Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w14 1.7. 10—12 бет.
  • Баланы қалай жөнге салу керек?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Баланы қалай жөнге салу керек?
  • 2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЖӨНГЕ САЛУ ДЕГЕН НЕ?
  • СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН ЖӨНГЕ САЛУ
  • ПАРАСАТТЫЛЫҚПЕН ЖӨНГЕ САЛУ
  • БІРІЗДІЛІКПЕН ЖӨНГЕ САЛУ
  • ЖӨНГЕ САЛУ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ
  • Ехобаның жөнге салғаны — жақсы көргені
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
  • “Түзетуді қабылда, сонда дана боларсың”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Жөнге салу — Ехобаның сүйіспеншілігінің дәлелі
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w14 1.7. 10—12 бет.

Баланы қалай жөнге салу керек?

“Мен әрбір өткен көліктің даусына елең етіп отырдым. Джордан осымен үшінші рет тілімізді алмай, үйге айтқан уақытта келмеді. “Ол қайда жүр? Бір нәрсеге ұрынып қалды ма? Біздің уайымдап отыратынымызды ол түсіне ме екен?” деген сұрақтар мені мазалады. Ол келгенде мен ашудан жарылайын деп отырдым”. ДЖОРДЖ.

“Қызымның кенеттен шыңғырып жібергенін естігенде, шошып кеттім. Бұрылып қарасам, ол басын ұстап, жылап тұр екен. Сөйтсем, төрт жасар ұлым оны ұрып жіберіпті”. НИКОЛЬ.

“Алты жасар қызымыз Натали: “Мен сақинаны ұрлаған жоқпын. Оны тауып алдым!”— деді. Ол тостағандай көздерімен өзінің кінәсіз екеніне сендіргісі келді. Оның өз дегенінен қайтпай тұрып алғаны жанымызды жаралағаны сонша — біздің көзімізге жас үйірілді. Өйткені біз оның өтірік айтып тұрғанын білген едік”. СТИВЕН.

АТА-АНА болсаңыз, жоғарыда айтылған сезімдер сізге таныс шығар. Сондай жағдайларға тап болғанда, “Баламды қалай жөнге салсам екен? Оны жазалағаным дұрыс па?” деп ойланатын шығарсыз.

ЖӨНГЕ САЛУ ДЕГЕН НЕ?

Киелі кітапта “жөнге салу” деген сөз жазалау сөзінің баламасы ретінде ғана қолданылмаған. Жөнге салу ең алдымен тәлім беру, үйрету және түзету дегенге нұсқайды. Бұл қорлық сөздер айту мен мейірімсіздік танытуды білдірмейді (Нақыл сөздер 4:1, 2).

Ата-ананың баласын жөнге салғанын бау-бақшаны өңдеумен салыстыруға болады. Бағбан жерді қопсытып, суарып, өсімдікті күтіп-баптайды және оны зиянкестер мен арам шөптерден қорғау үшін шаралар қолданады. Өсімдіктің жақсы әрі дұрыс өсуі үшін бағбан оның артық сабақтарын кесіп тұруы мүмкін. Ол түрлі әдістерді мұқияттылықпен қолданғанның арқасында өсімдік жайқалып өседі. Тура сол сияқты ата-аналар да балаларына түрлі жолдармен қамқорлық көрсетеді. Алайда оларға кейде балаларын жөнге салуға тура келеді. Бағбанның өсімдіктің артық сабақтарын кесіп отыратыны сияқты, ата-аналар да балаларының бұрыс бейімділіктерін ерте бастан түзетіп, оларға жақсы адам болып өсуге көмектеседі. Бірақ бағбан кесіп отыруды абайлап жасамаса, өсімдікке зақым келуі мүмкін. Ата-ана да баласын жөнге салғанда сүйіспеншілікпен әрекет еткені маңызды.

Киелі кітаптың авторы Ехоба Құдай осы орайда ата-аналарға керемет үлгі көрсетеді. Оның жердегі тілалғыш қызметшілеріне беретін тәрбиесінің тиімді әрі жағымды болғаны сонша — олар “тәрбиені ұнатады” (Нақыл сөздер 12:1). Оның қызметшілері “тәлімінен мықтап ұстанып, айырылып қалмауға” тырысады (Нақыл сөздер 4:13). Сіз де Құдайдың үлгісіне еліктеп, жөнге салғанда үш маңызды жайтты ескерсеңіз, балаларыңыздың тәлім-тәрбиеңізді қуана қабыл алуына көмектесесіз. Бұл үшін: 1) сүйіспеншілікпен, 2) парасаттылықпен және 3) бірізділікпен жөнге салу керек.

СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН ЖӨНГЕ САЛУ

Құдайдың тәлім-тәрбие беруіне негіз болатын әрі қозғау салатын қасиет — сүйіспеншілік. Киелі кітапта былай деп жазылған: “Иеміз өзі сүйетін әркімді түзетеді әрі тәрбиелейді. Әкесі сүйікті баласын да жазалайды қажет болғанда” (Нақыл сөздер 3:12). Бұған қоса, Ехоба “мейірімді де қайырымды, тез қаһарланбайды” (Мысырдан шығу 34:6). Сол себепті ол түзеткенде не жөнге салғанда ешқашан қатыгездік пен дөрекілік танытпайды. Сондай-ақ Ехоба “семсердей жаралайтын” мысқыл, кекесін не жанға бататын сөздерді қолданбайды (Нақыл сөздер 12:18 ЖД).

Анасы қызын шыдамдылықпен тыңдап отыр

ТЫҢДАҢЫЗ

Әрине, ата-аналар ұстамдылық танытуда Құдайдың кемелді үлгісіне толықтай еліктей алмайды. Кейде ашуыңызды тудыратын жағдайлар болғанда шыдамыңыз шегіне жетуі мүмкін. Алайда ашу үстінде әрекет ету шектен тыс әрі қатыгездікпен жазалауға әкелетінін және кері нәтиже беретінін есте ұстаңыз. Оның үстіне ашу-ызамен баланы жазалау жөнге салуға жатпайды. Бұл — жай ғана ұстамсыздықтың белгісі.

Егер балаңызды сүйіспеншілікпен әрі ұстамдылықпен жөнге салар болсаңыз, жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз. Мысалы, жоғарыда есімдері аталып кеткен Джордж бен Никольдің қиын жағдайларда қалай әрекет еткенін қарастырып көрейік.

Сүйіспеншілікке толы әке ұлымен бірге дұға етіп отыр

ДҰҒА ЕТІҢІЗ

“Джордан үйге кеш келгенде, әйелім екеуміз ашудан жарылайын деп отырдық. Бірақ біз оның кеш келуінің себебін тыңдау үшін, ұстамдылық таныттық. Тым кеш болып кеткендіктен, мәселені талқылауды таңертеңге қалдыруды шештік. Сөйтіп бәріміз бірге дұға етіп, ұйықтауға кеттік. Келесі күні біз болған жайтты сабырлықпен талқылауға дайын болдық және баламыздың жүрегіне әсер ете алдық. Сонда ол біздің қойған шектеулерімізді қабыл алып, істеген ісіне жауап беру керектігін түсінді. Қуанышымызға орай, ашу үстінде әрекет етудің жақсы нәтиже әкелмейтінін дер кезінде түсіндік. Иә, алдымен адамды тыңдап алу — қиындықты шешудің жақсы жолы”. Джордж.

Қамқор ана өзінің қызымен пікір алысып отыр

СӨЙЛЕСІҢІЗ

“Кіші ұлымның қызымды қатты ұрып жібергенін көргенде, ашуланып кеттім. Бірақ бірден шара қолданудан аулақ болып, балама бөлмесіне баруды бұйырдым. Өйткені ашуға булыққанда дұрыс әрекет ете алмайтынымды түсіндім. Кейінірек сабама түскен соң, қатыгездік көрсету мүлдем дұрыс емес екенін және оның ұрып жібергені әпкесіне қатты ауыр тигенін балама түсіндірдім. Бұлай еткенім жақсы нәтиже берді. Ол әпкесінен кешірім сұрап, оны құшақтады”. Николь.

Көріп отырғанымыздай, тіпті жазалау қажет болған күнде де, дұрыс жолмен жөнге салуға әрқашан сүйіспеншілік талпындыру керек.

ПАРАСАТТЫЛЫҚПЕН ЖӨНГЕ САЛУ

Ехоба тәрбиелегенде әрдайым “тиісінше жөнге салады” (Еремия 30:11; 46:28). Ол барлық жағдайды ескереді, тіпті алғашында анық көрінбейтін жайттарды да есепке алады. Ата-аналар одан қандай үлгі ала алады? Жоғарыда сөздері келтірілген Стивен былай дейді: “Қызымыз Наталидің сақинаға қатысты қайтпай өтірік айтып тұрғаны ауыр тисе де, біз оның жасын және әлі көп нәрсені түсіне бермейтінін ескеруге тырыстық”.

Никольдің күйеуі Роберт те барлық жағдайды ескеруге тырысады. Балалары бұзықтық жасағанда ол: “Балам бірінші рет бұлай етіп тұр ма, әлде бұл оның әдетіне айналып бара ма? Бәлкім шаршап не ауырып, мазасы болмай тұрған шығар? Жоқ әлде оның әрекетінің басқа бір себебі бар ма?”— деп ойланады.

Парасаттылықпен әрекет ететін ата-аналар балаларының кішкентай кейіптегі ересек адамдар емес екенін түсінеді. Бұл жайтты түсінген елші Пауыл былай деген: “Бала кезімде балаша сөйлеп, балаша ойлап, балаша пайымдадым” (Қорынттықтарға 1-хат 13:11). Роберт былай дейді: “Сабыр сақтап, ашуға бой алдырмау үшін, өзімнің бала кезімде қандай болғанымды үнемі есіме алып отырамын”.

Балаңыздан тым көп нәрсе күтпеңіз, бірақ бұрыс қылықтарына көз жұмып, оларды ақтауға да тырыспаңыз. Оның мүмкіндіктерін, шамасын және басқа да жағдайларды есепке алсаңыз, балаңызды парасаттылықпен жөнге сала аласыз.

БІРІЗДІЛІКПЕН ЖӨНГЕ САЛУ

Малахи 3:6-да Құдай өзі жайлы: “Мен, Жаратқан Ие, еш өзгермеймін”,— деген. Құдайдың қызметшілері оның бұл сөздеріне сенеді және Құдайдың әрдайым өз сөзінде тұратынын біледі. Ата-аналар да балаларын бірізділікпен жөнге салатын болса, балалар ата-аналарының өз сөздерінде тұратынын көреді. Бұдан олар қандай да бір тұрақтылықты сезеді. Егер сіздің талаптарыңыз көңіл-күйіңізге байланысты өзгеріп тұрса, балаңыз не істерін білмей абдырап қалуы мүмкін.

Иса пайғамбар: “Сендердің “иә” дегендерің “иә”, ал “жоқ” дегендерің “жоқ” болсын”,— деген. Бұл сөздер ата-аналарға да қатысты (Матай 5:37). Балаңыз тіліңізді алмағанда оны жазалайтыныңызды ескертіп, бірақ шын мәнінде оны орындау ойыңызда жоқ болса, мұндай ескертудің балаңызға пайдалы болатыны шамалы. Сондықтан балаңызға жаза қолданатыныңыз жайлы айтқанда, өз сөзіңізде тұрғаныңыз дұрыс.

Тәрбие беруге келгенде ата-ананың өзара келісіп алғаны да бірізділікпен жөнге салуға көмектеседі. Роберт былай дейді: “Әйелімнің не дегені жайлы білмей, балаларыма ол рұқсат етпеген нәрсені істеуге рұқсат етіп қойсам, кейіннен шешімімді әйелімдікіне сай өзгертемін”. Егер ата-ана қандай да бір жағдайға қатысты бір шешімге келе алмай жатса, олар мұны оңаша отырып талқылап, бір мәмілеге келіп алғандары жөн.

ЖӨНГЕ САЛУ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ

Егер сіз Ехоба Құдайға еліктеп, балаңызды сүйіспеншілікпен, парасаттылықпен және бірізділікпен жөнге салатын болсаңыз, еңбегіңіз жеміссіз қалмайды. Сіздің сүйіспеншілікпен берген тәрбиеңіз балаңызға ақылды, жауапкершілігі бар байсалды адам болып өсуіне көмектеседі. Киелі кітапта жазылғандай: “Баланы жастан салсаң тура жолға, есейгенде ол содан таймайды да” (Нақыл сөздер 22:6).

Жөнге салу үшін қажетті үш жайт:

  1. Сүйіспеншілік. Баланы жөнге салуға ашу емес, сүйіспеншілік негіз болу керек. Қиын жағдайға кезіккенде, ашуыңыз басылғанша, жөнге салуды кейінге қалдыра тұрыңыз.

  2. Парасаттылық. Барлық жағдайды, оның ішінде балаңыздың мүмкіндіктері мен шамасын, ескере отырып, парасаттылықпен жөнге салыңыз.

  3. Бірізділік. Балаңызға жаза қолданатыныңыз жайлы айтқанда, өз сөзіңізде тұрғаныңыз дұрыс.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу