Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.12. 6-б.
  • Естеріңде ме?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Естеріңде ме?
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Жастар, құрбы-құрдастарыңның қысымына төтеп беріңдер!
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.12. 6-б.

Естеріңде ме?

“Күзет мұнарасының” соңғы сандары саған ұнаған болар. Олай болса, келесі сұрақтарға жауап беріп көр:

• Исраилдіктерді Мысырдан алып шыққан кезде олардың алдынан жіберілген Құдайдың періштесі кім еді? (Мыс. ш. 23:20, 21).

Ехобаның атынан әрекет еткен бұл періште, кейінірек Иса болып жерге келген, оның тұңғыш Ұлы деу қисынды (15.9. 21-бет).

• Неге Иса науқастанған досы Елазарды сауықтыруға асықпады?

Иса келгенде Елазардың мәйіті қабірде жатқанына төрт күн болған еді. Ол Елазарға бірден бармай, кішкене күте тұрса, Әкесі Ехоба жайында жақсы куәлік бере алатынын білді. Осылайша көп адам Құдайға сенді (Жох. 11:45) (1.10. 14, 15-беттер).

• Шынайы ғибадатқа қатысты Құдай қандай сылтауларды қабылдамайды?

“Мен үшін тым қиын”, “ықыласым жоқ”, “қолым тимейді”, “қолымнан келмейді”, “біреу мені ренжітті” сияқты сылтаулар Құдайдың өсиеттерін орындамағанымызды ақтамайды (15.10. 12—15 беттер).

• Қауым кездесулерінен өзіміз және өзгелер көбірек пайда алу үшін не істеу керек?

Алдын ала дайындалу. Кездесулерден қалмау. Кешікпеу. Қажетті әдебиеттерді алып бару. Алаңдамау. Атсалысу. Қысқа да нұсқа жауап беру. Тапсырмаға жауапкершілікпен қарау. Қатысушыларды мақтау. Бауырластармен араласу (15.10. 22-бет).

• Һаронның қысымға беріліп қалғанынан қандай сабақ аламыз?

Мұса жоқ кезде исраилдіктер Һароннан тәңір мүсінін жасап беруін талап етеді. Һарон олардың ырқына көніп, айтқандарын істейді. Бұл оқиғадан қысымға тек жастар ғана берілмейтінін көреміз. Дұрыс нәрсені істеуді қалайтын ересек адамдар да қысымға берілуі мүмкін. Бәріміз де құрбы-құрдастарымыздың қысымына төтеп беруіміз керек (15.10. 8-бет).

• Балаларының жүрегіне Ехобаға және оның халқына деген сүйіспеншілікті ұялату үшін ата-аналар не істей алады?

Мұның бір жолы — оларды Құдай ұйымымен жақсырақ таныстырып, оның біз үшін жасап жатқан игіліктерін көре білуге көмектесу. Балаларыңды барлық кездесуге алып барыңдар. Ұйымның қалай қызмет ететінін және балалардың оған қалай қолдау көрсете алатынын айтып беріңдер. Балаларыңның шама-шарқын ескеріңдер. Оларға жүйелі түрде, аз-аздан болса да, ұйым жайында айтып отырсаңдар, көңілдерін баурап, мәсіхшілер қауымы жайлы біле түсуге деген ықыластарын арттырасыңдар (15.10. 26-бет).

• Ехоба куәгерінің Куәгер емес туысы не танысының үйлену тойына баруына бола ма?

Негізінен, қандай да бір үйлену тойына бару-бармауды әркім өзі шешеді. Алайда Куәгер емес адамдардың тойына баруды шешпес бұрын әрбір мәсіхші Ехобаның алдында есеп беретінін ескергені және бұған қатысты Жазбаларға негізделген принциптерді қарастырып алғаны жөн (15.11. 21-бет).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу