Татарлардың өткені, бүгіні мен ертеңі
“ОРЫСТЫҢ ата-тегін қазбалай берсең, татарға тап боласың” деген сөздерді кішкентайымнан естуші едім. Мен өзімді өмір бойы орыспын деп есептейтінмін, алайда жақында туыстарымнан атамның татар болғанын білдімa. Мұны достарыма айтып едім, кейбірі олардың әулетінде де татардың қаны бар екенін айтты.
Татардың атақты адамдарымен және олардың өнер, спорт және басқа да саладағы жетістіктерімен танысу маған өте қызық болды. Солардың бірі би өнеріне өлшеусіз үлес қосқан балетмейстер Рудольф Нуреев Ресейдегі татар отбасында дүниеге келген. Бұрынғы Кеңес Одағына кірген мемлекеттерде татар ұлтының өкілдері жеті миллионға жуық саналады. Қазір сіздерге татарлар жайлы нендей жайттарды білгенімді айтып берейін.
Өткені
Тарих беттерінен татарлардың ғасырлар бойы моңғол және түрік халықтарымен байланыста болғаны көрінеді. Мысалы, олар XIII ғасырда моңғол қолбасшысы Шыңғыс хан бастаған соғыс жорықтарына қатысқанb. Бұл керемет саясаткердің ұлан-ғайыр империясы бұрынғы Кеңес Одағының аумағына пара-пар болған. 1236 жылы Шыңғыс ханның 150 000 сарбаздан тұратын жасағы Орал тауының батыс бөлігінен басталатын Еуропаға басып кірді. Осы уақыттары олар Ресей қалаларына алғаш шабуыл жасады.
Моңғолдар Ресейді басып алғаннан кейін көп ұзамай моңғол-түрік қағанатын құрды. Оның батыс бөлігі Алтын орда деп аталды, ал астанасы Еділ өзенінің төменгі жағында орналасқан Сарай-Бату болды. Қағанаттың шегаралары Сібірдің бір бөлігін, оның Орал тауларын және Украина мен Грузия жерінде созылып жатқан Карпат пен Кавказ тауларын қамтыды. Орыс князьдіктері ордаға алым-салық төлеу керек болды. XV ғасырда орда ыдырап, Қырым, Астрахан және Қазан деген хандықтарға бөлініп кетті.
Татарстан және оның астанасы Қазан
Ресейдің Еуропалық бөлігінде орналасқан көпұлтты Татарстан мемлекетінде бүгінгі таңда төрт миллионға жуық адам тұрады. Оның аумағы шамамен 68 000 шаршы шақырым жерді қамтиды. Татарстан Ресей Федерациясындағы экономикалық жағынан жақсы дамыған мемлекеттердің қатарында. Ол Ресейдің алдыңғы қатарлы мұнай мен газ өндірушісі ретінде белгілі. Сондай-ақ ол жерде ұшақ пен көлік өнеркәсібі де дамыған. Татарстанда бірнеше әуежай бар.
Бір миллион халқы бар бүгінгі Қазан қаласы Еділ мен Қазан өзендерінің түйіскен жерінде орналасқан. Ресейдің көп қалаларындағыдай, бұл қалада да әдемі метро жолдары салынғанc. Әр бекеттің өзіне тән ерекшелігі бар. Кей бекеттер заманауи үлгіде жасалса, басқаларынан шығыс мәдениеті мен ортағасырдың лебі есіп тұр. Ал бір бекет қабырғаларындағы татар халық ертегілерінен сыр шертетін 22 мозайка бейнелері еріксіз көз тартады.
1804 жылы Ресей патшасы Александр I Қазан федералды университетінің іргетасын қалады. Бүгінде сол жерде Ресейдің ең үлкен кітапханаларының бірі орналасқан. Татарстандағы университеттердің қара шаңырағы болып отырған бұл мекеме беделді білім және мәдениет орталығы болып табылады. Кітапханадағы 5 000 000 басылымның 30 000-ын көне қолжазбалар құрайды. Олардың арасында б. з. IX ғасырында жазылғандары да бар.
Қала орталығындағы Бауман көшесімен жүру бір ғанибет. Көше бойларында көздің жауын алатын дүкендер мен кафелер қаз-қатар тізілген. Қаланы аралап болғаннан кейін, әйелім екеуіміз Еділ өзенінің бойымен саяхатқа шығып, біраз тынықтық.
Қаланың мәдени мұраларының ішінде Қазан кремлінің алатын орны ерекше. Бұл — Ресейдегі біздің күнімізге дейін жеткен жалғыз татар бекінісі. Ғимараттары сонау XVI ғасырда соғылған бұл көне мұраның ішінде Сүйімбеки мұнарасы, Татарстан үкіметінің ғимараттары және мешіт пен православ шіркеуі бар.
2000 жылы Қазан кремлі ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұраларының тізіміне енді. Түнде өзен суларына шағылысқан жарықтың әсерімен Кремль ғимараттары бір ғажап көрініске ие болады.
Халқы және тілі
Татарлар саны жағынан Ресейдегі басқа түркі халықтарының барлығын басып озады. Санақ бойынша, олардың саны 5 500 000-ға дейін жеткенімен, осы ұлан-ғайыр аймақта, шын мәнінде, нақты қанша татар тұратыны белгісіз.
Татар тілі түркі тілдер тобына жатады. Сондай-ақ бұл топқа әзербайжан, башқұрт, қазақ, қырғыз, ноғай, түрік, түрікмен, тыва, өзбек және якут тілдері кіреді. Тілдердің кейбірі өзара ұқсас болғандықтан, осы тілдерде сөйлейтіндер бір-бірін қандай да бір шамада түсінеді.
Жержүзінде түркі тілдерінде сөйлейтіндердің саны миллиондап саналады. Татарстан көшелерінде халықтың екі тілде, татар және орыс тілдерінде, сөйлейтінін естуге болады. Газет-журнал, кітап, радио мен теледидар бағдарламаларында да осы екі тіл қатар қолданылады. Ал театр қойылымдары татар тілінде өтіп, оқиға желісі халықтың тарихы, ауыз әдебиеті мен күнделікті тұрмыс-тіршілігі төңірегінде өрбиді.
Қазанда және Татарстанның басқа да қалаларында дүкен атаулары мен көше көрсеткіштері орыс және татар тілдерінде беріледі. Орыс тілінде татар тілінен енген сөздер көптеп табылады. 1928 жылы Кеңес Одағы кезінде татар жазуы араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшті. Ал 1939 жылы орыс графикасына, яғни кириллицаға, ауысты.
Салт-дәстүрлері
Ертеректе татарлар аң аулап, мал ұстаған. Тіпті бүгінгі күні де олардың ұлттық ас мәзіріне көптеген ет тағамдары кіреді. Солардың бірі — көп татар отбасыларының сүйікті тағамы бәліш. Ол былай дайындалады: жайылған қамырдың ішіне картоп, ет, пияз бен дәмдеуіштер салып, жиектерін бүріп, екі сағаттай пісіреді. Сосын, бәлішті дастарқан басында буын бұрқыратып тұрып кеседі.
Татарлардың ұлттық мейрамдарының ішіндегі ең көнесі әрі ең әйгілісі сабантой болса керек. Бұл мейрам көнеден қалған дәстүрге негізделген. Дәстүр бойынша, адамдар бірге дұға айтып, күн құдайына және аруақтарға арнап құрбандықтар әкелген. Олар бұл құрбандықтар ұрпақтың жалғасуына, малдың төлдеп, жердің мол өнім беруіне септігін тигізеді деп сенген.
Татарлар жылқыларды жақсы көреді. Жылқылар көшпенді болған татар халқының тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып кеткен. Қазанда дүниежүзіндегі ең жақсы ипподромдардың бірі орналасқан. Ішінде 12 атқора мен мал емханасы бар. Ол жерде тіпті аттарға арнап бассейн салынған!
Жарқын болашақ
Құран кәрімде былай делінген: “Расында Тәураттан кейінгі Зәбүрде: — Жерге игі құлдарым мұрагер болады,— деп жаздық” (21-Әнбия сүресі, 105-ші аят). Бұл сөздер Дәуіт пайғамбардың 1500 жыл бұрын жазып кеткен Киелі кітаптағы Забур жырларынан алынған болса керек. Забур 37:29-да (ЖД): “Әділдер жерді мұра етіп, сонда мәңгі-бақи өмір сүреді”,— делінген.
Осы әділ де бақытты жандар қай халықтан шықпақ? Інжілдегі пайғамбарлықта былай делінген: “Содан соң қарадым да, әрбір ұлттан, рудан, халықтан, тілден шыққан, ешбір адам баласы санай алмайтындай ұлы жамағатты көрдім” (Аян 7:9). Жақын болашақта жер бетін толтыратын әртүрлі ұлт өкілдерімен бірге тату-тәтті өмір сүру қандай керемет болмақ десеңізшіd!
[Сілтемелер]
a Татарлар — түркі тектес халықтарға жататын үлкен этникалық топ. Олардың басым бөлігі Ресейде тұрады.
b “Ояныңдар!” (ор.) журналының 2008 жылдың мамыр айындағы санында жарық көрген “Империя құрған Азия көшпенділері” деген мақаланы қараңыз.
c Ресейдің Екатеринбург, Мәскеу, Нижний Новгород, Новосибирск, Санкт-Петербург және Самара қалаларында да метро жолдары салынған.
d Құдайдың ниеті туралы көбірек мәліметті Ехоба куәгерлері басып шығарған “Құдайдың басшылығы жұмаққа жол көрсетеді” кітапшасынан біле аласыз.
[25-беттегі қоршау]
ТАТАР ТІЛІНДЕГІ ҚҰДАЙ ЕСІМІ
Татар жазушысы М. Хужаевтың “Діннәр тарих” (Дүниежүзі діндері) кітабында Яхве Аллаһтың, яғни Ехоба Құдайдың, Адам атаны жаратқаны жазылған. Сондай-ақ татар тіліндегі Таурат кітабының (Киелі кітаптың алғашқы бес кітабы) Жаратылыс 2:4-тармағында Құдай есіміне қатысты мынадай сілтеме берілген: “Ежелде еврейлер бұл есімді Яхве деп дыбыстаған көрінеді”.
[26-беттегі қоршау]
ТАТАРСТАНДАҒЫ ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ
Ресейдегі Ехоба куәгерлері Құдай патшалығы туралы ізгі хабарды татар тілінде сөйлейтін адамдардың да естігенін қатты қалағандықтан, татар тілін үйрету сабақтарын ұйымдастырды. Татарстанда тұратын бір әйел: “Құдай туралы өз тілімде білім алғаным жан дүниемді тебірентіп, көзіме жас ұялатты”,— дейді.
1973 жылы Ехоба куәгерлерінің татар тіліндегі шағын тобы татар тілінде Киелі кітапты зерттеу кездесулерін өткізе бастады. Ал 1990 жылдары Ехоба куәгерлері осы тілде әдебиеттер басып шығаратын болдыe. 2001 жылы Татарстандағы Набережные Челны қаласында Ехоба куәгерлерінің татар тіліндегі ең алғашқы қауымы ашылды. Бүгінде бүкіл Ресей бойынша татар тілінде 8 қауым және 20 шағын топ бар.
2008 жылы Астрахан, Еділ бойы, Орал таулары, Батыс Сібір және шалғай солтүстіктен келгендер татар тіліндегі облыстық конгреске қатысты. Қазір Татарстанда татар, орыс және ым тілдеріндегі 36 қауым мен топқа қатысатын 2300 жариялаушы зор белсенділікпен Құдай туралы шындықты үйретіп жүр.
[Сілтеме]
e Күзет мұнарасы, Киелі кітап және трактаттар қоғамы 560-тан аса тілде Киелі кітап пен оған негізделген әдебиеттер басып шығарады.
[27-беттегі қоршау/сурет]
ЗІЛТЕМІРШІ “ШОПАНҒА” АЙНАЛДЫ
Петр Марков 1948 жылы Татарстан ауылдарының бірінде дүниеге келді. Туған жерінде ол 30 жыл бойы күреспен және зілтемір көтерумен айналысқан спортшы ретінде танымал болды. Бірде ол 36,2 келі салмақты 130 рет көтерді. Қазір ол Ехоба куәгері болғандықтан, жұрт оны өзгелерге татар және орыс тілдерінде Құдай жайлы білім беріп, өмірлік қиындықтарымен күресуге көмектесетін адам ретінде жақсы таниды.
Осылайша Петр Ишая 40:11-де суреттелген қамқор Жаратушысына еліктейді. Ол жерде былай делінген: “Тәңір Ие оларды ізгі шопандай бағады: “қозыларын” қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, “саулықтарын” жайлап алға бастап жүреді”.
[Сурет]
Қазір Петр қамқор шопан сияқты көмек көрсетуге дайын
[24-беттегі карта]
(Толық мәтінді басылымнан қараңдар)
РЕСЕЙ
ОРАЛ ТАУЛАРЫ
МӘСКЕУ
Санкт-Петербург
ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Қазан
Еділ өзені
[25-беттегі сурет]
Қазан өзенінің бойындағы Қазан кремлі
[Түпдерек]
© Michel Setboun/CORBIS
[26-беттегі сурет]
“Бәліш” — көптеген татар отбасыларының сүйікті тағамы