Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp17 № 6 12—14 бет.
  • Киелі кітап аудармалары неге сонша көп?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі кітап аудармалары неге сонша көп?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КИЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҮПНҰСҚАСЫ
  • ГРЕК СЕПТУАГИНТІ
  • ЛАТЫН ВУЛЬГАТАСЫ
  • ЖАҢА АУДАРМАЛАР КӨБЕЮДЕ
  • Ехоба — адамзатпен тілдесетін Құдай
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
wp17 № 6 12—14 бет.
Колжазба, кітап және электронды Киелі кітаптар

Киелі кітап аудармалары неге сонша көп?

Неліктен бүгінде Киелі кітап аудармалары өте көп? Олар Киелі кітапты түсінуді расында жеңілдете ме, әлде керісінше ме? Қазір осы аудармалар жайлы көбірек біліп, оларға дұрыс баға беруге тырысып көрейік.

Алдымен, Киелі кітаптың авторы кім екеніне және ол қашан жазылғанына тоқталайық.

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҮПНҰСҚАСЫ

Киелі кітап екі бөліктен тұрады. “Құдайдың қасиетті сөздері” жазылған бірінші бөлігіне 39 кітап кіреді (Римдіктерге 3:2). Бұлар шамамен 1100 жыл бойы (б. з. б. 1513 ж.—шамамен б. з. б. 443 ж.) жазылды. Құдай оларды өзіне адал ер кісілерге киелі рухын бере отырып жаздырды. Олар көбінесе еврей тілінде жазғандықтан, бұл кітаптарды Еврей жазбалары немесе “Көне өсиет” деп атаймыз.

27 кітаптан тұратын екінші бөлігі де “Құдай сөзі” болып табылады (Салоникалықтарға 1-хат 2:13). Иса Мәсіхтің адал шәкірттері оны Құдайдың киелі рухының қозғау салуымен шамамен 60 жылдай уақыт бойы (б. з. 41 ж.—б. з. 98 ж.) жазды. Олар көбіне грек тілінде жазғандықтан, бұл кітаптар Грек жазбалары немесе “Жаңа өсиет” деп аталады.

Осы 66 кітаптың бәрі бірігіп, Жаратушының адамзатқа арнаған хабары — Киелі кітапты құрайды. Алайда не үшін оны көп тілге аудару қажет болды? Мұның негізгі 3 себебі бар:

  • адамдар Құдай Сөзін ана тілдерінде оқи алулары үшін;

  • көшірмешілер жіберген қателерді түзеп, Құдай Сөзінің түпнұсқа мәтінін қалпына келтіру үшін;

  • көне тілді жаңарту үшін.

Осы себептер Киелі кітаптың ежелгі екі аудармасына қалай әсер еткеніне назар аударайық.

ГРЕК СЕПТУАГИНТІ

Исаның заманына дейін 3 ғасырдай уақыт бұрын яһуди дін мұғалімдері Еврей жазбаларын өзге тілге — грекшеге аудара бастады. Бұл аударма кейіннен Грек Септуагинті деп аталып кетті. Бұл еңбек не үшін қажет болды? Себебі сол заманда көп яһудилер еврей тілінен гөрі грек тілін жақсы түсінетін. Грек Септуагинті оларды “Киелі жазбалардан” алыстап кетуден сақтады (Тімөтеге 2-хат 3:15).

Бұл аударма яһуди ұлтына жатпайтын, грекше сөйлейтін миллиондаған адамға да Киелі кітаптың ілімдерімен танысуға көмек болды. Қалайша? Профессор В. Ф. Говардтың айтуынша, Септуагинт I ғасырдың ортасынан бастап мәсіхшілер шіркеуінің Киелі кітабына айналған, әрі оның уағыздаушылары мәжілісханаларды аралап, “Иса — сол Мәсіхтің өзі” екенін Жазбалардан дәлелдеп жүрген (Елшілердің істері 17:3, 4; 20:20). Ф. Ф. Брюс мырза түсіндіргендей, осы себептен де яһудилердің көбісі енді Септуагинтке қызықпайтын болған.

Исаның шәкірттері Грек жазбаларының мәтінін қағаз бетіне түсіре келе, оларды Еврей жазбаларының Септуагинт аудармасына қосып отырды. Осылайша бүгін қолымызда бар Киелі кітаптың толық нұсқасы пайда болды.

ЛАТЫН ВУЛЬГАТАСЫ

Киелі кітап толық жазылып біткеннен 300 жылдай өткен соң, Иероним есімді дін мұғалімі оны латын тіліне аударды. Бұл аударма кейіннен Латын Вульгатасы деп танымал болды. Алайда бұнсыз да латын тілінде Киелі кітап нұсқалары көп еді. Оның тағы бір аудармасы не үшін қажет болды? Иероним “бұрыс аударылған жерлерін, анық көрініп тұрған қателерді және артық ой қосылған не алынып тасталған жерлерді” түзеткісі келді (“The International Standard Bible Encyclopedia”).

Ол өз мақсатына жетті де. Бірақ уақыт өте шіркеу басшылары Латын Вульгатасын шіркеу мақұлдаған Киелі кітаптың жалғыз аудармасы деп жариялап, оңбай қателесті! Бұл қателік бірталай ғасыр бойы түзелмеді. Вульгата халыққа Құдай Сөзін түсінікті етіп жеткізудің орнына, одан алыстатып жіберді. Өйткені сол дәуірде халықтың басымы латын тілін білмейтін.

ЖАҢА АУДАРМАЛАР КӨБЕЮДЕ

Уақыт өте келе Киелі кітаптың басқа да аудармалары пайда болды. Солардың бірі — б. з. V ғасыр төңірегінде жазылған әйгілі “Сирия Пешиттасы”. Бірақ қара құрым халық түсінетін тілдерге Киелі кітап тек XIV ғасырдан бастап қана аударыла бастады.

XIV ғасырдың аяғында Англиядағы Джон Уиклиф Киелі кітапты өлі тілдің құрсауынан босатып, оны өз еліндегі жұртшылық түсінетін ағылшын тіліне аудара бастады. Кейіннен Иоганн Гутенберг Киелі кітапты басып шығару әдісін ойлап тапты. Осының арқасында Киелі кітап зерттеушілері бүкіл Еуропа сөйлейтін түрлі тілдерде Киелі кітаптың жаңа нұсқаларын басып шығара алды.

Ағылшын тілінде аудармалар көбейе келе, сыншылар Киелі кітаптың бір тілде бірнеше нұсқасын шығаруға қарсылық білдіре бастады. Алайда XVIII ғасырда шіркеу қызметкері Джон Льюис былай деп жазды: “Тіл көнеріп, сөздер қолданыстан шығып қалады, сондықтан ескі аудармаларды өңдеп, бүгінгі ұрпақ сөйлейтін түсінікті тілде қайта жазу керек”.

Бүгінгі күні Киелі кітап зерттеушілерінің көне аудармаларды өңдеуге бар жағдайлары бар. Өйткені олар Киелі кітап жазылған көне тілдерді қазір жақсырақ түсінеді. Сондай-ақ қолдарында соңғы кезде табылған Киелі кітаптың ежелгі қолжазбалары бар. Осының бәрі Киелі кітаптың түпнұсқасын тура аударуға көмектеседі.

Киелі кітаптың жаңа аудармалары шынымен де бағалы. Арасында күмән тудыратын аудармалар кездесетіндіктен, сақ болу маңызды. Бірақ аудармашылар Киелі кітапты Құдайға деген зор сүйіспеншілікпен өңдеген болса, олардың еңбегі бізге көп пайда әкеледі.

Өз тіліңіздегі Киелі кітапты www.jw.org сайтынан онлайн оқуға не құрылғыңызға жүктеп алуға болады. Бұл үшін БАСЫЛЫМДАР / КИЕЛІ КІТАП деген жерді қараңыз.

ҚҰДАЙДЫҢ КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ ҚАСИЕТТІ ЕСІМІ

Исаның заманынан қалған Септуагинт қолжазбасындағы Құдайдың есімі

Исаның заманынан қалған “Септуагинт” қолжазбасындағы Құдайдың есімі

“Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасының” Еврей жазбалары мен Грек жазбалары бөлігінде де Құдайдың Ехоба деген қасиетті есімі жазылған. Бірақ Киелі кітаптың қазіргі аудармаларының көбісінде бұл есім қолданылмай, орнына “Ие” сөзі жазылып кеткен. Кей аудармашылардың айтуынша, Құдайдың тетраграмматонмен жазылған есімі (YHWH) Еврей жазбаларының грек тіліндегі аудармасында (“Септуагинт”) ешқашан кездеспеген. Бұл расында солай ма?

XX ғасырдың ортасында Исаның заманынан қалған көне “Септуагинт” қолжазбасының бөліктері табылды. Онда Құдайдың еврей әріптерімен жазылған қасиетті есімін кездестіреміз. Осыған қарағанда, сол заманнан кейін көшірмешілер Құдайдың қасиетті есімін алып тастап, орнына грек тілінің “Кириос”, яғни “Ие”, сөзін қолданып отырған көрінеді. Алайда “Жаңа дүние аудармасында” Құдай есімі өзінің Жазбаларда кездесетін тиісті орындарына қойылды.

КИЕЛІ КІТАП БҰРМАЛАНҒАН БА?

Өлі теңізде табылған Ишая шиыршығы

Өлі теңізден табылған 2000 жылдық Ишая шиыршығы. Оның мәтіні қазіргі Киелі кітапқа сай келеді

Әрине, Киелі кітап көшірмешілері бірде-бір қате жібермеген дей алмаймыз. Бірақ олардың ешқайсысы Киелі кітаптың мағынасын бұрмаламаған. “Мәсіхшілердің сеніміне негіз болып отырған басты ілімдердің бірде-бірі күмәнді сөздерге негізделмеген” (“Our Bible and the Ancient Manuscripts”).

Яһуди көшірмешілері болмашы ғана қателер жіберген. “Мәсіхшілер тарихының басында яһуди дін мұғалімдері еврей тіліндегі Киелі кітаптың көшірмелерін аса жоғары дәлдікпен жасаған” (“Second Thoughts on the Dead Sea Scrolls”).

Мысалы, Өлі теңізде табылған шиыршықтардың ішінде Ишая пайғамбардың шиыршығы осының алдында табылған мәтіндерден 1000 жыл көне екені анықталды. Оның қазір қолда бар мәтіннен айырмашылығы көп болды ма? Жоқ, “аз ғана жерде аса салмағы жоқ бір сөз қосылған не түсіп қалған” (“The Book. A History of the Bible”).

Әріптердің, сөздердің не тіркестердің орындары ауысып кетуі сияқты көшірмешілердің байқаусызда жіберген қателері кейіннен тез-ақ анықталып, түзетілді. “Әлемде Жаңа өсиет (Грек жазбалары) сияқты басқа ешқандай көне әдебиет жинағының мұншалықты бай жазба айғақтары жоқ” (“The Books and the Parchments”).

“Діншіл адамдар мынаған көз жеткізе алады: Мысырда табылған папирусқа жазылған ең ежелгі Киелі кітап пен кейіннен сан мәрте қолдан көшірілген не Еуропада сан мәрте басылып отырған мәтіннің айырмашылығы жоқ” (“The Book. A History of the Bible”).

Сонымен, Киелі кітап бұрмаланған дей аламыз ба? Әрине, жоқ!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу