Көпшілікке арналған арнайы баяндама
Қазіргі қиындықтармен күресте көмекті қайдан алуға болады?
Бүгінде кеңес дегенге тапшылық жоқ. Кітаптар мен телебағдарламаларда қиындықтарды шешуге бағытталған кеңестер толып жатыр. Алайда негізгі қиындықтар бәз баяғы қалпында қалуда. Сондықтан сенім артуға тұратын кеңесті қайдан алуға болатынын білгіңіз келетін шығар.
Киелі кітап мыңдаған жылдар бұрын жазылса да, онда төмендегі сұрақтарға жауап табуға көмектесетін ескірмейтін принциптер бар.
▪ Дау-жанжалды қалай шешуге және басқалармен жақсы қарым-қатынасты қалай сақтауға болады?
▪ Бақытты қалай табуға болады?
▪ Экономикалық қиындықтармен қалай күресуге болады?
▪ Қалай уайымға салынбауға болады?
Бұл сұрақтардың жауабы “Киелі кітап принциптері бүгінгі қиындықтармен күресуге көмектесе ала ма?” деп аталатын арнайы баяндамада беріледі. Киелі кітапқа негізделген бұл баяндама дүниежүзі бойынша 230-дан астам елде оқылады. Баяндаманы 2011 жылдың 1 мамырында, жексенбі күні, Ехоба куәгерлерінің жергілікті Патшалық сарайында тыңдай аласыз.
Оның мекенжайы мен кездесу уақытын Ехоба куәгерлерінен білуіңізге болады. Сізді шын жүректен шақырамыз.