Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp18 № 2 12—13 бет.
  • Сіз жер бетінде мәңгі жасай аласыз!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз жер бетінде мәңгі жасай аласыз!
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2018
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • АДАМ — БІРЕГЕЙ ЖАРАТЫЛЫС
  • ҚҰДАЙДЫҢ О БАСТАҒЫ НИЕТІ
  • АДАМДАР НЕГЕ ӨЛЕДІ?
  • СІЗ ЖЕР БЕТІНДЕ МӘҢГІ ЖАСАЙ АЛАСЫЗ!
  • Құдай Тағаланың бізге жасаған жақсылығы қандай?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Ехобаның ниеті міндетті түрде орындалады!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Құдай жер үшін нендей нәрселерді ойластырып қойды?
    Құдай бізден нені талап етеді?
  • Құдайдың жерге қатысты ниеті қандай?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2018
wp18 № 2 12—13 бет.
Анасы мен қызы

Сіз жер бетінде мәңгі жасай аласыз!

НЕТКЕН ҒАЖАП! Жаратушымыз бізге жер бетінде мәңгі өмір сүретінімізді уәде етіп отыр. Алайда көп адам бұған сенбейді. Олардың айтуынша, бәріміз ертелі-кеш өлеміз, пешенемізге жазылғаны — осы. Басқалары үшін мәңгі өмір сүру мүмкін, бірақ жер бетінде емес. Олар өлген соң, көкке барамыз дейді. Ал сіз бұл жайында не ойлайсыз?

Алдымен, мына үш сұраққа Киелі кітаптың қалай жауап беретінін көрейікші. Адам баласының ерекшелігінен оның қаншалықты ұзақ өмір сүруге жаралғаны жайлы не білеміз? Құдайдың жер мен адамдарға қатысты о бастағы ниеті қандай болған? Адамдар неге өледі?

АДАМ — БІРЕГЕЙ ЖАРАТЫЛЫС

Құдайдың жер бетіндегі жаратылыстарының ішінде адам баласы өте ерекше. Неге? Киелі кітапта тек адамдардың ғана Құдайға ұқсас етіп жаралғаны айтылған (Мұсаның 1-жазбасы 1:26, 27). Бұл не деген сөз? Бұл — адамдардың бойында Құдайдікіндей сүйіспеншілік пен әділдік сияқты қасиеттер бар деген сөз.

Сонымен қатар адам баласы ойлану, салмақтап-саралау, ақ пен қараны айыра білу қабілеттерімен және рухани қажеттіліктерімен жаралған. Міне, сол себептен де біз ұлан-ғайыр ғаламымызға, әсем табиғатымызға тамсанып, жанды баурайтын ән-күй мен өлең жолдарына тәнті боламыз. Ал, ең бастысы, адамда Жаратушысына құлшылық ету мұқтаждығы бар. Бұның бәрі адам баласының басқа тіршілік иелерінен дара екенін аян етеді.

Мына жайлы ойланып көріңізші: Құдай адам баласына шексіз шыңдай беруге болатын тамаша қабілеттер мен керемет қасиеттер дарыта отырып, небәрі 70—80 жыл өмір сүрсін деді ме? Шындығында, Құдай адамдарға ерекше қасиеттер мен қабілеттерді жер бетінде мәңгілік өмірдің рақатын көрсін деп дарытты.

ҚҰДАЙДЫҢ О БАСТАҒЫ НИЕТІ

Кейбіреулердің ойынша, Құдай адамдарды жер бетінде мәңгі өмір сүру үшін жаратпаған. Олар жерді адамдар сыналатын уақытша тұрақ деп есептейді. Сынақтан өткендері жаннатта, Жаратушының қасында өмір сүреді. Бұл рас болса, Құдайдың жердегі барлық зұлымдық пен бақытсыздыққа жауапты болғаны ғой. Бірақ бұл мүмкін емес. Себебі Киелі кітапта: “Оның жолдарының бәрі әділетті. Құдай адал, еш әділетсіздік жасамайды, ол әділ әрі шыншыл”,— делінген (Мұсаның 5-жазбасы 32:4).

Киелі кітапта Құдайдың жерге байланысты о баста нені ниет еткені анық жазылған. Онда: “Көк Ехобаға тиесілі, ал жерді ол адам баласына берді”,— делінген (Зәбүр 115:16). Иә, Құдай жерді адамдардың тұрақты мекені болу үшін жаратқан. Сондай-ақ онда мағыналы да, мәңгі өмірдің рақатын көруіміз үшін қажеттінің бәрін берген (Мұсаның 1-жазбасы 2:8, 9).

