Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 1.1. 6—7 бет.
  • Төтенше жағдайға қалай дайындалуға болады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Төтенше жағдайға қалай дайындалуға болады?
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітапта табиғи апаттар жайында не делінген?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Табиғи апаттар неге сонша көп?
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдай бізді жазалап жатыр ма?
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Апаттар болмайтын кез келеді!
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 1.1. 6—7 бет.

Төтенше жағдайға қалай дайындалуға болады?

Бүгінде жиілеп кеткен табиғи апаттардан қорғану үшін қандай сақтық шараларын жасау керек? Қазір мұның кейбіріне тоқталып өтейік.

Қауіпті аймақтан аулақ болыңыз.

Киелі кітапта: “Зерделі жан қатер көріп бас сауғалар, Аңғал адам жүре беріп, зиян табар”,— деп жазылған (Нақыл сөздер 22:3). Бұл дана кеңесті төтенше жағдай туындағанда да қолдануға болады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, су тасқыны, тайфун не дауылдың болуы жайлы ескерту айтылса, кідірместен қауіпсіз жерге барған дұрыс. Адам өмірі үй мен дүние-мүліктен әлдеқайда бағалы емес пе?

Бәлкім, кейбіреулер қауіпті аймақта тұрмауды шешер. Осы орайда бір маман былай дейді: “Апат болу қаупі географиялық аумаққа байланысты. Аса қауіпті аймақтар планетамыздың бірен-саран жерінде ғана бар және ең жойқын апаттар дәл сол аймақтарда орын алады”. Бұл, мысалы, теңіз маңындағы ойпат жерлер мен сейсмологиялық қаупі бар аймақтарға қатысты деуге болады. Мүмкін болса, осындай аймаққа көшіп бармағаныңыз не сондай жерде тұрып жатсаңыз, көшіп кеткеніңіз жақсы. Сонда апаттың әкелер зардабын анағұрлым азайтасыз.

Алдын ала дайындалыңыз.

Сақтық шараларын жасаған күннің өзінде, аяқ астынан болған апаттан зардап шегуіңіз мүмкін. Сондықтан жоғарыда келтірілген Нақыл сөздер 22:3-гі кеңесті қолданып, оған күні бұрын дайындалсаңыз, көп қиындықтан қашып құтыла аласыз. Мысалы, неге төтенше жағдайға арналған арқа қоржынын алдын ала дайындап қоймасқа? Бір мәлімет көзінде мұндай қоржынға алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек, су, ұзақ сақталатын азық-түлік пен маңызды құжаттарды салып қоюға кеңес беріледі (“1-2-3 of Disaster Education”). Сондай-ақ орын алуы мүмкін апаттардың түрлерін және әр жағдайда не істеуге болатынын отбасыңызбен бірге талқылап алғаныңыз да ақылдылыққа жатады.

Құдайға етене жақын болыңыз.

Ол сізге қандай жағдайға ұшырасаңыз да көмектесе алады. Киелі кітапта Құдайдың “қайырымы мол Әке, жұбаныш атаулының қайнар көзі” екені айтылған. Ол бізді “қиналған кездің бәрінде” жұбатады. Ал басқа жазба орнында ол “еңсесі түскендерді жұбататын Құдай” деп те аталған (Қорынттықтарға 2-хат 1:3, 4; 7:6).

Иә, Құдай өзіне сенім артатындардың қандай жағдайға тап болғанын жақсы біледі. Ол сүйіспеншілігі мол Құдай болғандықтан бізді әртүрлі жолдармен жігерлендіріп, нығайтады (Жоханның 1-хаты 4:8). Құдайға дұға айтып, бізге керемет жасауын емес, кез келген жағдайда көмектесе алатын киелі рухын сұрағанымыз жақсы. Киелі рух бақытсыздыққа ұшыраған адамға жұбаныш пен жігер беретін Киелі кітап тармақтарын еске түсіруге көмектеседі. Сонда Құдайдың адал қызметшісі мұндайда ежелгі Исраил патшасы Дәуіт сияқты: “Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен, Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден, Себебі Өзің менің қасымдасың, Жігер береді сойылың мен таяғың”,— дейтін болады (Забур 22:4).

Ехоба куәгерлері апаттан зардап шеккендерге көмектесуге дайын

Көмектесуге дайын бір сенімдегі бауырластар.

Бірінші ғасырда Агаб пайғамбар “бүкіл жержүзін қатты аштық жайлайтынын киелі рух арқылы жария етті. Мұнысы Клаудидің тұсында орындалды”. Аштық Иса пайғамбардың Яһудеядағы ізбасарларына да қатты зардабын тигізді. Басқа жердегі шәкірттер бір сенімдегі бауырластарының мұндай күйін білгенде, не істеді? Киелі кітапта былай делінген: “Сонда шәкірттердің әрқайсысы өзінің шамасы келгенше Яһудеяда тұратын бауырластарына жәрдем жіберуді шешті” (Елшілердің істері 11:28, 29). Иә, олар бауырластарына сүйіспеншілікпен қол ұшын берді.

Бүгінде жойқын апаттар орын алғанда, Құдайдың қызметшілері де осылай әрекет етеді. Ехоба куәгерлері бір сенімдегі бауырластарына көмекке келуге дайын тұратындарымен танымал. Мысалы, 2010 жылдың 27 ақпанында Чилиде жойқын зілзала болғанда, Ехоба куәгерлері зардап шеккендерге қол ұшын беруге бірден кірісті. Цунамиден үйі қирап қалған Карла былай дейді: “Апат болғаннан кейін келесі күні-ақ басқа жерлерден келген Ехоба куәгерлері көмек көрсете бастады. Бұл менің көңілімді орнықтырды. Ехобаның осы ерікті қызметшілердің жақсылығы арқылы бізді жұбатқаны сөзсіз. Мен Құдайдың қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезіндім”. Оның Ехоба куәгері емес атасы көрсетіліп жатқан көмек туралы: “Жылдар бойы барып жүрген шіркеуімнен мұндай нәрсені ешқашан көрген емеспін”,— деді. Бұл оны Ехоба куәгерлерімен Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға талпындырды.

“Мен Құдайдың қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезіндім”

Құдайды жақсы көретіндердің арасында болғанымыз басымызға ауыр күн туғанда зор көмек болады. Алайда табиғи апаттар болмайтын күн келе ме? Киелі кітапта бұған қатысты не делінгенін көрейік.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу