“Рақмет” деп айтуды ұмытпаңыз!
АЛҒЫС сөздер жазылған ашықхатты соңғы рет қашан алдыңыз? Ал өзіңіз соңғы рет қашан жазып жібердіңіз?
Электронды байланыс түрлері дамыған қазіргі заманда алғыс сөздер жазып, ашықхат беретіндер кемде-кем. Алайда адамдарға ашықхатта “рақметімізді” жазып жіберу — олардың жасаған жақсылықтарына деген ризашылығымызды білдірудің керемет жолы. Төменде мұны қалай істеуге болатынын көрсететін бірнеше кеңестер ұсынылған:
1. Ашықхатты қолмен жазғаныңыз абзал. Бұлай еткеніңіз адамға жеке көңіл бөліп жазғаныңызды көрсетеді.
2. Алғыс білдіргіңіз келген адамның атын жазыңыз.
3. Егер сыйлық алған болсаңыз, сол сыйлыққа ризашылығыңызды білдіріп, оны қалай қолданғыңыз келетінін де айтып өтіңіз.
4. Хатыңыздың соңында тағы бір рет алғысыңызды білдіріңіз.
Алғыс сөздер хат алушының жүрегіне жылу беріп, жүзін жадыратады.
Мысалы, келесі жолы сізге біреу қонақжайлылық танытса, қол ұшын берсе не сыйлық сыйласа, мұны кәдімгі нәрсе деп қарастырмайтыныңызды көрсетіңіз. “Рақмет” деп айтуды ұмытпаңыз!