“Көк Ехобаға тиесілі, ал жерді ол адам баласына берді” (Зәбүр 115:16).

Киелі кітапта Құдайдың адамзат үшін нені ойластырғаны да анық жазылған. Ол алғашқы жұп Адам ата мен Хауа анаға: “Жер бетін толтырыңдар, әрі оны өңдеңдер,.. барлық жануарларға иелік етіңдер!”— деп тапсырған (Мұсаның 1-жазбасы 1:28). Әсем үйлері — жұмақ бағын күтіп-баптап, бүкіл жерге кеңейту олар үшін мәртебелі тапсырма болғанында сөз жоқ! Расында да, Адам мен Хауаны әрі олардың келер ұрпақтарын көкте емес, жер бетінде мәңгі өмір сүру болашағы күтіп тұрды.

АДАМДАР НЕГЕ ӨЛЕДІ?

Жоғарыда айтылғандар рас болса, адамдар неге өледі? Киелі кітапта жазылғандай, періштелердің бірі, кейіннен ол Шайтан Ібіліске айналған, Құдайдың Едем бағында орнатқан тәртібін бұзуға тырысып бақты.

Шайтан Адам мен Хауаны өзіне қосылып, Құдайға қарсы бүлік шығаруға түртпектеді. Шайтанның айтуынша, Құдай олардан бір жақсы нәрсені, яғни өздері үшін ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін шешуге құқылы екенін, жасырып отырғандай еді. Нәтижесінде түпкі ата-анамыз Шайтанның сыбайласы болып, Құдайдан теріс айналды. Бұл неге әкеп соқты? Дәл Құдай ескерткендей олар ақыры өлді. Олар жер бетіндегі жұмақта мәңгі өмір сүру мүмкіндігінен де қол үзіп қалды (Мұсаның 1-жазбасы 2:17; 3:1—6; 5:5).

Адам мен Хауаның бүлігі бүкіл адамзатқа кесірін тигізіп келеді. Құдай Сөзінде: “Бір адам [Адам ата] арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді, осылайша адамдардың бәрі өлетін болды”,— делінген (Римдіктерге 5:12). Сонымен, біз Құдай пешенемізге қисынсыз бір тағдырды жазып қойғандықтан емес, түпкі ата-анамыздан күнә мен өлімді мұра еткендіктен өлеміз.

СІЗ ЖЕР БЕТІНДЕ МӘҢГІ ЖАСАЙ АЛАСЫЗ!

Едемдегі бүлік Құдайдың жер мен адамзатқа қатысты ниетінің орындалуына кедергі жасаған жоқ. Бізді жақсы көргендіктен әрі әділ болғандықтан, ол күнә мен өлімнің тұсауынан босатудың амалын жасады. Елші Пауыл: “Күнәнің беретіні — өлім, ал Құдайдың сыйы — Иеміз Мәсіх Иса арқылы берілетін мәңгілік өмір”,— деген (Римдіктерге 6:23). Бізді қатты сүйгендіктен, Құдай “өзінің жалғыз Ұлын [Иса Мәсіхті] құрбан етті. Енді оған сенген әркім жойылмай, мәңгілік өмірге ие бола алады” (Жохан 3:16). Өз өмірін даярлықпен құрбан ету арқылы Иса Адам ата айырылып қалғанның бәрін өтеп алдыa.

Жуырда Құдайдың жер бетін жұмаққа айналдырамын деген уәдесі шындыққа ұласады. Исаның келесі кеңесіне құлақ ассаңыз, осындай өмірді өз көзіңізбен көресіз: “Тар қақпа арқылы кіріңдер, себебі жойылуға апаратын қақпа кең, жол да даңғыл, онымен жүретіндер көп. Ал өмірге апаратын қақпа да, жол да тар. Оны табатындар аз” (Матай 7:13, 14). Иә, сіздің болашағыңыз өз қолыңызда.

a Осы құрбандықтың арқасында қандай баталарға жол ашылып отырғаны жайлы Ехоба куәгерлері басып шығарған “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабының 27-сабағын қараңыз. Оны www.jw.org сайтынан тегін жүктеуге болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу