Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w14 15.6. 8—11 бет.
  • Ажырасқан бауырластарға қалай көмектесе аламыз?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ажырасқан бауырластарға қалай көмектесе аламыз?
  • 2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КЕРЕҒАР СЕЗІМДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
  • ҚАЛЫПТЫ ӨМІРГЕ ОРАЛУ ҮШІН КҮШ САЛУ
  • ЖАЛҒЫЗДЫҚ ПЕН ЖАҒЫМСЫЗ СЕЗІМДЕРДІҢ ТУЫНДАУЫ
  • Ажырасудан кейінгі өмір
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ажырасудың балаға әсері
    Отбасыңыз берекелі болсын
  • Ата-анам ажырасса қайтем?
    Жастардың сауалдары
2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w14 15.6. 8—11 бет.

Ажырасқан бауырластарға қалай көмектесе аламыз?

Бәлкім, сіз ажырасып кеткен бір не бірнеше адамды танитын шығарсыз. Өйткені ажырасу бүгінде кең тараған жайтқа айналды. Мысалы, Польшада жүргізілген бір зерттеуге сай, неке құрғандарына үш не алты жыл болған 30 жастағы ерлі-зайыптылардың көбісі ажырасып кетеді екен. Алайда ажырасатын адамдардың қатары бұл жастағылармен ғана шектелмейді.

Қазақстан Республикасының статистика агенттігіне сай, “2013 жылдың қаңтар—наурызында 11 613 ажырасу тіркелді. 2012 жылдың қаңтар—наурызымен салыстырғанда, олардың саны 6,5%-ға өсті. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 100 тіркелген некеге 34 ажырасу келді”.

КЕРЕҒАР СЕЗІМДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Ажырасудың арты неге әкеп соғуы мүмкін? Шығыс Еуропадағы бір тәжірибелі отбасылық қарым-қатынас кеңесшісі былай дейді: “Ажырасу некедегі қарым-қатынастың үзіліп, ерлі-зайыптының айырылысқанын заңды түрде растайды. Ал бұл жанға өте ауыр тиеді”. Оның айтуынша, ажырасқаннан кейін адамның тұла бойын жиі ашу, өкініш, реніш, шарасыздық және ұят сияқты сезімдер билейді. Кейде мұндай сезімдер адамды өз-өзіне қол жұмсауға дейін итермелеуі мүмкін. Кейін бұл кеңесші былай деп қосты: “Ажырасу процесі толық аяқталған соң, келесі кезең басталады. Ажырасқан жұбайы өзін жалғыз қалғандай сезініп: “Енді мен кіммін? Өмірімнің мән-мағынасы неде?” деген сияқты ойлармен күресуі мүмкін”.

Бірнеше жыл бұрын қандай сезімде болғанын есіне алып, Еваa былай дейді: “Ажырасқаннан кейін көршілерім мен әріптестерім мені “ажырасқан әйел” деп атайтыны жайлы ойлағанда, қатты ұялатынмын. Бойымды ашу кернейтін. Екі баламен жалғыз қалғандықтан, маған олар үшін ана да, әке де болуға тура келді”. Ал 12 жыл бойы ақсақал болып қызмет еткен Артур былай дейді: “Мен өз-өзімді құрметтеуден қалдым. Кейде бойымды ашу кернеп, өзімді барлық адамдардан оқшау ұстағым келетін”.

ҚАЛЫПТЫ ӨМІРГЕ ОРАЛУ ҮШІН КҮШ САЛУ

Ажырасқаннан кейін жылдар өтсе де, болашақтары жайлы уайымдайтын жұбайларға өз-өздеріне келіп, қалыпты өмірге оралу үшін көп күш салу керек болып жатады. Олар “менің жағдайым ешкімді қызықтырмайды” деген тұжырымға келуі мүмкін. Сондай-ақ бір тілшінің айтуынша, ажырасқан адамдар енді “бұрынғы әдеттерін өзгертіп, қиындықтарды өз беттерінше шешуді үйренулері керек”.

Станислав былай дейді: “Ажырасқаннан кейін бұрынғы әйелім маған екі кішкентай қызыммен көрісуге кедергі жасады. Сондықтан маған жағдайымды ешкім ойламайтындай, тіпті Ехобаның өзі менен бас тартқандай көрінді. Менің өмір сүруге деген еш ықыласым болмады. Уақыт өте келе мен ой қалпымның дұрыс емес екенін түсіндім”. Ертеңгі күнге деген сенімсіздіктен уайым кешкен Ванда болса былай дейді: “Уақыт өте келе таныстарым да, бауырластарым да маған және балаларыма көңіл бөлмей қояды деп ойлайтынмын. Алайда бауырластардың бізді қаншалықты қамқорлағанын және олардың маған балаларымды шындықта тәрбиелеуге көп көмектескендерін қазір түсінемін”.

Жоғарыдағы пікірлерден көретініміздей, ажырасқаннан кейін кейбіреулер жағымсыз сезімдерге бой алдырып жатады. Олар өздерін түкке тұрғысыз, көңіл бөлуге лайықсыз сезініп, өз-өздерін аяуға бейім келуі мүмкін. Бұған қоса, олар өзгелерге сыншыл бола бастап, нәтижесінде, қауымдағы бауырластар суық, өзгелердің қиыншылығын түсінбейді деген ойға келуі де ықтимал. Алайда Станислав және Ванданың айтқан сөздерінен көрінетіндей, ажырасқан бауырластар бір сенімдегілердің шын мәнінде оларға қамқорлық көрсететінін түсініп жатады. Тіпті көмектері бірден көзге түспеген күнде де, бауырластар барынша көмектесуге тырысады.

ЖАЛҒЫЗДЫҚ ПЕН ЖАҒЫМСЫЗ СЕЗІМДЕРДІҢ ТУЫНДАУЫ

Көмектесуге көп күш салып жатқанымызға қарамастан, ажырасқан бауырластар арагідік жалғыздық сезінуі мүмкін. Әсіресе ажырасқан әйел бауырластарға олардың қамдарын ешкім ойламайтындай көрінуі мүмкін. Алисия есімді бауырлас былай дейді: “Менің күйеуіммен ажырасқаныма сегіз жыл болды. Бірақ мен әлі күнге дейін кейде өзімді жаман сезінемін. Сондай кездері мен жалғыз қалып, жылаймын да, сосын өзімді аяй бастаймын”.

Алайда ажырасқан бауырластардың барлығында жоғарыдағыдай сезімдер туындамауы мүмкін, десе де олар Киелі кітаптағы бөлектенбеуге қатысты кеңеске құлақ асулары қажет. Ал бұл кеңеске немқұрайды қарау “даналық атаулыға қарсы шығуға” әкеп соғуы мүмкін (Нақ. с. 18:1). Өзін жалғыз сезінетін адам қарсы жынысты адамнан қайта-қайта кеңес сұраудан не жұбаныш іздеуден аулақ болу арқылы даналық атаулыға қарсы шықпайтынын көрсете алады. Осылайша адам өзін орынсыз романтикалық сезімдер дамытудан қорғайды.

Ажырасқан бауырластарды болашаққа деген сенімсіздік, жалғыздық не өзін ешкімге керексіз сезіну сияқты жағымсыз сезімдер қажытуы мүмкін. Алайда мұндай сезімдер адамға тән нәрсе екенін және оларды жеңу оңайға соқпайтынын білгеніміз бізді Ехобаға еліктеп, бауырластарды барынша қолдауға талпындырады (Заб. 54:23; Пет. 1-х. 5:6, 7). Оларға көрсеткен кез келген көмегіміздің жоғары бағаланатынына сенімді болайық. Шынында да, олар қауымдағы нағыз достардан көмек пен қолдау таба алады! (Нақ. с. 17:17; 18:24).

a Кейбір есімдер өзгертілген.

Ажырасуға деген дұрыс көзқарас

Ехобаның қызметшілері некеге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Өйткені олар Киелі кітапқа сай көзқарас танытады. Мысалы, Малахи 2:16-да Құдай: “Мен ерлі-зайыптының ажырасқанын жек көремін!”— деп нақты айтқан. Жазбаларда ерлі-зайыптылардың бірі азғындық жасаған жағдайда ғана ажырасуға болатыны айтылған. Ал егер біреу Жазбаларға негізделмеген себеппен ажырасу жайлы ойланса, бәлкім, басқа біреумен қайта неке құру мақсатымен ажырасқысы келсе, ол үлкен қателік жасайды (Жар. 2:22—24; Заң. қ. 5:21; Мат. 19:4—6, 9).

Мәсіхші бауырлас жары адалдық танытпағандықтан ажырасқан болса, қауымдағы мәсіхшілер оған қолдау көрсетеді. Адал болып қалған “жүрегі жаралы” бауырласқа көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін істеу арқылы олар Ехобаға еліктейді (Заб. 33:16, 19; Ишая 41:10).

СЕН ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕ АЛАСЫҢ?

Сен жігер мен жұбаныштың қайнар көзі бола аласың ба? Жағымсыз сезімдермен күресіп жүрген бауырласқа көмектесу үшін не істей аласың? Бұған қатысты Киелі кітапта қандай кеңес жазылғанын және кейбір бауырластарымыздың басқаларға қалай көмек көрсеткенін қарастырайық.

Жақсы тыңдаушы бола біл (Нақ. с. 16:20, 23).

Адам өзінің ажырасып кетуіне қандай жайттар түрткі болғанын бүге-шігесіне дейін айтқысы келмеуі мүмкін екенін естен шығармайық. Өйткені көңілі құлазып тұрған адам ішкі дүниесін ақтарып айтса, кейде бұл оның уайымын жеңілдетпей, қайта оған кері әсер етуі мүмкін (Нақ. с. 12:25; Рим. 12:15). Алдыңғы мақалада есімі аталып кеткен Артурға қолдау көрсеткен Михал болған жайтты бүге-шігесіне дейін білмей-ақ жанашыр әрі жақсы тыңдаушы болудың мүмкін екенімен келіседі. Ол былай дейді: “Мен Артурға рухы күйреп тұрған адам жағымсыз сезімдерге бой алдырып, кейін өкініп қалатын жайттарды айтып қоюы мүмкін екенін түсінуге көмектестім”. Осылайша Михал болған жайтты толықтай білуге тырыспайтынын анық көрсетті. Десе де ол нағыз дос ретінде жақсы тыңдаушы бола білді. Біз де қауым кездесулері басталарда не біткеннен кейін: “Жағдайың қалай? Қазір саған оңай емес екенін түсінемін. Көмек қажет болып жатса еш қысылмай сұрай бер. Саған көмектесуге дайынмын”,— деген сияқты қарапайым сөздерімізбен оларға қолдау көрсете аламыз.

Шынайы қызығушылық білдір (Філіп. 2:4).

Мирослав есімді бауырлас былай дейді: “Біз әйелім екеуіміз жұбайынан ажырасып кеткен бір әйел бауырласқа көмектесу үшін арнайы уақыт бөлетінбіз. Мысалы, біз оның есігінің құлпын жөндеп бердік. Сондай-ақ ол дәрігерге қаралып жүргенде, оны емханаға көлігімізбен апарып тастадық”. Әрине, мұндай көмек қарапайым болып көрінетін шығар, алайда бұл пайдалы әрі нағыз көмек болды. Уақыт өте келе әлгі әйел бауырлас өз-өзіне келе бастады. Бұған қоса, ол ізашарлық қызметті бастады және оның 11 жасар қызы шомылдыру рәсімінен өтті.

Бауырласты Ехобаның жағдайды түсінетініне сендір.

Егер ажырасқан бауырлас өзін түкке тұрғысыз сезініп жүрсе, Ехоба әр қызметшісі үшін қам жейтініне оны сендірсең болады. Ехоба үшін біз “көп торғайдан әлдеқайда қымбатпыз” және әрбіріміз оның көз алдында бағалымыз (Мат. 10:29—31). Ехоба “адам жүрегін...тексереді”, сондықтан ол жұбайынан ажырасқан адамдардың сезімдерін жақсы түсінеді. Ол адал қызметшілерінің ешқайсысын тастамайды (Нақ. с. 17:3; Заб. 144:18; Евр. 13:5). Бауырластың қамын ойлайтыныңды көрсете отырып, Ехоба оның шындыққа деген сүйіспеншілігін және шынайы ғибадатты қолдау үшін күш салып жатқанын бағалайтынына сендір (Філіп. 2:29).

Қауымнан алыстамауға көмектес.

Адам кереғар сезімдерге бой алдырғанда, оған қауым кездесулеріне бару қиынға соғуы мүмкін. Алайда дәл осы кездесулер жігер мен жұбаныштың қайнар көзі болып табылады, өйткені ол жерде біз “бір-бірімізді нығайта” аламыз (Қор. 1-х. 14:26; Заб. 122:1). Осы ретте ақсақалдардың тарапынан жасалатын көмек өте бағалы. Алдыңғы мақалада аталып кеткен Ванда: “Бауырластардың танытқан сүйіспеншілікке толы қамқорлықтарын біз ешқашан ұмытпаймыз”,— дейді.

Дұға, жеке зерттеу және ой жүгірту арқылы Құдаймен қарым-қатынасын нығайтуға талпындыр (Жақ. 4:8).

Ехоба Құдіреті шексіз Құдай болса да және көкті мекен етсе де, “кішіпейіл, жаны күйзелген, әрі сөзін қастер тұтатын” адамдарға назар аударады. Ажырасқан адамды осы сөздердің растығына сендір және дұға мен жеке зерттеу арқылы Құдайға жақындай түскеніміз қиын шақтарда біздің өзімізге қалай көмектескенін айтып берсек болады (Ишая 66:2 ЖД).

Бірге қызметке шығуды және қауым кездесулеріне дайындалуды ұсын.

Бұлай еткеніміз жұбайымен ажырасқан бауырласқа әрі қарай да сенімділікпен өмір сүруге көмектеседі. Ажырасқаннан кейін рухы күйреген бір әйел бауырласқа көмектескен Марта былай дейді: “Біз жүйелі түрде қызметке шығатынбыз. Алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізгенімізді көргенде қуанатынбыз. Кейде біз бірге қауым кездесулеріне дайындалып, сосын дәмді тағам пісіретінбіз”.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу