеу керек. Екіншіден, ой-санамызды жаңарта отырып, “түбегейлі өзгеру” керек.

Түбегейлі ме, әлде үстіртін бе?

Сақал-мұрты алынбаған, таранбаған жігіт ұқыпты киініп, сақал-мұртын алып, шынайы болмысын жасырады

Римдіктерге 12:2-дегі грек тілінен “түбегейлі өзгеріңдер” деп аударылған тіркес бір нәрседен мүлдем басқа нәрсеге айналуды білдіреді. Мысалы, жұлдызқұрттың көбелекке айналуы сияқты құбылыс. Түбегейлі өзгеру деген болмысымызды, яғни мінез-құлқымыз бен ішкі дүниемізді өзгерту деген сөз. Ал Қорынттықтарға 2-хат 11:13—15 тармақтардағы “өздерін көрсетеді”, “өзін көрсетеді” деп аударылған тіркестер адамның сырт көзге ғана жақсы болып көрінуіне нұсқайды.

6. Матай 12:43—45 тармақтарда жазылған Исаның сөздерінен не білеміз?

6 Пауыл “түбегейлі өзгеріңдер” дегенде тек сырттай өзгеруді ғана айтпаған. Біз жүрегіміздің түбіне дейін өзгеруіміз қажет (“Түбегейлі ме, әлде үстіртін бе?” деген қоршауды қараңыз). Ой-санамызды жаңартуымыз, яғни көзқарасымыз бен сезімдерімізді, бейімділіктеріміз бен қалауларымызды толықтай өзгертуіміз керек. Сондықтан былай деп ойланып көрейік: “Сырт көзге ғана мәсіхшімін бе, әлде бар болмысыммен мәсіхшімін бе?” Матай 12:43—45 (оқыңыз) тармақтарда Иса не істеуіміз керектігін айтқан. Бұл сөздердің артында маңызды шындық жатыр: жаман ойлардан арылып қана қоймай, санамызды Құдайдың ойларымен толтыруымыз керек.

ІШКІ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ЖАҢАРТА БЕРЕЙІК

7. Болмысымызды қалай өзгерте аламыз?

7 Бейімділіктерімізді, болмысымызды өзгерту мүмкін бе? Құдай Сөзінде былай делінген: “Ой-саналарыңды әрекетке талпындыратын күшті жаңарта беріңдер. Құдайдың еркіне сай жаратылған әрі шынайы әділдік пен адалдыққа сай келетін жаңа болмысқа ие болыңдар” (Ефес. 4:23, 24). Демек, болмысымызды өзгерту қолымыздан келеді, бірақ бұл үшін біраз тер төгу керек. Бұрыс қалауларды тізгіндеп, жаман істерді доғару жеткіліксіз. Бізге “ой-санамызды әрекетке талпындыратын күшті жаңарту” қажет. Бұған ниет-қалауларымыз бен бейімділіктерімізді түзету жатады, әрі бұл үзбей күш салуды талап етеді.

8, 9. Бір бауырластың мысалынан болмысымызды өзгертудің маңыздылығы қалай көрінеді?

8 Кезінде бұзақы болған бір ер бауырластың мысалын қарастырайық. Ол ішімдікті, ұрыс-төбелесті қойып, шомылдыру рәсімінен өтіп, жерлестеріне жақсы куәлік береді. Алайда шомылдыру рәсімінен өткен соң көп ұзамай бір жағдайға тап болады. Оның үйіне ішіп алған біреу келіп, төбелес шығармақ болады. Алғашында бауырласымыз ұстамдылық танытып төбелеспейді. Бірақ әлгі адам Ехобаның есімін қорлаған кезде, бауырластың шыдамы таусылып, оны ұрып тастайды. Бауырлас неге ашуға берілді екен? Өйткені ол шындықтың арқасында ұстамды болуды үйренгенмен, ішкі болмысын өзгертпеген еді.

9 Десе де бауырласымыздың салы суға кетпеді (Нақ. с. 24:16). Ақсақалдардың көмегімен ол жақсы жаққа өзгеруге күш сала берді. Ақырында өзі де ақсақал болып тағайындалды. Бір күні ол Патшалық сарайының алдында дәл бұрынғыдай жағдайға кезігеді. Бір мас кісі ақсақалдардың бірін ұрайын деп жатыр екен. Сонда бауырлас не істеді? Ол сабырлы үнмен мас кісіні ақылға шақырып, оның ашуын басады, тіпті үйіне жетуге көмектеседі. Неге бауырлас бұл жолы басқаша әрекет етті? Өйткені ол ішкі болмысын түбегейлі өзгертіп, бейбітсүйгіш, кішіпейіл адамға айналған еді. Осылайша Ехобаға мадақ әкелді.

10. Ішкі болмысымызды өзгерту үшін не істеуіміз керек?

10 Мұндай өзгерістер әп-сәтте, өздігінен бола қалмайды. Бұл үшін жылдар бойы күш салу қажет (Пет. 2-х. 1:5). Шындықта ұзақ уақыт жүргеніміз — жақсы жаққа өзгергеніміздің көрсеткіші емес. Ішкі болмысымызды өзгерту үшін көп еңбектену қажет. Қазір бұған көмек болар бірнеше қадамды қарастырайық.

ІШКІ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ЖАҢАРТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Қыз бауырлас дұға айту, айнаға қарап ойлану, жақсы орта таңдау арқылы ішкі болмысын өзгертуде

11. Ішкі болмысымызды өзгертуге дұға қалай көмектеседі?

11 Ең бірінші әрі ең маңызды жолы — дұға айту. Біз “уа, Құдайым, кеудеме таза жүрек сала көр, жаңа да берік рух дарыта көр” деген зәбүр жыршысы сияқты дұға айтуымыз керек (Зәб. 51:10). Ішкі болмысымызды өзгертуіміз қажет екенін мойындап, Ехобадан жәрдем сұрағанымыз абзал. Ал Ехоба міндетті түрде көмектеседі. Бұған неге сенімдіміз? Езекиелдің кезінде тоңмойын Исраил халқына байланысты Ехоба былай деп уәде берген: “Мен оларға біртұтас жүрек беріп, жаңа рух дарытамын. Тастай қатты жүректерінің орнына еттей жұмсақ жүрек [яғни Құдайдың басшылығына мойынсұнуға дайын жүрек] беремін” (Езек. 11:19, сілт.). Исраилдіктерге өзгеруге көмектескісі келгендей, Ехоба бізге де көмектескісі келеді.

12, 13. а) Зәбүр 119:59-ға сай, не туралы ойлануымыз керек? ә) Қандай сұрақтарға ой жүгірткеніңіз дұрыс?

12 Ішкі болмысымызды өзгертудің екінші жолы — ой жүгірту. Құдай Сөзіне әр күні үңілгенде терең ойлануға уақыт бөлгеніміз дұрыс. Яғни сана-сезіміміз бен ниетімізді тексеріп, қай жағынан өзгеруіміз керектігі жайында ойланайық (Зәбүр 119:59 оқыңыз; Евр. 4:12; Жақ. 1:25). Осы дүниенің ой қалпына қарай ауып бара жатқан жоқпыз ба, соны байқайық. Өзімізге шын баға беріп, әлсіз тұстарымызды анықтайық, сосын олардан арылу үшін аянбай күш салайық.

13 Мына сұрақтарға ой жүгіртіп көріңіз: жүрегімде қызғаныштың кішкене болса да жұрнағы бар ма? (Пет. 1-х. 2:1). Шыққан ортама, алған білімім не әлеуметтік дәрежеме қарай бойымды титтей де болса мақтаныш керней ме? (Нақ. с. 16:5). Менікіндей мүлкі жоқ адамға немесе өзге ұлттың адамына жоғарыдан қараймын ба? (Жақ. 2:2—4). Шайтанның дүниесі ұсынып жатқан нәрселерге қызығамын ба? (Жох. 1-х. 2:15—17). Азғындық не жауыздық бар ойын-сауық түрлеріне жақынмын ба? (Зәб. 97:10; 101:3; Амос 5:15). Осыларға жауап бергеніңізде, жақсартуыңыз қажет тұстарыңызды байқарсыз. Осындай бейімділіктерді жүрегіңізден түптамырымен жойсаңыз, көктегі Әкеңізді қуантасыз! (Зәб. 19:14).

14. Жақсы ортамен араласу қаншалықты маңызды?

14 Үшінші маңызды қадам — жақсы ортамен араласу. Өзімізге білінсін-білінбесін, әдетте араласатын адамдарымыздың әсері күшті болады (Нақ. с. 13:20). Әріптестеріміз немесе сыныптастарымыз бізді Құдайға ұнамды болуға талпындыруы екіталай. Бірақ осыған талпындыратын шынайы достарды қауымның ішінен таба аламыз. Ондағы бауырластар бізді “сүйіспеншілікке және игі істерге” баулиды (Евр. 10:24, 25).

“СЕНІМДЕРІҢДІ ДЕ БЕРІК САҚТАҢДАР”

15, 16. Шайтан біздің ой-санамызды қалай улағысы келеді?

15 Шайтан біздің ой-санамызды қалайда улағысы келетінін ұмытпайық. Құдай Сөзіндегі шындықтың әсерін жою үшін ол сан түрлі ой-пікірді қолданады.

16 Шайтан Едем бағында Хауадан: “Құдай шынымен айтты ма?”— деп сұраған (Мұс. 1-ж. 3:1). Сол сұрақты ол әлі күнге дейін қойып келеді. Шайтанның қол астындағы мына дүниеде сенімімізді шайқалтатын сұрақтар өте көп. Мысалы: Құдай көп әйел алуға шынымен тыйым сала ма? Құдай жаңа жыл мен туған күн тойлағаныңды шынымен қаламай ма? Құдай сенен қан құйдырудан бас тартуды шынымен талап ете ме? Сүйіспеншілігі мол Құдай қауымнан шығарылған туыстарыңмен не достарыңмен араласпағаныңды шынымен қалай ма?

17. Наным-сеніміміздің растығына күмән келтіретін сұрақтарға кезіксек, не істегеніміз жөн? Қолостықтарға 2:6, 7-ге сай, бұлай еткеніміздің қандай жемісін көреміз?

17 Біз өз наным-сеніміміздің растығына жақсылап көз жеткізуіміз керек. Әйтпесе жауапсыз сұрақтар үлкен күмәнға айналып, ой-санамызды бұрмалап, сенімімізді күйретуі мүмкін. Мұның алдын алу үшін не істегеніміз жөн? Киелі кітап ой-санамызды өзгертіп, “Құдайдың ізгі де ұнамды әрі кемелді еркіне” көз жеткізуге шақырады (Рим. 12:2). Бұл үшін жүйелі түрде жеке зерттеп, Жазбалардан білген шындықтарға көз жеткізіп отырайық. Сонда Ехобаның нормалары қашанда әділ екеніне толықтай сенімді боламыз. Нәтижесінде тамырын терең жайған ағаштай “сенімімізді берік сақтаймыз” (Қолостықтарға 2:6, 7 оқыңыз).

18. Шайтанның дүниесінің уытын қайтаруға не көмектеседі?

18 Өз сенімімізді өзімізден басқа ешкім нығайта алмайды. Сондықтан “ой-санамызды әрекетке талпындыратын күшті”, яғни ішкі болмысымызды жаңартып отырайық. Үнемі дұға айтып, Ехобадан киелі рух беруін жалбарына сұрайық. Терең ой жүгіртейік, ой-ниетімізді үнемі тексерейік. Жақсы ортамен араласайық, ой-санамызды жаңартуға көмектесетін жандармен достасайық. Сонда Шайтанның дүниесінің уытын қайтарып, “Құдай туралы білімге қайшы ой-пікірлер мен кез келген бөгетті талқандаймыз” (Қор. 2-х. 10:5).

ҚАЛАЙ ЖАУАП БЕРЕР ЕДІҢІЗ?

  • Римдіктерге 12:2-де қандай екі әрекет жайында айтылған?

  • Ішкі болмысымызды жақсартудың қандай үш жолы бар?

  • Қолостықтарға 2:6, 7-дегі кеңесті қалай қолдана аламыз?

50-ӘН Бағышталу дұғасы

a Өскен ортамыз, мәдениетіміз, алған біліміміз ой-санамызға ықпал етпей қоймайды. Кейбір бұрыс ой-пікірлер болмысымыздың ажырамас бөлігі болып кеткен шығар. Осы мақаладан солардан қалай арылуға болатынын білеміз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу