Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w13 1.12. 8—10 бет.
  • Ехобаға қызмет ету — менің өмірлік ісім

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаға қызмет ету — менің өмірлік ісім
  • 2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙТЫН УАҚЫТ
  • ТҮРМЕДЕГІ ӨМІРІМ
  • БОСТАНДЫҚҚА ШЫҒУЫМ ЖӘНЕ МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТІМ
  • ОТБАСЫЛЫҚ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ
  • ҚЫЗМЕТІМДЕГІ ҚОСЫМША ӨЗГЕРІСТЕР
  • Құлағы естімейтіндердің арасынан шыққан бірінші Куәгер
    2015 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ехобаға қызмет ету өмірімді мән-мағынаға толтырды
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w13 1.12. 8—10 бет.

ӨМІРБАЯН

Ехобаға қызмет ету — менің өмірлік ісім

Айтып берген: Билл Уолден

Мен 1937 жылдың қаңтар айында орта мектепті бітіріп, Құрама Штаттардың орталық жағындағы үйіме жақын орналасқан Айова штаты Университетіне түстім. Сабақтан тыс уақытымда оқуыма төлеу үшін жұмыс істегендіктен, басқа істерге уақыт таппайтынмын. Жастайымнан биік ғимараттар мен аспалы көпірлердің құрылысын зерттеуді өмірлік мақсатым еткен едім.

1942 жылдың басында, Құрама Штаттардың Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқанынан көп ұзамай, менің оқып жатқаныма бес жыл болған еді, әрі сәулетші мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алуыма бірнеше ай ғана қалған болатын. Біз бөлмеде үш адам болып тұратынбыз. Бір күні көршілерімнің бірі маған төменгі қабаттағы жігіттерге келіп жүрген адаммен әңгімелесуді ұсынды. Ол Джон (Джонни) Бремер есімді Ехоба куәгері екен. Оның барлық дерлік сұрақтарға Киелі кітаптан жауап бергені мені қатты таңғалдырды. Содан мен Джоннимен жүйелі түрде Киелі кітап зерттеуді бастадым, ал кейінірек қолым босаған кездері онымен бірге уағызға шығатын болдым.

Джоннидің Оттоу есімді әкесі Уолнат (Айова штаты) қаласында бір банктің президенті болып қызмет атқарып жүргенде, шындықты естіп, Ехоба куәгері болыпты. Ол Құдайға толық уақытты қызмет ету үшін бұл жұмысынан шығып кеткен екен. Кейіннен Оттоудың және оның бүкіл отбасының керемет үлгісі маған өмірімде маңызды шешім қабылдауға көмектесті.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙТЫН УАҚЫТ

Бір күні университет деканы маған бағаларымның төмендеп кеткенін және бұрынғы бағаларымның жақсы болғанына қарамастан оқуды бітіре алмайтынымды айтты. Мен Ехоба Құдайға басшылық беруін сұрап, жалбарына дұға еттім. Осыдан көп ұзамай университет профессоры мені өзіне шақыртып, бір өнеркәсіпке инженер қажет деген хаттың келгенін айтты. Ол менен сұрамай сол жұмысқа баратынымды айтып қойған екен. Мен профессорға риза екенімді білдірдім, бірақ Ехоба Құдайға қызмет етуді өмірлік ісім етуге бел байлағанымды айтып түсіндірдім. Сөйтіп, 1942 жылдың 17 маусымында шомылдыру рәсімінен өттім және көп ұзамай-ақ ізашар (толық уақыт қызмет ететін Ехоба куәгері) ретінде тағайындалдым.

1942 жылдың соңына таман маған әскерге шақыру қағазы келді. Сонда әскерге шақыру бөліміне барып, ар-ұжданымның соғысқа қатысуға жібермейтінін айтып түсіндірдім. Сондай-ақ оларға профессорларымның жазған дәлелдеме хаттарын бердім. Онда мінез-құлқымның жақсы екені әрі білікті құрылысшы-инженер екенім жазылғанына қарамастан, маған 10 000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды және мен бес жылға Левенуэрт қаласындағы (Канзас штаты, АҚШ) түрмеге жабылдым.

ТҮРМЕДЕГІ ӨМІРІМ

АҚШ-тың Левенуэрт қаласындағы түрме. Бізді, шамамен 230 Куәгерді, сонда қамауға алған болатын

Левенуэрттегі федералды түрменің қарамағындағы ауылшаруашылық түрмесіне 230-дан астам жас Куәгер қамауға алынған еді. Онда біз бірнеше күзетшілердің бақылауымен түрлі жұмыстар істейтінбіз. Олардың кейбірі біздің мәсіхшілік бейтараптығымызды білетін және ұстанымдарымызға құрметпен қарайтын.

Кейбір күзетшілер бізге қауым кездесулерін өткізіп тұруға көмектесетін. Сондай-ақ түрмеге Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерімізді өткізуге жәрдемдесетін. Ал түрме бастығы болса “Жұбаныш” (қазір “Ояныңдар!” деп аталады) деген журналды алып тұруға жазылған болатын.

БОСТАНДЫҚҚА ШЫҒУЫМ ЖӘНЕ МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТІМ

Жаза мерзімінің үш жылын өтеген соң, 1946 жылы 16 ақпанда бостандыққа шықтым. Сол кезде Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына бірнеше ай ғана болған еді. Мен бірден ізашар ретінде толық уақытты қызмет ете бастадым. Мені Канзас штатындағы Левенуэрт қаласына тағайындады. Басында бұл қалаға қайта оралуға қатты қорықтым, өйткені онда адамдар Ехоба куәгерлерін жек көретін. Сондай-ақ маған жұмысқа орналасу оңайға соқпады, ал тұратын жер табу одан да қиын болды.

Бір күні үйден үйге Киелі кітап хабарын айтып жүргенімде, түрмеде күзетші болған кісіні кездестіріп қалдым. Ол маған “Бұл жерден табаныңды жалтырат!” деп айқай салды. Оның қолындағы бейсбол таяғын көргенде қорқып кеттім де, тез кетіп қалдым. Ал басқа бір үйге барғанымда бір әйел маған “Бір минут күте тұрыңыз” деді де, есігін жауып қойды. Кішкене күтіп тұрғаным сол еді, әлгі әйел екінші қабаттың терезесін ашып, лас жуындыны үстіме төгіп жіберді. Десе де менің қызметім батаға толы болды. Кейінірек білгенімдей, менен әдебиет алған кейбір адамдар Куәгер болыпты.

1943 жылы Нью-Йорктің солтүстік жағында миссионерлерге арналған жаңа мектеп ұйымдастырылды. Мен сол мектепке шақырылып, 1948 жылдың 8 ақпанында оныншы сыныпты бітіріп шықтым. Ол мектеп Күзет мұнарасының Ғалақад Киелі кітап мектебі деп аталды. Бітіру салтанаты кезінде мен Алтын жағалау еліне (қазір Гана деп аталады) тағайындалдым.

Алтын жағалау еліне келгенде, маған билік басындағылар мен еуропалықтарға уағыздау тапсырылды. Сенбі және жексенбі күндері мен Ехоба куәгерлерінің қауымымен қызметтес болып, оларға үйме-үй уағыздауға көмектесетінмін. Сондай-ақ шалғай аймақтарда тұратын Куәгерлерге барып, оларға уағыздауды үйрететінмін. Бұған қоса Піл сүйегі жағалауында (қазір Кот-д-Ивуар деп аталады) аудандық бақылаушы ретінде қызмет еттім.

Сол аймақтарда қызмет ете жүріп нағыз африкандықтар сияқты өмір сүруді үйрендім. Мысалы, мен балшықтан жасалған лашықта ұйықтауды, қолмен тамақ жеуді және ежелдегі исраилдіктер сияқты “сыртқа” шығуды да үйрендім (Заңды қайталау 23:12—14). Осылай еткеннің арқасында мен де, менімен бірге миссионер болып қызмет еткендер де жергілікті тұрғындардың көңілінен шықты. Кейбір билік басындағылардың әйелдері бізбен Киелі кітапты зерттей бастады. Бірде қарсыластарымыз бізге кедергі жасап, визамыздың күшін жою туралы бұйрық шығарды. Алайда бізбен зерттеген билік басындағылардың әйелдері күйеулеріне ықпал еткендерінің арқасында бұл шешім өзгертілді!

Африкадағы көптеген миссионерлер сияқты мен де безгек ауруына шалдықтым. Аурудың кесірінен мен бір тоңып, бір ысып, сандырақтай бастадым. Кейде тіпті жағымды дірілдемеу үшін ұстап тұруыма тура келетін. Осыған қарамастан қызметім маған әрі қарай да зор қуаныш пен қанағат әкеле берді.

Африкада қызмет еткен алғашқы төрт жыл бойы мен Ева Холкуистпен хат алысып тұрдым. Мен онымен Құрама Штаттардан көшіп кетпес бұрын танысқан болатынмын. 1953 жылы 19 шілдеде Нью-Йорктегі Янки стадионында өткен Ехоба куәгерлерінің халықаралық конгресінде Еваның Ғалақад мектебінің 21-ші сыныбын бітірейін деп жатқанын білдім. Содан мен Құрама Штаттарға жету үшін бір кеме капитанына жолығып, жолақының орнына кемеде жұмыс істеуге келістім.

Мінген кемем кей-кейде теңіз дауылына ұшыраса да, жиырма екі күннен кейін Құрама Штаттарға жеттім. Мен Евамен Ехоба куәгерлерінің Бруклиндегі бас басқармасында кездесуге келістім. Аспанмен ұштасқан Нью-Йорк қаласы көрінетін сол ғимараттың төбесінде тұрып, Еваға маған тұрмысқа шығуын өтіндім.

ОТБАСЫЛЫҚ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ

Евамен бірге Африкада бірнеше жыл қызмет еткен соң, әкемнің қатерлі ісіктің кесірінен өлім аузында жатқаны жайлы хат алдым. Тағайындалған жерімізден уақытша кетуге рұқсат алғаннан кейін, Ева екеуміз Құрама Штаттарға қайта оралдық. Әкемнің денсаулығы нашарлаған үстіне нашарлай беріп, ол ақырында қайтыс болды.

Ганаға қайта оралып, төрт жылдай қызмет еткеннен кейін, анамның денсаулығының нашарлағаны жайлы білдім. Кейбір достарымыз Ева екеумізге елімізге қайтып, анамызға қамқорлық етуге кеңес берді. Бұл біз үшін ең қиын шешім болды. 15 жылдық миссионерлік қызметімнің 11 жылын Евамен бірге өткізгеннен кейін, біз Құрама Штаттарға қайта оралдық.

Алтын жағалау еліндегі (қазіргі Гана) жергілікті көсеммен кездесуіміз

Жылдар бойы біз анамызға қамқорлық көрсетіп, шамасы болған кезде оны қауым кездесулеріне алып баратынбыз. 1976 жылы 17 қаңтарда анам 86 жасында дүниеден өтті. Алайда тоғыз жылдан кейін бізді бұдан да ауыр соққы күтіп тұрды. Евада қатерлі ісіктің бар екені анықталды. Біз бұл дертпен барынша күрестік, алайда Ева 1985 жылы 4 маусымда 70 жасында көз жұмды.

ҚЫЗМЕТІМДЕГІ ҚОСЫМША ӨЗГЕРІСТЕР

1988 жылы мен Ганадағы көлемі кеңейтілген филиалдың бағышталуына шақырылдым. Бұл естен кетпес оқиға болды! Осыдан қырық жылдай бұрын Ғалақад мектебін жаңадан бітіріп келгенімде, Ганада бірнеше жүз ғана Куәгер бар болатын. 1988 жылы олардың саны 34 000-нан асып кетті, ал қазір 114 000-ға таяп қалды!

Ганаға барып-келгеніме екі жыл болған соң, 1990 жылдың 6 тамызында, Еваның жақын досы Бетти Миллермен шаңырақ көтердім. Екеуміз Ехобаға деген қызметті өмірлік іс етуді жалғастырып келеміз. Біз жер бетіне жұмақ орнаған кезде ата-әжемізді, ата-анамызды және Еваны көруді аңсаймыз (Елшілердің істері 24:15).

Ехоба мені өзіне қызмет етуге 70 жылдан астам уақыт бойы қолданып келгенін ойласам, көзіме жас үйіріледі. Бұл мен үшін зор мәртебе! Өзіне қызмет етуді өмірлік ісім етуге басшылық бергені үшін Ехобаға ризашылығым шексіз. Қазір жасым 90-ға келсе де, әлемдегі ең ұлы сәулетші-инженер Ехоба Құдай өзіне әрі қарай да қызмет етуіме күш-жігер беріп келеді!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу