КИЕЛІ КІТАП. СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
Неліктен Иса Құдай ұлы деп аталған?
Құдай тура мағынада әйелге қосылып, балалы болған жоқ. Ол — тіршілік атаулының Жаратушысы. Адам баласы Құдайдың қасиеттеріне еліктей алатындай етіп жаратылған. Сондықтан да Құдай жаратқан алғашқы адам, яғни Адам ата, “Құдай ұлы” деп аталған. Сол сияқты, Иса да Құдайдың қасиеттерін таныта алатындай етіліп жаратылғандықтан, ол да “Құдайдың Ұлы” деп аталған (Лұқа 3:38; Жохан 1:14, 49 оқыңыз).
Иса қашан жаратылған?
Құдай Исаны Адам атадан бұрын жаратқан. Шын мәнінде, Иса жаратылыстардың ең алғашқысы болған, сосын Құдай ол арқылы, періштелерді қоса алғанда, барлығын жаратқан. Сол себепті Киелі кітапта Иса “жаратылыс атаулының тұңғышы” делінген (Қолостықтарға 1:15, 16 оқыңыз).
Иса Бетлехемде туылмас бұрын, рухани тұлға ретінде аспанда өмір сүрген. Уақыты келгенде адам болып туылу үшін, Құдай Исаның өмірін Мәриям атты пәк қыздың құрсағына салды (Лұқа 1:30—32; Жохан 6:38; 8:23 оқыңыз).
Неліктен Құдай Исаны адам ретінде дүниеге әкелді? Иса қандай ерекше рөл атқарған? Бұл сұрақтардың жауабын Киелі кітаптан таба аласыз. Сонда Құдай мен Исаның сіз үшін не жасағанын тереңірек түсініп, бұған деген ризашылығыңыз арта түседі.