Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 15.3. 7—9 бет.
  • Қалай кеңес беру керек?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қалай кеңес беру керек?
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Неге ақылдаса білген жөн?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Кеңесті қалай берген жөн?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2025
  • Қалай ізденуге болады?
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Жаңа ізденіс құралы
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 15.3. 7—9 бет.

Қалай кеңес беру керек?

Өзгелердің сенен ақыл сұраған кездері болған ба? Бәлкім, әлдебіреу: “Не істесем екен? Осы отырысқа барайын ба? Мына жұмысқа тұрғаным дұрыс па? Неке құру мақсатымен бұл адаммен достасайын ба?”— деп сұраған шығар.

Сенен шын жүректен көмек сұрағандар достарымен, отбасыларымен не тіпті Ехобамен қарым-қатынастарына әсер ететін шешім қабылдаулары керек болар. Кеңес сұраған адамға не нәрсеге негізделіп жауап бересің? Әдетте кеңесті қалай беруге бейімсің? Мәселе күрделі не болмашы болсын, Нақыл сөздер 15:28-де айтылғандай, “әділ жан жауабын ойлап береді”. Киелі кітаптан алынған келесі бес принциптің кеңес беруге қалай көмектесетінін қарастырайық.

1. Жағдайдың анық-қанығын біліп ал.

“Тыңдамай жатып жауап қайтарған — Ақылсыз, масқара болатын жан” (НАҚ. С. 18:13).

Жақсы кеңес бере алуымыз үшін кеңес сұраған адамның жағдайы мен көзқарастарын жете түсінуіміз керек. Мысалы, біреу саған телефон шалып, үйіңе қалай жетуге болатынын сұраса, оған қалай көмектесе алар едің? Қай бағытта жүру керектігін айту үшін алдымен оның қай жерде тұрғанын біліп алғаның дұрыс болмас па еді? Дәл сол сияқты кеңес сұраған адамға дұрыс жол сілтеу үшін оның қазір қай “жерде” тұрғанын, яғни жағдайы мен көзқарастарын, біліп алғанымыз жөн. Бәлкім, жауабымызды жұмсартатын біз білмейтін жайттар бар шығар. Мәселенің байыбына бойламай жатып кеңес берсек, адамды одан сайын адастыруымыз мүмкін (Лұқа 6:39).

Оның ізденіс жасаған-жасамағанын анықта. Ақыл сұрап келген адамға келесі сұрақтарды қойғаның жақсы: “Бұл жағдайда Киелі кітаптағы қай принциптерді қолданған дұрыс? Әр шешімнің анық байқалатын жақсы және жаман жақтары бар ма? Нақты қандай ізденіс жасадың? Өзгелер, мысалы қауым ақсақалдары, ата-анаң не өзіңмен зерттеу жүргізетін бауырлас, саған қандай кеңес берді?”

Оның берген жауаптарынан мәселені шешу үшін өзінің қаншалықты күш салғанын көруге болады. Сондай-ақ жоғарыдағы сұрақтар өзгелердің пікірін ескере отырып кеңес беруге әрі кеңес сұраған адамның “құлағына жағатынды айтатын” кеңесші іздеп жүр ме, жоқ па, соны анықтауға көмектеседі (Тім. 2-х. 4:3).

2. Ойланбай жауап беруден сақ бол.

“Әркім тыңдауға жүйрік, сөйлеуге... баяу болсын” (ЖАҚ. 1:19).

Сен тез жауап беруге бейімсің бе? Ниетің игі болса да, мәселені жан-жақты қарастырмай жатып осылай еткенің дұрыс болар ма еді? Нақыл сөздер 29:20-да (Тт) былай делінген: “Өз сөзін асығыс-үсігіс, ағат айтқан адамды сен көріп пе едің? Соған қарағанда ақымақ адамға көбірек үміт артуға болады”.

Мәселеге қатысты көзқарасың Құдайдың даналығымен үйлесетініне көз жеткізіп отыр. Мысалы, кеңес берерде: “Осы дүниенің рухы” мен ой қалпы маған әсер етіп жатқан жоқ па?”— деп ойланып көр (Қор. 1-х. 2:12, 13). Ниетіңнің түзу болғаны жеткіліксіз екенін есте ұста. Елші Петір Исаның ауыр тапсырма орындау керектігін білгенде, оған: “Ием, өзіңді аясаңшы. Мұндай нәрсе басыңа түсе көрмесін!”— деп кеңес берген. Бұдан қандай сабақ аламыз? Абай болмасақ, игі ниетті адамның өзі “Құдайдың емес, адамның ойын айтуы” мүмкін (Мат. 16:21—23). Ендеше жауап бермес бұрын, алдымен ойланып алғанымыз қаншалықты маңызды десеңдерші! Оның үстіне, біздің өмірлік тәжірибеміз Құдайдың даналығымен салыстыруға да келмейді ғой, солай емес пе? (Әйүп 38:1—4; Нақ. с. 11:2).

3. Кішіпейіл болып, Құдай Сөзіне жүгін.

“Ештеңені өздігімнен істемей, қайта, Әкем не үйретсе, соны айтамын” (ЖОХ. 8:28).

Кеңес сұраған адамға: “Сенің орныңда болсам, былай етер едім...”— дер ме едің? Не істеу керектігін анық біліп тұрсаң да, Исаның танытқан кішіпейілділігі мен қарапайымдылығына еліктегенің жақсы. Оның даналығы мен тәжірибесі кез келген адамдікінен асып түссе де, ол: “Мен өздігімнен айтқан жоқпын, нақты не айту керектігін... Әкемнің өзі өсиет еткен”,— деді (Жох. 12:49, 50). Иә, Исаның барлық тәлімдері мен кеңестері Әкесінің еркіне негізделді.

Мысалы, Лұқа 22:49-дан көретініміздей, Исаны тұтқындамақ болғанда, шәкірттері оны қорғағысы келіп, Исадан рұқсат сұраған. Ал бір шәкірті тіпті семсерін сілтеп қалды. Матай 26:52—54 тармақтарда бұл оқиға толығырақ баяндалады. Байқасаң, Иса осындай қиын жағдайға тап болғанына қарамастан, шәкірттеріне Құдай еркін түсіндірудің мүмкіндігін жібермеген. Ол Жаратылыс 9:6-ғы принципті және Забурдың 21-тарауы мен Ишаяның 53-тарауындағы пайғамбарлықтарды ойда тұтып, шәкірттерінің өмірін құтқарған әрі Ехобаға ұнамды болған дана басшылық берді.

4. Ұйымның кітапханасын қолдан.

“Қожайыны үйіндегі басқа құлдарға ас-суын уақтылы беріп  тұруға тағайындаған адал да ақылды құл кім?” (МАТ. 24:45).

Иса құл табына өмірлік маңызы бар рухани ас-суды үйлестіруді сеніп тапсырған. Ендеше біреуге маңызды мәселелерге қатысты кеңес не басшылық бергенде, Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерді қолданып, мұқият зерттеу жүргізесің бе?

Бұл орайда “Күзет мұнарасы басылымдарының көрсеткіші” мен “Күзет мұнарасы кітапханасының”a көмегі зор. Ол жерден нақты әрі көл-көсір мәлімет табуға болады. Аталмыш мәлімет көздерінде керекті мақалаларға сілтейтін мыңдаған тақырыптар бар. Кеңес іздеген адамның осы білім қазынасын назардан тыс қалдырғаны қателік болар еді! Өзгелерге Киелі кітап принциптерін саралай білуге және Құдай Сөзінің негізінде ой жүгіртуге көмектесіп жүрсің бе? Картаның адамға діттеген жеріне жетуге көмектесетіні сияқты, зерттеуге арналған құралдардың да мәңгілік өмірге жеткізетін шешімдер қабылдауға көмектесетіні сөзсіз.

Жариялаушыларға Жазбалар негізінде қисынмен ой түзуді үйрету үшін ақсақалдар оларды “Көрсеткіш” пен “Күзет мұнарасының кітапханасын” қолданып, қажетті мақалаларды табуға талпындырып жүр. Осының арқасында бауырластар қиындықтарын шешіп қана қоймай, зерттеу жүргізуді және Ехобаның беріп жатқан рухани ас-суына жүгінуді әдетке айналдырады. Нәтижесінде олар “түйсіну қабілеттерін қолдану арқылы машықтандырып, жаман мен жақсыны ажырата алатын” болады (Евр. 5:14).

5. Өзгенің орнына шешім қабылдама.

“Әркім өз жүгін өзі көтереді” (ҒАЛ. 6:5).

Қай кеңеске құлақ асатынын әркім өзі шешу керек. Ехоба өзінің принциптеріне жүгіну-жүгінбеуге қатысты бәрімізге еркіндік берген (Заң. қ. 30:19, 20). Кей жағдайда бірнеше принципті ескеру қажет болады және ақырғы шешімді кеңес іздеген адамның өзі қабылдауы керек. Сондай-ақ кеңес сұраған бауырластың жасына не оның қандай кеңес сұрағанына байланысты: “Осы сұраққа жауап беруге құқылымын ба?”— деп ойланғанымыз жөн. Кей мәселелерді қауым ақсақалдарының шешкені дұрыс, ал кеңес іздеуші жасөспірім болса, ата-аналарымен ақылдасқандары жөн.

[Сілтеме]

a Бүгінде компакт-дискідегі “Күзет мұнарасының кітапханасы” 39 тілде, ал “Күзет мұнарасы басылымдарының көрсеткіші” 45-тен астам тілде бар.

[8-беттегі қоршау/сурет]

Отбасылық ғибадат кешін қолдан

Жақында әлдебіреу саған қандай да бір сұрақ қойған болса, неге оны отбасылық ғибадат кешінде зерттеп көрмеске? Сұрақ қойған адамға қандай мақалалар не Киелі кітап принциптері көмектесе алар еді? Айталық, қандай да бір бауырлас неке құру мақсатымен әлдекіммен достасу жайында сұрады делік. Алдымен “Көрсеткішті” не “Күзет мұнарасының кітапханасын” қолданып, осы мәселеге тікелей қатысы бар тақырыпты қара. Мысалы, “Көрсеткіштен” “Достасу” не “Неке” деген тақырыптарды ашып, сосын қажетті мақаланы тауып алу үшін тақырыпшаларды шолып шық. Кейде негізгі тақырыптың астында “Тағы мыналарды қара” деген жерде ұқсас тақырыптар келтіріледі. Солардың кейбірінде өзің зерттеп жатқан сұраққа тікелей қатысы бар мәлімет табылуы мүмкін.

[9-беттегі қоршау]

Ехобаның ұйымы арқылы беріп отырған рухани ас-суының арқасында жақсы кеңес бере де, ала да аламыз. Екклесиаст 12:11-де (ЖД): “Данышпандардың сөздері ұшты таяқ іспетті. Нақылдарды жинаудан рақат табатындар қағылған шегедей. Бұларды берген — бір ғана бағушы”,— делінген. Ірі қара малды айдайтын “ұшты таяқ” іспетті, сүйіспеншілікке толы дана кеңес ақжүрек адамдарға дұрыс бағыт бере алады. “Қағылған шегелер” қандай да бір нәрсені мықтап бекітіп тұрады. Дәл сол сияқты біздің берген пайдалы кеңесіміздің жақсы нәтиже әкелері шүбәсіз. Дана адамдар “бір ғана бағушымыз” Ехобаның даналығын көрсететін “жиналған нақылдарды” қарастырудан “рақат табады”.

Басқаларға кеңес бергенде Бағушымызға еліктейік. Өзгелерді мұқият тыңдап, жақсы кеңес беруімізбен оларға қолымыздан келгенше көмектескеніміз керемет емес пе! Кеңесіміз Киелі кітапқа негізделсе, пайдалы болады әрі оны тыңдаған адамға мәңгі игілік әкеледі.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу