Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 15.7. 20—21 бет.
  • Ісіңді кімнің байқайтыны маңызды ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ісіңді кімнің байқайтыны маңызды ма?
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КӨПШІЛІК КӨРМЕГЕН ӘСЕМ БҰЙЫМДАР
  • КӨПШІЛІКТІҢ ҚОШЕМЕТІНСІЗ-АҚ ҚАНАҒАТ ТАБУ
  • Ехобаның ісін атқаруға қабілеттіміз
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2020)
  • Құдай рухының жетелеуімен жүрген ертедегі адал адамдар
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Пікірлесу үлгілері
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2020)
  • Ғибадат етуге арналған шатыр
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 15.7. 20—21 бет.
Беселиел мен Ахолияп алтын керубтерді жасап жатыр

Ісіңді кімнің байқайтыны маңызды ма?

БЕСЕЛИЕЛ мен Ахолияпқа құрылыс ісі таңсық емес еді. Олар Мысырда құлдықта жүргенде қанша қыш құйғандарын өздері де білмесе керек. Бірақ ол кез өтті де кетті. Енді олар қас шебер болуды талап ететін іс атқару керек, себебі екеуіне киелі шатыр тұрғызу ісін басқару тапсырылған еді (Мұс. 2-ж. 31:1—11). Сөйтсе де олардың жасап шығарған керемет бұйымдарының кейбірін бірен-саран адам ғана көрген. Жұрттың көзіне түспегеніне олардың көңілі қалуы керек пе еді? Екеуінің ісін кімнің байқағаны шынымен маңызды болды ма? Ал сен үшін ісіңді кімнің байқайтыны маңызды ма?

КӨПШІЛІК КӨРМЕГЕН ӘСЕМ БҰЙЫМДАР

Киелі шатыр үшін жасалған кейбір бұйымдар ерекше әсем болған. Мысалға келісім сандығының қақпағындағы керуб мүсіндерін алайық. Елші Пауыл оларды салтанатты деп суреттеген (Евр. 9:5). Алтыннан жасалған сол мүсіндер неткен әдемі болды десеңші! (Мұс. 2-ж. 37:7—9).

Беселиел мен Ахолияп жасаған бұйымдар табылса, бүгінде ең танымал мұражайларға қойылып, көпшіліктің көзайымы болар еді. Бірақ сол керуб мүсіндері жасалып біткенде, оларды қанша адам көрді? Керубтер Ең қасиетті бөлмеде тұрған. Сондықтан оларды Күнәні өтейтін күні, яғни жылына бір-ақ рет, сол бөлмеге кіретін бас діни қызметкер ғана көретін (Евр. 9:6, 7). Сол себепті мүсіндерді көрген адам некен-саяқ еді.

КӨПШІЛІКТІҢ ҚОШЕМЕТІНСІЗ-АҚ ҚАНАҒАТ ТАБУ

Сен Беселиел мен Ахолияптың орнында болып, талай тер төгіп, өнердің шыңы саналатын бұйым жасадың делік. Ал оны бірен-саран адам ғана көретінін білсең, не сезінер едің? Бүгінде адамдар өзгелер мадақтап, қошемет жасаса, жетістікке жеткендей сезінеді. Олардың атқарған еңбегінің құндылығы осылай өлшенеді. Бірақ Ехобаның қызметшілері мұндай ойдан аулақ. Беселиел мен Ахолияп сияқты біз де Ехобаның еркін орындап, оған ұнамды болудан қанағат табамыз.

Исаның заманында дінбасыларына өзгелерді тамсандыра дұға ету тән болған. Бірақ Иса еш мақтау дәметпей, шын жүректен дұға ету дұрыс екенін айтты. Мұндай дұғаның нәтижесі қандай болар еді? “Бәрін көретін Әкелерің қарымталарыңды қайтарады”,— деді Иса (Мат. 6:5, 6). Дұғаң жөнінде басқалардың емес, Ехобаның не ойлайтыны маңызды. Иә, дұғаларыңның қаншалықты бағалы екені Ехобаның оны қалай қабылдайтынына байланысты. Қасиетті қызметіміз жөнінде де солай деуге болады. Қызметіміздің бағалылығын арттыратын — жұрттың қолпаштауы мен қошеметі емес, “бәрін көретін” Ехобаға ұнамды болуы.

Киелі шатыр толығымен біткенде, “кездесу шатырын бұлт жауып, киелі шатыр Ехобаның салтанатты ұлылығына кенелді” (Мұс. 2-ж. 40:34). Ехобаның ризалығының неткен анық көрінісі десеңші! Сеніңше, Беселиел мен Ахолияп не сезінді? Екеуінің қолынан шыққан бұйымдарда аттары жазылмағанмен, еңбектеріне Ехобаның батасын бергенін білгені оларды зор қанағатқа бөлесе керек (Нақ. с. 10:22). Одан кейінгі жылдары да өздері жасаған бұйымдардың Ехобаға қызмет ету үшін қолданылып жатқанын көргені жүректеріне жылу бергені даусыз. Беселиел мен Ахолияп жаңа дүниеде өмірге қайта оралып, киелі шатырдың 500 жылға жуық уақыт бойы шынайы ғибадаттың орталығы ретінде қолданылғанын білгенде, қуаныштарында шек болмайтынында күмән жоқ!

Бауырластар кішіпейілділікпен әртүрлі жұмыстар атқаруда

Бар ықыласыңмен, кішіпейілділікпен атқарған ісіңді ешкім көрмесе де, Ехоба көреді!

Бүгінгі таңда Ехобаның ұйымында қызмет етіп жүрген аниматорлар, суретшілер, музыканттар, суретке түсірушілер, аудармашылар мен жазушылар өз жұмыстарында аттарын көрсетпейді. Былайша айтқанда, олардың жұмыстарын ешкім көрмейді. Дүниежүзіндегі 110 000-нан аса қауымда атқарылып жатқан жұмыс жөнінде де солай деуге болады. Ал әр айдың соңында қажетті құжаттарды толтыратын қаржыға жауапты бауырластың еңбегін кім көреді? Уағыздау қызметі жөнінде есеп дайындайтын қауым хатшысының еңбегін ше? Патшалық сарайына жөндеу жұмыстарын жүргізетін бауырластар жөнінде не деуге болады?

Беселиел мен Ахолияп аса көркем, сапалы бұйымдар жасады. Әйткенмен өмірлерінің соңында мақтан ететін сый да, медаль да алған жоқ. Бірақ олар әлдеқайда құнды нәрсеге, Ехобаның мақұлдауына, ие болған еді. Біз олардың ісін Ехобаның байқағанына сенімдіміз. Олай болса, солардың кішіпейілділігі мен дайындық рухына еліктейік.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу