Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w11 15.6. 16—17 бет.
  • Ыбырайымның шынымен түйелері болған ба?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ыбырайымның шынымен түйелері болған ба?
  • 2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Ысқақтың жақсы әйелге үйленуі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ыбырайым (Ибраһим) пайғамбар кім болған?
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Иә, барамын”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2016
  • Ехоба оны “досым” деп атаған
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
Көбірек мәлімет
2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w11 15.6. 16—17 бет.

Ыбырайымның шынымен түйелері болған ба?

КИЕЛІ КІТАПТА перғауынның Ыбырайымға сыйға берген малының арасында түйелер де болғаны айтылады (Жар. 12:16). Сондай-ақ Ыбырайымның қызметшісі Месопотамияға қарай ұзақ сапарға шығар алдында “қожайынының ірі малдарынан он түйе таңдап алған”. Демек, Киелі кітаптан шамамен 4000 жыл бұрын өмір сүрген Ыбырайымның түйелері болғандығын анық көруге болады (Жар. 24:10).

Алайда кейбіреулер бұнымен келіспейді. Киелі кітапты археологиялық тұрғыдан зерттейтін бір еңбекте былай делінген: “Ғалымдар түйелерге қатысты [Киелі кітаптағы] осы мағлұматтардың тарихи жағынан туралығын дауға салады, өйткені, көпшіліктің ойынша, бұл жануарлар Ыбырайымның заманынан әлдеқайда кейін, яғни шамамен б. з. б. 1200 жылға дейін үй жануарлары ретінде кең пайдаланылмаған” (“The New International Version Archaeological Study Bible”). Олай болса, Киелі кітаптағы түйелерге қатысты осы мәліметтердің бәрін анахронизм, немесе хронологиялық қателік, деп есептеуге болады.

Ал өзге ғалымдар бұған қарсы пікір айтады. Олардың ойынша, түйелерді қолға үйрету бұдан 3000 жылдай бұрын кең тарағанымен, бұл жайт түйелерді одан ертеректе қолданбағанын білдірмейді. Ежелгі Таяу Шығыстың өркениеті жайлы бір кітапта былай делінген: “Соңғы зерттеулерге сай, түйелерді қолға үйрету оңтүстік-шығыс Арабияда бұдан 4000 жылдан астам уақыт бұрын басталған. Алғашында, түйелерді сүті, жүні, терісі және еті үшін ұстаған болу керек. Алайда көп ұзамай адамдар оларды жүк таситын көлік ретінде қолдануға да болатынын түсінгенге ұқсайды” (“Civilizations of the Ancient Near East”). Түйелерді қолға үйрету Ыбырайым өмір сүрген уақыттан бұрын басталғанын табылған сүйектер мен археологиялық ескерткіштер растайды.

Сонымен қатар бұған жазбаша дәлелдер бар. Аталмыш еңбекте тағы да былай делінген: “Месопотамиядан табылған сына жазу тізімінде осы мақұлық [түйе] туралы айтылған, сондай-ақ бірнеше мөрде оның суреті бейнеленген, демек, осы жануар Месопотамияға шамамен 4000 жыл бұрын жетсе керек”. Ал бұл уақыт Ыбырайымның заманына сай келеді.

Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, Оңтүстік Арабияның хош иісті заттар сататын саудагерлері тауарларын шөл дала арқылы солтүстіктегі Мысыр, Сирия сияқты жерлерге жеткізу үшін түйелерді пайдаланған. Осылай сол аумақтар түйе жануарымен танысқан. Мұндай сауда-саттық сонау б. з. б. 2000 жылдары жүріп тұрған болса керек. Бір қызығы, Жаратылыс 37:25—28 тармақтарда ысмағұлдық саудагерлердің хош иісті заттарын түйелерге артып, Мысырға қарай бара жатқаны айтылған. Ал бұл оқиға Ыбырайымның заманынан жүз жылдай уақыт өткен соң орын алған.

Ежелгі Таяу Шығыста бұдан шамамен 4000 жыл бұрын түйелер кең қолданыста болмағанымен, айғақтар ондай жануарлардың адамдарға біршама таныс болғанын растайды. Сондықтан бір Киелі кітап энциклопедиясында тұжырымдалғандай, Жазбалардағы түйелерге қатысты осы мәліметтерді анахронизм деп қарастыруға еш себеп жоқ, өйткені Ыбырайымның заманына дейін-ақ түйелерді қолға үйреткендігіне көптеген археологиялық дәлелдер бар.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу