Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w13 1.6. 14—15 бет.
  • Қылмыскер жайлы үзіндіден не білеміз?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қылмыскер жайлы үзіндіден не білеміз?
  • 2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • “Жұмақта жүздескенше!”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • “Менімен бірге жұмақта боласың”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Кімдер қайта тіріледі және олар қайда өмір сүреді?
    Ұлы Ұстаздан үйренейік
  • Құдайдың жерге қатысты ниеті қандай?
    Құдайдан келген қуанышты хабар
Көбірек мәлімет
2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w13 1.6. 14—15 бет.

БАЛАЛАРЫҢЫЗҒА ТӘЛІМ БЕРІҢІЗ

Қылмыскер жайлы үзіндіден не білеміз?

Суретте көріп отырғаныңдай, әңгіме Исамен сөйлесіп тұрған қылмыскер жайлы болып отыр. Ол жасаған күнәларына өкініп, Исадан: “Патша болғаныңда, мені есіңе ала көр”,— деп өтінді. Суреттен көрінетіндей, Иса әлгі қылмыскерге тіл қатып тұр. Исаның оған не айтып тұрғанын білесің бе? ~a Иса оған: “Бүгін саған шындығын айтамын, менімен бірге жұмақта боласың”,— деп уәде етуде.

Қалай ойлайсың, ол жұмақ қандай болады? ~ Осы сұраққа дұрыс жауап беру үшін Құдай алғашқы еркек пен әйелге, Адам ата мен Хауа анаға, берген жұмақ туралы білейік. Бұл жұмақ қайда болған еді? Көкте ме, әлде жерде ме? ~

Егер жерде болған деп айтсаң, онда дұрыс жауап бердің. Демек, қылмыскер “жұмақта болады” дегенде, ол жұмақ орнайтын жерде өмір сүреді деп елестетуіміз керек. Ал сол жұмақ қандай болмақ? ~ Кел, көрелік.

Киелі кітапта жазылғандай, Ехоба Құдай жер бетінде жұмақты жаратып, алғашқы еркек пен әйелді, Адам ата мен Хауа ананы, сонда орналастырды. Ол Едем деп аталды. Едем бағы қаншалықты әдемі болғанын елестете аласың ба? ~ Иә, Едем бағына планетамыздағы ең керемет, ең әдемі деген жердің ешқайсысы тең келмейді.

Қалай ойлайсың, Иса күнәларына өкінген қылмыскермен бірге жер бетінде жұмақта бола ма? ~ Жоқ, ол уақытта Иса көкте Патша болып, жұмақ орнаған жер бетіне билік ететін болады. Иса қылмыскерді қайта тірілтіп, оның жұмақ орнаған жер бетінде бақытты өмір сүруі үшін қам жасайды. Осы мағынада Иса онымен бірге болады. Бірақ неге Иса қылмыскер болған адамға жұмақта өмір сүруге мүмкіндік береді? ~ Кел, сол туралы білейік.

Сол қылмыскердің бұзақылық жасағаны рас. Бірақ жер бетінде өмір сүрген миллиардтаған адамдар да солай еткен. Олардың көбісі Ехоба туралы және оған не ұнайтыны жайлы білмегендіктен жаман істер жасаған.

Сондықтан сондай адамдар да, Исамен сөйлескен қылмыскер де жер бетіндегі жұмақта қайта тіріледі. Олар Құдай еркі туралы білетін болады. Сонда олар Ехобаны жақсы көретіндерін дәлелдей алады.

Олар мұны қалай дәлелдей алатынын білесің бе? ~ Құдайға ұнайтынды істеу арқылы. Сол кезде Құдайды және бір-бірін жақсы көретін адамдармен бірге жұмақта өмір сүру керемет болады емес пе?!

[15-беттегі сурет]

Киелі кітаптан оқу:

  • Лұқа 23:32—43

  • Жаратылыс 2:7—9

  • Аян 21:3—5

a Егер балаңызбен бірге оқып отырсаңыз, сұрақтан кейінгі тильда (~) белгісі келгенде, кідіріс жасап, баланы өз ойын айтуға талпындырсаңыз болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу