Оқырман қауымға
Сіз оқып отырған осы журнал 1879 жылдан бері басылып келеді. Сол уақыттан бері заман талабы өзгерді, біздің журналымыз да өзгерістерден шет қалған жоқ (Жоғарыдағы суреттерді қараңыз.). “Күзет мұнарасының” осы санынан бастап, журналда біраз өзгерістер жасалғанын байқайсыз. Бұл қандай өзгерістер?
Көп елдерде мәліметті онлайн оқуды ұнататын адамдардың саны күннен-күнге артуда. Олар тышқан батырмасын шертіп-ақ Интернеттен ғана оқуға болатын мәлімет көзін таба алады. Қазір көптеген кітаптарды, журналдар мен газеттерді онлайн оқуға болады.
Осы үрдісті есепке ала отырып, біз www.jw.org веб-сайтымызды әлдеқайда қызықты әрі қолдануға ыңғайлы ету үшін, оны толықтай өзгерттік. Сайтымызға кірушілер 430-дан астам тілде басып шығарылатын әдебиеттерімізді оқи алады. Ал осы айдан бастап, журналымызда жүйелі түрде басылып келген кейбір айдарларды енді тек веб-сайтымыздан ғана табуға боладыa.
Енді кейбір мақалалар тек онлайн шығатындықтан, осы айдан бастап, ұсынуға арналған “Күзет мұнарасының” көлемі 32 беттен 16 бетке қысқарды. Осы күнге дейін “Күзет мұнарасы” журналы 204 тілде басылып келді. Ал енді көлемі қысқарғандықтан, журналды одан да көп тілге аудару мүмкін болып отыр.
Бұл өзгерістер Киелі кітаптағы өмір сақтайтын хабарды көбірек адамға жеткізуге жол ашады деп үміттенеміз. Біз Киелі кітапты құрметтейтін әрі оның шын мәнінде неге үйрететінін білгісі келетін оқырмандарымыздың игілігі үшін, оларға пайдалы әрі қызықты болатын мәліметтерді бұдан былай баспа түрінде де, онлайн түрінде де молынан қамтамасыз ете бермекпіз.
Баспагерлер
a Тек онлайн түрінде оқуға болатын мақалалардың арасында жастарға Киелі кітапты тереңірек түсінуге көмектесетін “Жастарымызға арналған” айдары мен ата-аналарға үш жасқа дейінгі балаларымен зерттеуге арналған “Киелі кітаптан білгенім” деген айдар бар.