Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w15 15.2. 15—18 бет.
  • Қызметке деген құлшынысыңды бәсеңдетпе

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қызметке деген құлшынысыңды бәсеңдетпе
  • 2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЖАҢА ЖАРИЯЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕКТЕС
  • ҚЫЗМЕТТЕ СЕРІГІҢМЕН СӨЙЛЕС
  • ЖЕКЕ ЗЕРТТЕУІҢ САПАЛЫ БОЛСЫН
  • ҚЫЗМЕТІҢДІ ТҮРЛЕНДІР
  • ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН МАҚСАТТАР ҚОЙ
  • Қызметімізді толықтай атқарып жүрміз бе?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2019
  • Исаға еліктеп, құлшыныспен уағыздаңыз
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Жаңа жариялаушыларға қалай көмектесе аламыз?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
  • Қызметіңізді қуанышпен атқара беріңіз!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2021
Көбірек мәлімет
2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w15 15.2. 15—18 бет.
Жариялаушы мынадай жағдайларға кезігеді: 1. Үйде ешкім жоқ; 2. Үй иесі немқұрайды; 3. Үй иесі шындыққа қарсы

Қызметке деген құлшынысыңды бәсеңдетпе

ЖЕР бетінде атқарылып жатқан ең маңызды іс — ізгі хабарды уағыздау ісі. Ехобаның куәгері болғандықтан, шәкірт дайындау ісіне қатысу сен үшін зор мәртебе болса керек. Бірақ ізашарларға да, қатардағы жариялаушыларға да құлшына қызмет ету қиынға соғатын кездер болады.

Қуанышты жариялаушы есік қағып тұр

Қызметке деген құлшынысыңды бәсеңдетпеуге не көмектеседі?

Мұның себебі — кей жариялаушылар адамдарды үйлерінен таппайтындықтан, ешкіммен жарытып сөйлесе алмайды. Үй иесі үйде болған күннің өзінде, оны Патшалық туралы хабар қызықтырмауы, тіпті оған қарсы болуы мүмкін. Ал өзге бір жариялаушылардың уағыздайтын аумағы ауқымды әрі жемісті. Бірақ олар оны ешқашан аралап біте алмаймыз деп қорқады. Уағыз ісі өздері ойлағаннан ұзақ уақытқа созылып жатқандықтан ұнжырғасы түсетін жариялаушылар да бар.

Құлшыныстарын бәсеңдететін қиындықтарға кезігіп жүргендері Ехобаның қызметшілерін таңғалдыруы керек пе? Жоқ. Біз Шайтан Ібілістің билігіндегі дүниеде Құдайдың шындығын жариялау оңай болады деп күтпейміз (Жох. 1-х. 5:19).

Уағыз ісінде қандай қиындыққа кезігіп жүрсең де, Ехобаның оларды жеңуге көмектесетініне сенімді бол. Ендеше, құлшынысыңды жандандыра түсу үшін не істеуіңе болады? Кейбір кеңестерді қарастырып көрейік.

ЖАҢА ЖАРИЯЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕКТЕС

Тәжірибелі жариялаушы жаңа жариялаушыға көмектесуде

Жыл сайын мыңдаған адам шомылдыру рәсімінен өтіп, Ехоба куәгерлерінің қатарына қосылады. Егер сен Құдайға бағышталып, жақында шомылдыру рәсімінен өткен болсаң, тәжірибелі жариялаушының көмегіне риза боларың сөзсіз. Ал егер біраз жылдан бері Патшалық туралы хабарды жариялап жүрсең, жаңадан келгендерге көмектесіп, қанағатқа бөлене аласың.

Иса шәкірттері жақсы тәлімгер болу үшін, оларға басшылық керек екенін біліп, қалай уағыздау керектігін үйреткен (Лұқа 8:1, 2). Бүгінгі күні де жаңадан келгендерді жақсы жариялаушы болуға үйрету керек.

Жаңа жариялаушы қызметке шыға берсе, өзі-ақ шебер тәлімгер болып кетеді деп ойламауымыз керек. Оған мейіріммен жөн-жосық сілтейтін адам қажет. Мұндай адам оған келесі жайттарды үйрететін шығар: 1) ұсыныс дайындап, оны айтып жаттығу, 2) үй иесімен не көшедегі адамдармен әңгіме бастау, 3) әдебиет ұсыну, 4) қызығушылық ояту, 5) зерттеу сабағын бастау. Үйренуші өзіне көмектесіп жүрген бауырластың қалай уағыздайтынын көріп, соның тәсілдеріне еліктейтін болса, нәтижесі жақсы болары сөзсіз (Лұқа 6:40). Қасында, қажет кезінде, сөзін іліп әкететін адамның жүргені оған сенімділік береді. Жаңа жариялаушы үшін мақтау сөздер мен тиімді кеңестердің де пайдасы зор (Уағ. 4:9, 10).

ҚЫЗМЕТТЕ СЕРІГІҢМЕН СӨЙЛЕС

Жариялаушы қызметтегі серігімен әңгімелесіп жатыр

Үй иесімен сөйлесуге қанша күш салғаныңа қарамастан, кей күндері қызметте ең жақсы әңгімелескен адамың серігің болады. Есіңде болса, Иса шәкірттерін қызметке “екі-екіден” жіберген (Лұқа 10:1). Уағызда жүргенде, жариялаушылар бір-бірінің рухын көтеріп, құлшынысын жандандыра алады. Осылай қызметте “өзара жігерленудің” керемет мүмкіндігі туады (Рим. 1:12).

Қызметте серігіңмен не туралы әңгімелесуге болады? Жақын арада сенің немесе серігіңнің қызметінде жігерлендірерлік оқиға болған шығар. Жеке не отбасылық зерттеу кезінде қызық ой тапқан боларсың немесе жиналыста айтылған ойлар рухыңды көтерген болар. Ал егер өзің жақын араласпаған бауырласпен қызметке шықсаң, шындыққа қалай келгені, неге Ехобаның халқына қосылуды шешкені туралы, сондай-ақ қызметі мен бастан өткен оқиғалары жайлы сұрауыңа болады. Я болмаса өзің туралы айтып берерсің. Қасымызда серігіміз болса, жұрттың ізгі хабарды қалай қабылдағанына қарамай, бір-бірімізді нығайтамыз (Сал. 1-х. 5:11).

ЖЕКЕ ЗЕРТТЕУІҢ САПАЛЫ БОЛСЫН

Жариялаушы жеке зерттеу үстінде

Құлшынысымыз бәсеңдемеу үшін жеке зерттеуіміз сапалы болу керек. “Адал да ақылды құл” басып шығаратын мәлімет сан алуан (Мат. 24:45). Демек, рухани дастарқанымыздағы зерттеуге болатын тақырыптар да сан алуан. Сондай тақырыптардың бірі — “Патшалық хабарын жариялау неге маңызды?”. 16-беттегі қоршауда мұның біраз себептері келтірілген.

Қоршауда келтірілген ойларды қарастырғаның құлшынысыңды жалындата түседі. Жеке зерттеуіңде мұның басқа да себептерін табуды мақсат ет. Сосын сол ойлар мен оларды қолдайтын тармақтар жөнінде ой жүгірт. Осылай етсең, құлшыныспен қызмет етерің сөзсіз.

ҚЫЗМЕТІҢДІ ТҮРЛЕНДІР

Екі жариялаушы ұсыныс айтып, жаттығып жатыр

Ехобаның ұйымы қызметімізді жақсартуға көмектесетін кеңестер беріп отырады. Мысалы, үйме-үй жүрумен қоса, хат арқылы, телефонмен, көшеде, көпшілік орындарда, бейресми не іскерлер аумағында уағыздауға болады. Сонымен қатар сирек уағыздалатын аумақта қызмет ету үшін шаруаларымызды ыңғайлай алатын шығармыз.

Сен осы ұсыныстарды қолданып көруге дайынсың ба? Бәлкім, кейбірін қолданған да шығарсың. Солай істеген біраз жариялаушы мұның тамаша жемісін көрді. Үш мысалды қарастырайық.

Эйприл есімді бауырлас зерттеу сабағын бастауға қатысты “Патшалық қызметімізде” берілген кеңесті қолдануды шешіп, үш әріптесіне Киелі кітапты зерттеуді ұсынады. Нәтижесінде олардың үшеуі де зерттеуге келісіп, қауымға келе бастайды. Бұған таңғалған Эйприл қатты қуанады.

Құрама Штаттардағы бір аудандық бақылаушы белгілі бір топқа арналған мақалалардың өз оқырманын табуға қатысты берілген кеңесті қолданыпты. Ол “Ояныңдар!” журналындағы шиналар туралы мақаланы өз аумағындағы шина сататын барлық дүкендердің меңгерушілеріне ұсынуды шешіпті. Бұған қоса, әйелі екеуі өздері қызмет ететін аумақтағы 100-ден аса дәрігерлер кеңсесіне “Дәрігерлердің еңбегін бағалаңдар” деген мақала жарияланған журналды үлестіріпті. Ол былай дейді: “Осылай біз барған жерлерімізге өзімізді де, әдебиетімізді де таныстырдық. Достық шыраймен әңгімелескеннен кейін, оларға қол үзбей барып тұрдық”.

Джуди есімді бауырлас телефонмен уағыздауға талпындырғандары үшін дүниежүзілік бас басқармаға ризашылығын білдіріп хат жазды. Оның 86 жастағы анасы денсаулығының нашарлығына қарамай, қасиетті қызметтің осы түріне қатысып, қазір 92 жастағы бір кісімен қуана-қуана зерттеу сабағын өткізеді екен.

Әдебиеттерімізде берілетін қызметімізге қатысты кеңестер өте тиімді. Оларды қолдан. Сонда зор қуанышпен құлшына қызмет етесің!

ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН МАҚСАТТАР ҚОЙ

Уағыз ісінің қаншалықты жемісті екені неден көрінеді? Оның негізгі көрсеткіші — қанша әдебиет таратқанымыз, қанша зерттеу сабағын өткізетініміз не біздің арқамызда қанша адамның шындыққа келгені емес. Нұх жайлы ойлап көрші: оның уағызына үй ішіндегілерінен басқа ешкім құлақ аспады. Сөйтсе де ол жақсы уағыздаушы болған. Ең маңыздысы, Нұх Ехобаға адал қызмет етті (Қор. 1-х. 4:2).

Қол жеткізуге болатын мақсаттар қойғандары көп жариялаушыларға қызметке деген жігерін қамшылай түсуге көмектескен. Бұл қандай мақсаттар? Олардың біразы осы беттегі қоршауда келтірілген.

Қызметіңді жемісті де мағыналы ету үшін Ехобаның көмегіне жүгін. Сонда алға қойған мақсаттарыңа қол жеткізгенде, ізгі хабарды уағыздау үшін қолыңнан келгеннің бәрін істегендіктен зор қанағат сезінесің.

Рас, уағыз ісінде қиындыққа кезікпей қоймаймыз. Сөйтсе де құлшынысыңды бәсеңдетпеуге көмектесетін бірнеше қадам бар: қызметке шыққан серігің екеуің бір-біріңді жігерлендіріңдер, жеке зерттеуің жүйелі әрі сапалы болсын, ақылды құл беріп отырған кеңестерді қолдан, қол жеткізуге болатын мақсаттар қой. Ал ең бастысы, мынаны ұмытпа: Ехоба зор мәртебе сыйлап, сені ізгі хабарды уағыздайтын Куәгері етті (Ишая 43:10). Иә, әрқашан құлшына қызмет ету зор қуанышқа бөлейді!

НЕГЕ ҚЫЗМЕТКЕ ДЕГЕН ҚҰЛШЫНЫСЫМЫЗДЫ БӘСЕҢДЕТПЕУ КЕРЕК?

  • Уағыздың арқасында Киелі кітаптағы пайғамбарлық орындалады (Мар. 13:10).

  • Шәкірт дайындау ісіне қатысуымызбен мойынсұнғыш екенімізді көрсетеміз (Мат. 28:19, 20).

  • Ехоба зұлымдарға ескерту жасалғанын қалайды (Езек. 3:19).

  • Ізгі хабарды уағыздау — біздің міндетіміз (Ел. іс. 20:26, 27; Рим. 1:14, 15).

  • Уағыздау ісіне қатыссақ, өзгелердің қаны біздің мойнымызда болмайды (Езек. 3:18).

  • Киелі кітаптағы шындықты айтсақ, өзіміз де, өзгелер де құтқарылады (Тім. 1-х. 4:16).

  • Ехоба туралы айту мен оны ел алдында ұлықтау — ғибадатымыздың маңызды бөлігі (Евр. 13:15).

  • Уағыз ісіне қатысуымызбен Ехоба мен Исаны жақсы көретінімізді паш етеміз (Жох. 14:15; Жох. 1-х. 5:3).

  • Қызметке шыққанымыз Шайтанның өтірікші екенін дәлелдеуге көмектеседі (Ишая 43:10—12; Қор. 2-х. 4:4).

ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАТЫН МАҚСАТТАР ҚОЙ

  • Бір апталық қызметіңе жоспар құр да, соны ұстан.

  • Зерттеу сабағын ұсынудың әр мүмкіндігін пайдалан.

  • Үй иесіне, кем дегенде, бір жазба орнын оқып бер.

  • Журналдарды көбірек ұсын.

  • Ізгі хабарды тыңдағандардың бәріне қайта бар.

  • Қызметтің әр түріне қатыс.

  • Әрдайым бейресми куәлік беруге дайын жүр.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу