Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w19 сәуір 31-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Ұқсас мәлімет
  • ”Ешбір жан өлмейді”
    “Құдай Патшалығы туралы түбегейлі куәлік береміз”
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
w19 сәуір 31-б.
Елші Пауыл жүк таситын кеменің жұмысшысына сөйлеп тұр

Сіз білгенсіз бе?

Ежелгі уақыттағы кеме саяхаты

ЕЛШІ ПАУЫЛДЫҢ заманында жолаушылар тасымалдайтын арнайы кемелер болмаған. Кемемен жол жүру үшін саяхатшы діттеген жеріне жүргелі жатқан жүк тасымалдайтын кемені тауып, жолаушы алатын-алмайтынын сұрастыратын (Ел. іс. 21:2, 3). Кеме тура сол жерге бармаса да, жолаушы жол-жөнекей басқа кемеге отырып, көздеген жеріне жете алатын (Ел. іс. 27:1—6).

Сол заманда адамдар жылдың белгілі бір мезгілінде ғана кемемен саяхатқа шығатын. Бұған қоса, кемелердің жол жүретін нақты кестесі болмайтын. Қолайсыз ауа райынан бөлек, теңізшілер кейбір ырымдарға бола ашық теңізге шығудан тартынатын. Мысалы, олар жағадан қирап жатқан кемені көрсе немесе такелажға қонған қарға қарқылдаса, мұны жаман ырымға жоритын. Бұған қоса, қажетті жел соққанда ғана олар желкендерін керіп, жолға шығатын. Не керек, өзіне керек кемені тапқан соң, жолаушы жүгін арқалап кемежайға келіп, кеменің жылжығанын күтетін.

Тарихшы Лайонел Кассон былай дейді: “Ежелгі Римде кемені тез табу үшін адамдарға жақсы жағдай жасалған еді. Сондықтан саяхатшылар кеме іздеп, табанынан таусылмайтын. Римнің кемежайы Тибр өзенінің сағасында орналасқан еді. Жақын маңдағы Остия деген қалада базар алаңы болған. Сол жерде түрлі елден келген теңізшілердің кеңселері бар еді. Мысалы, олар Нарбоннан (қазіргі Франция), Карфагеннен (қазіргі Тунис), тағы да басқа жерлерден келетін. Саяхатшы сол кеңселерге барып, кеменің қай бағытта жүзетінін біліп алатын”.

Кемемен саяхаттау уақытты үнемдегенімен, қауіпті де еді. Мысалы, Елші Пауыл миссионерлік сапары кезінде бірнеше рет кеме апатына ұшыраған болатын (Қор. 2-х. 11:25).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу