Құдай сөзінен білім алайық
Неліктен Құдайдың есімін қолдануымыз қажет?
Бұл мақалада жиі көтерілетін сұрақтарға көңіл бөлінеді. Олардың жауабын сіз Киелі кітаптан оқып біле аласыз. Ехоба куәгерлері осы сұрақтарды сізбен бірге қарастыруға қуанышты болады.
1. Неліктен Құдай өз есімін адамдарға ашты?
Сіз басқа адамдардың өзіңізді жай ғана “бауырым”, “мырза” немесе “ханым” деп емес, өз есіміңізбен шақырғанын қалайтыныңыз сөзсіз. Адамның есімі оның дара тұлға екендігіне нұсқайды. Киелі жазбаларда Құдай “Тәңір Ие”, “Құдіреті шексіз Құдай” және “Жаратушы” деген лауазымдармен аталады (Жаратылыс 15:2; 17:1; Уағыздаушы 12:1). Алайда Құдай адамдардың өзімен жеке қарым-қатынасқа ие болуы үшін оларға өз есімін ашқан. Қазақ тілінде Құдайдың есімі Ехоба деп айтылады (Мысырдан шығу 3:14, 15, сілтемені оқыңыз).
Киелі кітаптың көптеген аудармаларында Құдайдың есімі “Тәңір” және “Жаратқан Ие” деген лауазымдармен алмастырылса да, Киелі кітаптың көне еврей қолжазбаларында Құдайдың есімі шамамен 7000 рет кездеседі. Демек, Құдай өз есімін адамдардың білгенін қалайды (Ишая 12:4 оқыңыз).
2. Құдайдың есімін білу неліктен маңызды?
Құдайдың есімін білу деген оның есімі қалай айтылатынын білуді ғана білдірмейді. Құдай есімін білу онымен тығыз қарым-қатынаста болуды білдіреді. Оның есімінің мағынасы — “Ол болғызады”. Бұл — Құдай өз ниетін орындау үшін кім болу керек болса, сол бола алатынына жақсы кепілдік. Сонымен, Құдайдың есімін білу оның өз уәделерін орындайтынына кәміл сенуді де білдіреді (Забур 9:11). Ал сенім танытқаны Құдайдың есімін біліп, сол есімді қолданатын адамдарды оған үміт артуға және оны өмірлерінде басты орынға қоюға талпындырады. Ехоба Құдай мұндай адамдарды қорғайды (Забур 90:14 оқыңыз).
3. Неліктен Құдай өз есімін адамдардың білгенін қалайды?
Құдай өз есімін адамдардың білгенін қалайды. Себебі бұл оларға игілік әкеледі. Мұндай білімнің арқасында олар Құдайдың досы бола алады әрі мәңгі өмір сүру үмітін иеленеді. Иә, Ехобаның бұл қалауы түсінікті-ақ (Жохан 17:3; Римдіктерге 10:13, 14 оқыңыз).
Иса пайғамбар Құдайдың жолдары, заңдары және уәделері жайлы тәлім беру арқылы оның есімін танытты. Бүгінде Иса пайғамбардың ізбасарлары Құдайдың есімін барлық ұлттарға әрі қарай да танытуда. Олар “[Құдайдың] атымен аталатын” біріккен халық ретінде осылай етуде (Елшілердің істері 15:14; Жохан 17:26 оқыңыз).
4. Құдай өз есімін қалай даңқтайды?
Ехоба Құдай өз есімінің даңқталуын қалайды, себебі оның есімі датталған. Мысалы, кейбір адамдар тіршілікті Құдай жаратпаған және оған мойынсұнудың қажеті жоқ деп айтады. Басқалары болса, ол адамдардың қамын ойламайды әрі барлық қайғы-қасіретке Құдай кінәлі деп есептейді. Мұндай адамдар Құдайды жаманатты қылады. Бірақ бұлай мәңгі жалғаса бермейді. Құдай өз есімін қорлайтындардың көзін құртады (Забур 82:18, 19 оқыңыз).
Құдай патшалығы барлық адами үкіметтерді жойып, жер бетінде тыныштық пен қауіпсіздік орнатқанда, Ехоба Құдай өз есімін даңққа бөлейді (Даниял 2:44). Жақын арада әрбір адам Ехобаның шынайы Құдай екенін білетін болады (Езекиел 36:23; Матай 6:9 оқыңыз).
Олай болса, сіз не істеуіңіз керек? Құдай Сөзін зерттеп, оны жақсы көретін адамдармен араласу арқылы Құдайға жақындай беріңіз. Өз есімін даңқтайтын кез келгенде, Ехоба Құдай өзінің адал қызметшілерін ұмытпайды (Малахи 3:16).
Көбірек мәлімет алу үшін, Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” басылымының бірінші тарауын қараңыз.
[16-беттегі сурет]
Көне еврей қолжазбаларында кездесетін Құдай есімі