КИЕЛІ КІТАП. СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
Киелі кітапты түсіну мүмкін бе?
Киелі кітап — Құдайдың Сөзі. Оны сүюші әкенің балаларына жазған хатымен салыстыруға болады (Тімөтеге 2-хат 3:16). Киелі кітапта “Құдайға қалайша ұнамды бола аламыз?”, “Неге ол зұлымдыққа жол беруде?” және “Келешекте ол адамзат үшін не істейді?” деген сұрақтарға жауап беріледі. Алайда дін мұғалімдері Киелі кітаптағы ілімдерді бұрмалап түсіндіретіндіктен, көп адам бұл кітапты түсіну мүмкін емес деп ойлайды (Елшілердің істері 20:29, 30).
Ехоба Құдай өзі туралы шындықты білгенімізді қалайды. Сол себепті ол біз түсіне алатын кітап берді (Тімөтеге 1-хат 2:3, 4 оқыңыз).
Киелі кітапты түсінуге не көмек болады?
Ехоба Киелі кітапты берумен қатар, оны түсінуіміз үшін де қам жасады. Адамдарға тәлім беру үшін ол Иса пайғамбарды жіберді (Лұқа 4:16—21). Түрлі тармақтардың мәнін аша отырып, Иса пайғамбар тыңдаушыларына Жазбаларды түсінуге көмектесті (Лұқа 24:27, 32, 45 оқыңыз).
Иса пайғамбар өзі бастаған іс әрі қарай жалғасу үшін мәсіхшілер қауымын құрды (Матай 28:19, 20). Бүгінде оның шынайы ізбасарлары адамдарға Киелі кітаптың Құдай жайлы неге үйрететінін түсінуге көмектесіп жүр. Жазбаларды түсінуді қаласаңыз, Ехоба куәгерлері сізге де қуана көмектеседі (Елшілердің істері 8:30, 31 оқыңыз).