Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w19 ақпан 31-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Ұқсас мәлімет
  • Иса және оның шәкірттері уағыз айтқан мәжілісхана
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Иса Қапарнаумда көп керемет жасады
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
w19 ақпан 31-б.

Сіз білгенсіз бе?

Гамла қаласынан табылған I ғасырдағы мәжілісхана

I ғасырдағы мәжілісхана: Бұл суретте Ғалилея теңізінен солтүстік-шығысқа қарай 10 км жердегі Гамла қаласынан табылған мәжілісхана бейнеленген. Бұдан ежелдегі мәжілісхана қандай болғанын көруге болады.

Мәжілісхананың шығу тарихы

“СИНАГОГА” деген грек сөзі “жиын” немесе “бірге бас қосу” дегенді білдіреді. Мәжілісханалардың бұлай аталуы бекер емес. Еврейлер онда қауымдастықтарына арналған нұсқаулар алу үшін, Құдайға ғибадат ету үшін ежелден жиналып келеді. Еврей жазбаларында мәжілісханалар туралы анық ештеңе айтылмаған. Алайда Грек жазбаларынан олардың I ғасырдың өзінде-ақ бар болғанын білеміз.

Көп ғалымдардың ойынша, мәжілісханалар еврей халқы Бабылда тұтқында болған кезде пайда болған. “Иудей энциклопедиясында” былай делінген: “Ғибадатханаларынан айырылған, жат жерде жұбанышқа зәру болған еврейлер ауық-ауық бас қосып тұрған. Олар Демалыс күні жиналып, Жазбаларды бірге оқыса керек”. Тұтқыннан босағаннан кейін де еврейлер осы әдетінен айнымады. Олар қоныс тепкен жерлерінде мәжілісхана тұрғызып, кейін сол жерде дұға ету үшін, Жазбаларды оқу үшін бас қосып жүрді.

I ғасырда еврейлер Исраилде, Жерорта теңізінің айналасы мен Таяу Шығыста тұрып жатқан еді. Сол уақытта мәжілісханалар ғибадат ететін және қоғамдық мәселелерді шешетін орталыққа айналды. “[Мәжілісхана] тәлім алатын, қасиетті асты қабылдайтын, қауымдастықтың қаржысын сақтайтын, сот жүргізетін және саяси-қоғамдық мәселелерді шешетін жер болған. Әрине, ең алдымен, ол жерде діни қызмет атқарылған”,— дейді Иерусалимдегі Еврей университетінің профессоры Ли Левин. Исаның мәжілісханаларға жиі барып тұрғаны, міне, сондықтан (Мар. 1:21; 6:2; Лұқа 4:16). Ол сонда халыққа тәлім берген, жігерлендірген. Мәсіхшілер қауымы құрылғаннан кейін елші Пауыл да мәжілісханаларда көп уағыздаған. Мәжілісханада әдетте Құдайға жақындағысы келетін адамдар жиналатын. Сондықтан Пауыл қандай да бір қалаға келгенде, бірден мәжілісханаға барып уағыздайтын (Ел. іс. 17:1, 2; 18:4).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу