Ағылшын тіліндегі жеңілдетілген басылымды ұсынамыз
“КҮЗЕТ МҰНАРАСЫНЫҢ” зерттеуге арналған саны осы айдан бастап жеңілдетілген ағылшын тілінде де шығатынын қуана хабарлаймыз. Қаншалықты тиімді болатынын байқау үшін ол бір жыл бойы басылып шығарылмақ. Онда зерттеуге арналған мақалалар, ал орын қалып жатса, басқа да мақалалар шығатын болады. Бұл басылым көптеген Ехоба куәгерлерінің рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады деп үміттенеміз. Неге бұлай дейміз?
Ағылшын тілі Гана, Кения, Либерия, Нигерия, Папуа Жаңа Гвинея, Соломон аралдары және Фиджи сияқты елдердегі бауырластарымыз үшін ортақ тіл болып табылады. Осы елдерде тұратын бауырластар жергілікті тілдерді білгенмен, қауым кездесулері мен уағыз қызметінде жиі ағылшын тілінде сөйлейді. Алайда олар біздің әдебиеттеріміздегідей емес, қарапайым ағылшын тілінде сөйлейді. Сондай-ақ ағылшынша сөйлейтін елдерге көшіп барған бауырластар да, тілді жақсы білмесе де, ағылшын тілінде сөйлеуге мәжбүр. Бұған қоса, олардың ана тілінде ешқандай қауым кездесуі өткізілмейді.
Апта сайын талқыланатын “Күзет мұнарасындағы” мақалалар біздің уақтылы қабылдайтын басты ас-суымыз болып табылады. Сондықтан кездесуге келгендердің барлығы мәліметті жақсы түсіну үшін, жеңілдетілген ағылшын тіліндегі басылымның сөздері қарапайым, грамматикасы жеңіл, сөйлемдердің құрылымы оңай болады. Бұл жаңа басылымның мұқабасы да өзгеше болмақ. Зерттеуге арналған мақаладағы тақырыпшалар, абзацтар, қайталауға арналған сұрақтар мен суреттер әдеттегі басылымдағыдай болады. Сондықтан қандай басылымды қолданбасын, барлығы мақалаға көз жүгіртіп, талқылауға қатыса алады. Екі басылымның ағылшын тіліндегі айырмашылығы төмендегі үлгіде көрсетілді. Ол жерде осы журналдың зерттеуге арналған бірінші мақаласының екінші абзацынан үзінді келтірілді.
Осындай өзгерістің жасалғаны Ехобадан: “Түсінік сыйлап, үйрете гөр бұйрықтарыңды”,— деп сұрап жүрген көптеген адамның дұғасына жауап болады деп үміттенеміз (Заб. 118:73). Осылайша ағылшын тілін жақсы білмейтіндер мен ағылшынша сөйлейтін кейбір балалар апта сайынғы “Күзет мұнарасын” зерттеу кездесуіне жақсырақ дайындала алатындарына сенімдіміз. Ехоба бүкіл халқының қамын ойлап, “адал да ақылды құл” арқылы рухани аспен молынан қамтамасыз етіп отырғанына дән ризамыз! (Пет. 1-х. 2:17; Мат. 24:45).
Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесі