Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp16 № 4 14—15 бет.
  • Өз нанымдарыңызды тексеріп көріңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өз нанымдарыңызды тексеріп көріңіз
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • НАНЫМДАРЫҢЫЗДЫ КИЕЛІ КІТАППЕН САЛЫСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
  • Құдай Патшалығы деген не?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Құдайдың Патшалығы деген не?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Иса Мәсіх деген кім?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Шынайы мәсіхшілер рухпен және шындықпен ғибадат етеді
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
wp16 № 4 14—15 бет.

Өз нанымдарыңызды тексеріп көріңіз

СІЗ қандай да бір дінді ұстанасыз ба? Бүгінде діндер мен діни ағымдар өте көп. Олардың үйрететін ілімдері де сан алуан. Сондықтан сіздің нанымдарыңыз басқа дінді ұстанатын адамдікінен өзгеше болуы мүмкін. Не нәрсеге сенетініміз қаншалықты маңызды? Егер сіз Киелі кітаптың үйретуі бойынша ғибадат еткіңіз келсе, бұл өте маңызды.

Иса пайғамбардың алғашқы ізбасарлары “мәсіхшілер” деп аталды (Елшілердің істері 11:26). Сол кезде мәсіхшілердің бір ғана діні болғандықтан, оларды айқындау үшін басқа атаулардың керегі болмады. Мәсіхшілікті ұстанатындар оның негізін қалаушы Иса пайғамбардың тәлімдері мен өсиеттерін еш бұрмаламай ұстанған. Ал сіздің нанымдарыңыз жайлы не деуге болады? Олар Иса пайғамбардың алғашқы шәкірттеріне үйреткен тәлімдеріне сай келе ме? Бұған көз жеткізудің бірден-бір жолы — Киелі кітаптың көмегімен нанымдарыңызды тексеріп көру.

Мына жайлы ойланып көрейікші: Иса пайғамбар Киелі кітапты Құдайдың Сөзі ретінде бедел тұтқан. Ол адам ойынан шыққан дәстүрлерді Киелі кітап тәлімдерінен артық көргендерді еш қолдамаған (Марқа 7:9—13). Сол себептен Исаның шынайы ізбасарлары өз нанымдарын Киелі кітапқа негіздейді деп сеніммен айта аламыз. Өзін мәсіхші санайтын әрбір адам “Менің нанымдарым Киелі кітапқа сай келе ме?” деп өзін тексергені жақсы. Ендеше осы сұрақтың жауабын іздеп көрейік.

Иса пайғамбар Құдайға деген ғибадатымыз Киелі кітаптағы шындыққа сай болу керектігін айтқан (Жохан 4:24; 17:17). Ал оның елшісі Пауыл “шындық жайлы тура білім алғандар” құтқарылады деген (Тімөтеге 1-хат 2:4). Иә, нанымдарымыздың Киелі кітаптағы шындық сөздеріне негізделгені өте маңызды. Өйткені біздің өміріміз соған байланысты!

НАНЫМДАРЫҢЫЗДЫ КИЕЛІ КІТАППЕН САЛЫСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Сізді қоршауда келтірілген алты сұрақты оқып, Киелі кітаптан берілген жауаптарға назар аударуға шақырамыз. Сондай-ақ төменде берілген қосымша тармақтарды Киелі кітаптан ашып қарап, жауаптарды ой елегінен өткізгеніңіз жақсы. Сосын “Нанымдарым Киелі кітапта айтылғандарға қаншалықты сай келеді?” деп ойланып көріңіз.

Қоршаудағы сұрақтар сізге өз нанымдарыңызды ең жақсы жолмен тексеріп көруге көмектеседі. Басқа да нанымдарыңызды Киелі кітапта айтылғандармен салыстырып көргіңіз келер ме еді? Ехоба куәгерлері сізге Киелі кітаптағы шындықты білуге қуана көмектеседі. Ол үшін солардың бірінен ақысыз Киелі кітап зерттеу сабағын өткізуді өтінсеңіз болады. Я болмаса www.jw.org сайтына кіріп көріңіз.

1-СҰРАҚ: Шынайы Құдай кім?

ЖАУАБЫ: Ехоба Құдай. Ол — Иса Мәсіхтің Әкесі, бүкіл тіршіліктің Жаратушысы әрі Құдіреті шексіз мәңгілік Құдай.

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Сендер үшін дұға еткен сайын, Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдайға үнемі алғыс айтамыз” (Қолостықтарға 1:3).

“Құдайымыз Ехоба, сен даңққа, құрмет пен күш-құдіретке ие болуға лайықсың! Өйткені бәрін жаратқан — өзіңсің” (Аян 4:11).

Сондай-ақ Римдіктерге 10:13; Тімөтеге 1-хат 1:17-ні де қараңыз.

2-СҰРАҚ: Иса Мәсіх деген кім?

ЖАУАБЫ: Ол — Құдайдың тұңғыш Ұлы. Құдай жаратқандықтан, оның бастамасы болған. Иса Құдайға мойынсұнып, оның еркін орындайды.

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Әкем менен ұлы” (Жохан 14:28).

“Ол [Иса] — көзге көрінбейтін Құдайдың кейпі, жаратылыс атаулының тұңғышы” (Қолостықтарға 1:15).

Сондай-ақ Матай 26:39; Қорынттықтарға 1-хат 15:28-ді де қараңыз.

3-СҰРАҚ: Киелі рух деген не?

ЖАУАБЫ: Киелі рух — Құдайдың өз еркін орындау үшін қолданатын күші. Бұл — тірі тұлға емес. Адамдар Киелі рухқа кенеле алады және сол арқылы күш-жігерге ие болуы мүмкін.

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Мәриямның сәлемін естігенде, Елізабеттің ішіндегі бала тыпырлап кетті. Сонда Елізабет киелі рухқа кенелді” (Лұқа 1:41).

“Алайда өздеріңе киелі рух қонғанда күш-қуатқа ие боласыңдар” (Елшілердің істері 1:8).

Сондай-ақ Мұсаның 1-жазбасы 1:2; Елшілердің істері 2:1—4; 10:38-ді де қараңыз.

4-СҰРАҚ: Құдай Патшалығы деген не?

ЖАУАБЫ: Құдай Патшалығы — көктегі үкімет. Бұл үкіметтің Патшасы — Иса Мәсіх. Жақында бұл Патшалық Құдайдың жерге қатысты бар ниетін жүзеге асырады.

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Жетінші періште кернейлеткенде, көкте: —Дүниенің үстінен патшалық ету билігі енді Иемізге және Мәсіхке тиесілі. Ол мәңгі бақи патшалық етеді!— деген қатты дауыстар естілді” (Аян 11:15).

Сондай-ақ Даниял 2:44; Матай 6:9, 10-ды да қараңыз.

5-СҰРАҚ: Жақсы адамдардың бәрі көкке бара ма?

ЖАУАБЫ: Жоқ. Құдай “кішкене отар” деп аталатын өзіне адалдық танытқан санаулы адамдар тобын көкке баруға таңдады. Олар Исамен бірге жер бетіндегі адамзаттың үстінен билік етеді.

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Қорықпа, кішкене отар, себебі Әкелерің сендерге Патшалықты беруді ұйғарды” (Лұқа 12:32).

“[Олар] Құдай мен Мәсіхтің діни қызметкерлері болып, Мәсіхпен бірге... патшалық етеді” (Аян 20:6).

Сондай-ақ Аян 14:1, 3-ті де қараңыз.

6-СҰРАҚ: Құдайдың жер мен адамзатқа қатысты ниеті қандай?

ЖАУАБЫ: Құдай Патшалығы кезінде жерде жұмақ орнайды және Құдайға адал болғандар жақсы денсаулыққа ие болып, бейбіт дүниеде мәңгілік бойы бақытты ғұмыр кешеді.

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Момындар жерді мұра етеді, керемет тыныштық орнағанын көріп, шаттыққа кенеледі” (Зәбүр 37:10, 11).

“Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Бұрынғы жайттар құрып жоқ болды” (Аян 21:3, 4).

Сондай-ақ Зәбүр 37:29; Петірдің 2-хаты 3:13-ті де қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу