Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 15.10. 17—21 бет.
  • 60 жыл доспыз әрі бұл достығымыздың бастамасы ғана!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 60 жыл доспыз әрі бұл достығымыздың бастамасы ғана!
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ГЕРМАНИЯҒА ҚАРАЙ ЖОЛ
  • “ФЕРБОТЕН!”
  • ДОСТАРЫМЫЗДАН ҮЙРЕНГЕНІМІЗ
  • БАҚЫТТЫ ОТБАСЫЛАР
  • МӘҢГІЛІК ДОСТАР
  • Толық уақытты қызметтің маған дайындаған сыйы
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 15.10. 17—21 бет.

Өмірбаян

60 жыл доспыз әрі бұл достығымыздың бастамасы ғана!

Итака қаласында (Нью-Йорк штаты, АҚШ) 1951 жылдың бір жазғы кешінде 20 жасар төрт жігіт телефон будкаларында Мичиган, Айова мен Калифорниядағы туыстары және достарымен сөйлесіп тұрды. Олардың айтар жақсы хабарлары бар еді.

СОЛ жылдың ақпан айында 122 ізашар Саут-Лансингке (Нью-Йорк штаты) Ғалақад мектебінің 17-сыныбында оқуға келген болатын. Болашақ миссионерлердің арасында Лоуэлл Тёрнер, Уильям (Билл) Кастен, Ричард Келси және Реймон Темплтон болды. Көп ұзамай мичигандық Лоуэлл мен Билл, айовалық Ричард және калифорниялық Реймон төртеуі бір-біріне бауыр басып, достасып кетті.

Бес айдан соң дүниежүзілік бас басқармадан Нейтан Норр бауырластың Ғалақад түлектерінің алдында сөз сөйлейтіні белгілі болды. Төрт дос, мүмкін болса, бір елде қызмет еткілері келетінін айтып қойған болатын. Енді Нейтан бауырлас олардың қай жерге тағайындалғаны туралы хабарлай ма? Әлбетте!

Нейтан бауырлас оқушылардың қай елдерге тағайындалғанын хабарлай бастағанда, кездесуге келгендер демін ішіне тартып тыңдады. Мінбеге бірінші болып төрт ер бауырлас шақырылды. Қобалжып тұрған бұл бауырластар бір елге тағайындалғанын білгенде, қатты қуанды. Олардың Германияға баратындарын естігенде, таңғалған сыныптастары ду қол шапалақ ұрды.

Германияда 1933 жылдан бастап Гитлердің режимі кезінде адалдығын сақтаған бауырластарына Ехоба куәгерлерінің барлығы тәнті еді. Ғалақад оқушылары Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропадағы бауырластарына киім-кешектер мен гуманитарлық көмек жіберуге атсалысқандарын естеріне алды. Құдайдың Германиядағы қызметшілері зор сенім, батылдық және Ехобаға арқа сүйеуге қатысты керемет үлгі болды. Сол кезде Лоуэлл “енді бізде сол аяулы бауырластарымызбен танысуға мүмкіндік болады” деп ойлаған екен. Иә, төрт жігіттің сол бір жаздың кешінде туыстары мен достарына неліктен хабарласуға асыққаны түсінікті-ақ!

ГЕРМАНИЯҒА ҚАРАЙ ЖОЛ

Төрт дос 1951 жылдың 27 шілдесінде Нью-Йорктегі Ист-Ривер портынан “Хоумленд” кемесімен Германияға қарай 11 күндік жолға шығады. Ғалақад оқытушыларының бірі Альберт Шредер (кейін ол Басқарушы кеңестің мүшесі болды) оларға неміс тілінде бір-екі сөз үйреткен болатын. Ал енді бірнеше неміс жолаушымен бірге келе жатқан соң, олар тілді көбірек үйренеміз деп ойлады. Бірақ жолаушылардың неміс тілінің өзге диалектілерінде сөйлегені бауырластарды шатастырып жіберді.

Саяхат кезінде теңіз ауруына шалдыққан бауырластар ақырында 7 тамыз, сейсенбі күні таңертең Германияның Гамбург қаласына табан тіреді. Алты жыл бұрын аяқталған соғыс өзінің ізін әлі жасырып болмағанын көргенде, олардың көңілдері түседі. Сөйтіп, олар кешкі пойызға отырып, филиал орналасқан Висбаден қаласына қарай жол тартады.

Сәрсенбі күні таңертең олар нағыз неміс есімді бауырласпен кездесті. Ханс бауырлас олар кездестірген Германиядағы алғашқы Куәгер еді. Бауырлас оларды вокзалдан Бетелге алып келіп, ағылшынша білмейтін қарт әйел бауырласқа тапсырып кетеді. Әйел бауырлас “қаттырақ сөйлесем, бауырластар мені түсінеді” деп ойласа керек. Алайда дауысын қаттырақ шығарғаны өзін де, төрт ер бауырласты да шаршатып жібереді. Ақыр аяғында, филиал қызметшісі Эрих Фрост келеді. Ол бауырластарды жылы қарсы алып, ағылшын тілінде сөйледі. Осылайша бәрі өз орнына келе бастады.

Тамыз айының соңына таман бұл төрт бауырласымыз Франкфурт қаласында өткен “Таза ғибадат” деп аталатын конгреске қатысты. Бұл олардың Германияда көрген алғашқы конгрестері еді. Конгреске жиналғандардың ең жоғарғы саны 47 432 адам болды, ал 2373 адам шомылдыру рәсімінен өтті. Бұл төрт бауырластың уағыздауға деген құлшыныстары мен миссионерлік рухтарын қайта жандандырды. Алайда бірнеше күн өте Нейтан бауырлас олардың Бетелге тағайындалғандарын айтады.

Кейінгі уақытта сол қызметтен алған қуаныштары Ехоба бәрін бізден жақсы білетініне көздерін жеткізді

Реймон миссионерлік қызметті жақсы көргендіктен, Құрама Штаттардағы Бетелде қызмет етуден бас тартқан еді. Ричард пен Билл да бетелдік қызмет туралы ешқашан ойламаған екен. Алайда кейінгі уақытта осы қызмет түрінен алған қуаныштары Ехоба бәрін бізден жақсы білетініне көздерін жеткізді. Өзінің қалауымен емес, Ехобаның басшылығымен жүру неткен даналық! Осыны түсінген адам Ехобаға кез келген жерде, кез келген қызметті атқаруға қуанышты болады.

“ФЕРБОТЕН!”

Германиядағы Бетел отбасының көптеген мүшелері араларында ағылшын тілін жетілдіруге көмектесетін америкалық бауырластардың барына қуанды. Алайда бірде асханада олардың бұл қуаныштары су сепкендей басылды. Фрост бауырлас өз әдетінше шабыттана сөйлеп, неміс тілінде маңызды нәрсе жайлы айта бастады. Көбісі үнсіз қалып, көздерін төмен түсіріп отырды. Жаңа бетелдіктер ештеңені түсінбесе де, әңгіме олар жайлы болғанын ұға бастады. Фрост бауырлас екпін түсіру үшін тағы бір рет қатты дауыспен “ФЕРБОТЕН!” (“Болмайды!”) деп айтқанда, олар одан сайын уайымдап кетті. Осыншама ашуланатындай олар не істеп қойды екен?

Ас ішіп болған соң, барлығы өз бөлмелеріне кетуге асықты. Кейін бір бауырлас былай деп түсіндірді: “Бізге көмектесе алуларың үшін неміс тілін білулерің керек. Сондықтан да Фрост бауырлас сендер немісше сөйлеп кетпейінше, сендермен ағылшынша сөйлесуге “БОЛМАЙДЫ” деді”.

Бетел отбасы лезде басшылыққа мойынсұнды. Осының арқасында жаңадан келгендер неміс тілін үйренді. Сондай-ақ бұл барлығы үшін жақсы сабақ болды. Оларға сүюші бауырластың кеңесін орындау басында қиын болғанымен, артынша игілік әкелетінін түсінді. Фрост бауырлас ол кеңесті Ехобаның ұйымының мүддесін ойлағандықтан және бауырластарды сүйгендіктен берген едіa. Сондықтан кейіннен бұл төрт дос осы бауырласқа бауыр басып кетті.

ДОСТАРЫМЫЗДАН ҮЙРЕНГЕНІМІЗ

Құдайдан қорқатын достарынан адам көп жақсы нәрсеге үйрене алады. Нәтижесінде оның Ехобамен де қарым-қатынасы нығая түседі. Төрт дос Германиядағы көптеген адал бауырластардан және бір-бірінен көп нәрсеге үйренді. Ричард былай деп түсіндіреді: “Лоуэлл неміс тілін кішкене білетін, сондықтан оған оңайырақ болатын. Ал қалғандарымыз біраз қиналып жүрдік. Ол арамызда үлкеніміз болғандықтан, тілге қатысты сұрақтарымыз болғанда не басшылық қажет болғанда, соған баратынбыз”. Реймон былай деп есіне алады: “Германияда қызмет еткенімізге бір жыл болғанда, бір швед бауырлас алғашқы демалысымызды Швейцариядағы үйінде өткізуді ұсынды. Менің қуанышым қойныма сыймады! Екі апта бойы неміс тілінен демалып, өзімізбен-өзіміз болғанға не жетсін! Алайда мен Лоуэллді ескермеппін. Ол күнде таңертең күнделікті тармақты неміс тілінде оқып, талқылауымыз керек деп тұрып алды. Сол кезде ашуымның келгені-ай! Бірақ бұл бізге жақсы сабақ болды. Шын жүректен қамыңды ойлайтын адамдармен кейде келіспесең де, айтқанын орында. Біз жылдар бойы осылай істеп келгеніміздің пайдасын көрдік, сондай-ақ осының арқасында теократиялық басшылыққа мойынсұну бізге әлдеқайда оңай болды”.

Төрт дос бір-бірінің күшті жақтарын бағалауды үйренді. Бұл Філіпіліктерге 2:3-тегі сөздерге сай еді. Онда: “Кішіпейілділікпен басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар”,— делінген. Сондықтан олар Биллге құрмет танытып, ол жақсы атқара алады деген істерді соған беретін. “Оның қиын жағдайды шешуге деген қабілеті бар еді сондықтан сондай жағдай туғанда біз соған баратынбыз. Ненің дұрыс болатынын бәріміз түсініп тұрсақ та, қалғандарымызда осылай етуге батылдық не қабілет жетіспейтін”.

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫЛАР

Достар бірінің артынан бірі үйленуді шешті. Олардың достығы Ехобаға және толық уақытты қызметке деген сүйіспеншілікке негізделген болатын. Сондықтан да олардың әрқайсысы Ехобаны өмірінде басты орынға қоюға дайын болатын әйел табуға бел буды. Толық уақытты қызметтің арқасында олар алғаннан гөрі берген бақытты екенін және Патшалықтың мүддесін жеке қалауларынан жоғары қою керектігін жақсы түсінген еді. Сөйтіп, олар толық уақытты қызметті өз қалауымен бастаған қыз бауырластарды жар етуді шешті. Осылайша төрт бақытты жұп шаңырақ көтерді.

Достық пен неке баянды болу үшін, Ехобамен тығыз қарым-қатынаста болу маңызды (Уағ. 4:12). Билл мен Реймон адал жұбайларынан қолдау көріп, бақытты болды. Алайда кейін екеуінің де әйелі қайтыс болды. Лоуэлл мен Ричард болса әйелдерінің қолдауын әлі де көріп жатыр. Ал Билл қайта үйленді. Дұрыс таңдау жасағандықтан, ол толық уақытты қызметін жалғастыра алды.

Кейінгі жылдары олар Германия, Австрия, Люксембург, Канада және Құрама Штаттар сияқты жерлерге тағайындалды. Енді төрт дос бірге көп уақыт өткізе алмайтын болды. Бірақ арақашықтық оларға тосқауыл бола алмады. Олар қуаныштарында бірге қуанып, қайғы кезінде бірге қайғыратын (Рим. 12:15). Осындай достарды қатты бағалау керек. Олар Ехобаның баға жетпес сыйы (Нақ. с. 17:17). Бүгінгі дүниеде шынайы достық өте сирек кездеседі. Алайда әрбір шынайы мәсіхші нағыз достар таба алады. Ехоба куәгерлерінің жердің түкпір-түкпірінде көптеген достары бар. Ал, ең бастысы, біз Ехоба Құдаймен және Иса Мәсіхпен доспыз.

Барлық адамдардікіндей осы төрт достың да өмір жолдары ойлы-қырлы болды. Олар жұбайынан айырылды, қатерлі аурумен күресті, қартайған ата-анасын қамқорлады, толық уақыт қызмет ете жүріп бала өсірді, жаңа тағайындалу кезінде қорқыныш сезінді, ал қазір жастың ұлғаюынан келетін қиындықтарды көріп жүр. Алайда олар өз тәжірибелерінен көргендей, Ехобаны жақсы көретін адамдар, қасында не алыста болсын, өз достарының көмегімен кез келген қиындықты жеңе алады.

МӘҢГІЛІК ДОСТАР

Лоуэлл, Реймон, Билл және Ричард 18, 12, 11 және 10 жастарында Ехобаға бағышталып, 17—21 жас аралығында толық уақытты қызметті бастағандары қандай тамаша болды. Олар Уағыздаушы 12:1-дегі: “Жаратушыңды жасөспірім кезеңіңнен есіңде ұста”,— деген сөздерге құлақ асты.

Егер жас мәсіхші жігіт болсаң, Ехобаның шақыруын қабыл алып, толық уақытты қызметті бастағайсың. Сонда оның рақымына бөленіп, төрт дос сияқты мәртебелі міндеттер атқара аласың. Олардың ішінде: аудандарды, облыстарды не филиалдарды аралау, бетелдік не филиал комитетінің мүшесі болып қызмет ету, Патшалық қызмет мектебі не Ізашарлар мектебінде тәлім беру, үлкенді-кішілі конгрестерде баяндамалар айту. Олар қызметтерінің он мыңдаған адамға игілік әкелгенін біліп қалай қуанды десеңші! Осының бәрі жас кезінде Ехобаның өзіне шын жүректен қызмет етуге деген шақыруын қабыл алғандарының арқасында мүмкін болды (Қол. 3:23).

Бүгінде Лоуэлл, Ричард және Реймон қайтадан бірге. Олар Зельтерстегі (Германия) филиалда қызмет етеді. Өкініштісі, Билл 2010 жылы Құрама Штаттарда арнайы ізашар болып жүргенде қайтыс болды. 60 жыл бойы бірге жүрген достарды өлім ажыратты. Бірақ біздің Құдайымыз Ехоба өз достарын ешқашан ұмытпайды. Оның Патшалығының қол астында өлімнің кесірінен бір-бірінен айырылып қалған достар қайта қауышатыны сөзсіз.

“60 жыл бойы өткен достығымызда жағымсыз сәттер болған емес”

Өлер алдында Билл былай деді: “60 жыл бойы өткен достығымызда жағымсыз сәттер болған емес. Біздің қарым-қатынасымыз мен үшін әрдайым ерекше еді”. Үш дос достықтары жаңа дүниеде жалғасатынына меңзей отырып: “Бұл достығымыздың бастамасы ғана!”— деп қосты.

a Фрост бауырластың қызықты өмірбаяны “Күзет мұнарасының” (ағ.) 1961 жылдың 15 сәуіріндегі санының 244 — 249 беттерінде жарық көрген.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу