НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ИСА ПАЙҒАМБАР АДАМЗАТТЫ НЕДЕН ҚҰТҚАРАДЫ?
Иса пайғамбардың өлімін еске алу. Қашан және қайда?
Иса пайғамбар өлер алдындағы түні шәкірттеріне өзінің бергелі жатқан төлем құрбандығын еске алып тұруды өсиет етті. Ол шәкірттеріне: “Мені еске алу үшін осылай істеп тұрыңдар”,— деген (Лұқа 22:19).
Биыл Иса пайғамбардың өлімін Еске алу кеші 3 сәуірде, жұма күні, күн батқан соң өтеді. Ехоба куәгерлері сізді және отбасыңызды осы кешке келіп, баяндама тыңдауға шақырады. Баяндамашы Иса пайғамбар не үшін өлу керек болғанын және мұның сізге қандай қатысы бар екенін түсіндіреді.