КИЕЛІ КІТАП. СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
Құдайдың есімі бар ма?
Отбасында әрқайсысының өз есімі бар. Біз тіпті үй жануарларына да ат қоямыз. Олай болса, Құдайдың да есімінің болуы қисынды емес пе? Киелі кітапта Құдай — Әлемнің Иесі, Құдіретті Құдай не Жаратушы деген атаулармен сипатталған. Алайда оның жеке есімі бар (Мысырдан шығу 3:15 сілтемесін оқыңыз).
Киелі кітаптың көптеген аудармаларында Құдайдың есімі Забур 82:19-да кездеседі. Мысалы, “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасында” бұл жазба орны: “Адамдар сенің есімің Ехоба екенін және сен ғана жер бетіндегілерден Ең Жоғарғы екеніңді білсін”,— деп тәржімеленген.
Неге Құдайдың есімін қолдануымыз керек?
Жақын достарымызбен сөйлескенде, олардың есімін қолданамыз
Құдай өзінің есімін қолданғанымызды қалайды. Жақын достарымызбен сөйлескенде, олардың есімін атаймыз ғой? Онда неліктен Құдайға дұға еткенде оның есімін атамасқа? Оның үстіне, Иса пайғамбар бізді Құдайдың есімін қолдануға шақырған (Матай 6:9; Жохан 17:26 оқыңыз).
Алайда Құдайдың досы болу үшін оның есімін біліп қана қою жеткіліксіз. Біз ол туралы көбірек білуіміз керек. Мысалы, Құдай шын мәнінде қандай? Оған жақындау мүмкін бе? Бұл сұрақтардың жауабын Киелі кітаптан таба аласыз.