Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.8. 28—32 бет.
  • Көмек сұрап жалынғандарға кім қол ұшын береді?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Көмек сұрап жалынғандарға кім қол ұшын береді?
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Мәсіх билігінің көрінісі
  • Ұлы Сүлейменнің кезіндегі игіліктер
  • Болашақтағы жұмақ
  • Иса жанашырлықпен қамымызды ойлайды
  • Алдымызда молшылық заман
  • “Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен”
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Дәуіт пен Сүлейменнен жолы үлкен Исаны құрметтейік
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Дана патша Сүлеймен
    Киелі кітапта қандай хабар жазылған?
  • “Менімен бірге жұмақта боласың”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.8. 28—32 бет.

Көмек сұрап жалынғандарға кім қол ұшын береді?

“Уа, Құдай, патшаңа әділ шешімдер сыйлай гөр, патша құтқарады жалынған мұқтажды” (ЗАБ. 71:1, 12).

1. Дәуіттің басынан өткен оқиғадан Құдайдың мейірімі туралы не білеміз?

ҚАНДАЙ жұбаныш беретін сөздер десеңші! Мұны ежелгі Исраил патшасы Дәуіт жазған болса керекa. Осы сөздерді жазардан біраз жыл бұрын ол Барсабиямен азғындық жасап, ар-ұжданының алдында азап шеккен болатын. Сол кезде Дәуіт Ехобаға былай деп жалбарынған еді: “Шексіз сүйіспеншілігіңе бола, О, Құдайым, маған рақым ете гөр... Қылмыстарымды жақсы білемін... Мен күнәкар боп дүниеге келдім, құрсақта жатқанда-ақ күнәкар едім” (Заб. 50:1—5). Шынында да, мейірімі мол Ехоба бойымызда туа біткен күнәға деген бейімділік бар екенін есепке алады.

2. Забурдың 71-жыры қандай жұбаныш береді?

2 Ехоба біздің бейшара халімізді түсінеді. Алдын ала айтылып кеткендей, Құдай тағайындаған патша “құтқарады жалынған мұқтажды және қолдаушысы жоқ қаналғанды, ол әлсіз бен кедейді қамқорлайды, оларды ажалдан аман сақтайды” (Заб. 71:12, 13). Патша бізді қалай құтқарады? Жауабы Забурдың 71-жырында жазылған. Дәуіттің ұлы Сүлейменнің билігіне қатысты құрастырылған бұл жыр Құдай Ұлы Иса Мәсіхтің билігі кезінде адамзат қайғы-қасіреттен қалай құтқарылатынының көрінісі болып табылады.

Мәсіх билігінің көрінісі

3. Сүлеймен патша не сұрады және Құдай оған не берді?

3 Патша болып тағайындалған соң, Сүлеймен әкесі Дәуіттен біраз нұсқаулар алды әрі оларды адалдықпен орындады (Пат. 3-ж. 1:32—35; 2:1—3). Кейінірек Ехоба Сүлейменнің түсіне еніп, оған: “Саған не берейін, тілегіңді айт”,— деді (Пат. 3-ж. 3:5). Сүлеймен бір ғана тілек айтты: “Өзіңнің құлыңа Сенің халқыңа төрелік айтуы үшін, жақсылық пен жамандықтың не екенін айыру үшін парасатты жүрек бер”. Сүлейменнің кішіпейіл тілегі үшін, Ехоба сұрағанын және одан да көп берді (Пат. 3-ж. 3:5, 9—13).

4. Сол кезде өмір сүрген басшылардың бірі Сүлейменнің билігі жайында не айтты?

4 Ехобаның батасының арқасында Сүлейменнің билігі кезінде, бұрын-соңды ешқандай басшы қол жеткізе алмаған тыныштық пен молшылық болды (Пат. 3-ж. 4:25). Оның қол астындағы халықтың жағдайының қандай екенін өз көзімен көргендердің ішінде, көптеген қосшыларымен келген Сәба патшайымы болған. Ол Сүлейменге былай деді: “Менің өз жерімде естігендерім шындық екен, тіпті маған жартысы ғана айтылған екен; сенің ақыл-парасатың мен дәулетің мен естігеннен де асып түседі екен” (Пат. 3-ж. 10:1, 6, 7). Алайда Иса одан да асқан даналық танытты. Сол себепті ол өзі туралы: “Мұнда Сүлеймен патшадан да мәртебесі зор Біреу бар!”— деп айта алды (Мат. 12:42).

Ұлы Сүлейменнің кезіндегі игіліктер

5. Забурдың 71-жырынан не білеміз және ондағы сөздер ненің көрінісі болып табылады?

5 Ал қазір Ұлы Сүлеймен Иса Мәсіхтің билігі кезінде қандай баталарға кенелетінімізді білу үшін, Забурдың 71-жырының көңіл бұрарлық тұстарын қарастырайық (Забур 71:1—4 оқы). Бұл Забур жырынан Ехоба өзінің Ұлы — “тыныштық пен амандықты сыйлайтын Әмірші” — Иса Мәсіхтің билігіне қалай қарайтынын білуге болады (Ишая 9:6, 7). Құдайдың басшылығымен Ұлы Сүлеймен ‘жарлылардың ісін әділдікпен қарайды және мұқтаждардың ұрпағын да аман сақтайды’. Оның билігі кезінде тыныштық пен әділдік орнайды. Иса жерде өмір сүргенде жасаған істері Мыңжылдық билігінің тұсында қол жеткізетін жайттардың көрінісі еді (Аян 20:4).

6. Иса Патшалық билігі кезінде орын алатын баталардың көрінісі болып табылатын қандай істер жасады?

6 Забурдың 71-жырындағы пайғамбарлыққа сай Исаның болашақта атқаратын істерінің көрінісі болған әрекеттерінің кейбірін қарастырайық. Оның қиналғандарға танытқан жанашырлығы бізге әсер етпей қоймайды (Мат. 9:35, 36; 15:29—31). Мысалы, бірде алапеспен ауырған кісі Исаға жақындап: “Егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз”,— деп жалбарынды. Иса: “Қалаймын, құлантаза сауығып кет!”— деді. Сонда ол адам ауруынан сауығып кетті! (Мар. 1:40—42). Кейіннен Иса жалғыз баласы қайтыс болған жесір әйелге кезікті. Оған ‘жаны ашыған’ Иса: “Балам, саған айтамын, түрегел!”— деді. Сонда бала қайта тірілді! (Лұқа 7:11—15).

7, 8. Иса сауықтыру құдіретін қолданған кейбір оқиғаларды айтып бер.

7 Ехоба Исаға кереметтер жасайтын күш берді. Мұны ‘он екі жыл бойы қан кетіп ауырған бір әйелмен’ болған оқиғадан көруге болады. “Ол көп дәрігерлерге емделіп талай азап шегіп, бар мал-мүлкін жұмсаса да” денсаулығы одан сайын нашарлап кеткен еді. Қалың тобырдың ішіне ентелеп кірген ол Исаға қолын тигізді. Оның бұл ісі “бойынан қан кеткен” әйелге қатысты заңды бұзу болып табылатын (Леуі. 15:19, 25). Иса өз бойынан күш шыққанын сезіп, шапанына кімнің қол тигізгенін сұрады. Сонда “қорыққаннан дірілдеп” тұрған әйел ‘Исаның аяғына жығылып, шындығын түгелдей айтып берді’. Әйелді ауруынан айықтырған Ехоба екенін білген Иса жанашырлықпен: “Аман-есен қайта бер, қинаған дертіңнен айықтың!”— деді (Мар. 5:25—27, 30, 33, 34).

8 Исаның Құдай берген құдіреттің күшімен ауруларды айықтарғаны осы істердің куәсі болған адамдарды таңғалдырған болу керек. Мысалы, Исаның әйгілі Таудағы уағызының алдында науқас кісілерді айықтырғаны көп адамға әсер еткені сөзсіз (Лұқа 6:17—19). Шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия Исаның Мәсіх екеніне көз жеткізу үшін екі шәкіртін жібергенде, олар Исаның ‘көптеген адамдарды ауру-сырқауларынан сауықтырып, жындарынан арылтып, көп зағиптарға рақым етіп көздерін ашып жатқанының’ куәсі болды. Сонда Иса оларға былай деді: “Сендер көріп-естігендеріңді Жақияға барып, айтып беріңдер: зағиптар көріп, сал болғандар жүріп, алапестер құлан-таза сауығып, саңыраулар естіп, өлгендер қайта тіріліп, жарлыларға Ізгі хабар жарияланып жатыр” (Лұқа 7:19—22). Осы хабарды естіген Жақия жігерленіп қалған болу керек.

9. Исаның кереметтері ненің көрінісі болды?

9 Иса жердегі қызметінің барысында адамдарды ауыртпалықтарынан уақытша ғана құтқарған еді. Ол сауықтырған не қайта тірілткен адамдар кейінірек қайтыс болды. Алайда оның жерде болған кезінде жасаған кереметтері адамдардың Құдай Патшалығының қол астында көретін мәңгілік игіліктерінің көрінісі болған.

Болашақтағы жұмақ

10, 11. а) Патшалықтың әкелетін баталары қаншалықты ұзаққа созылады және Исаның билігі қандай болмақ? ә) Мәсіх жұмақта кімді қайта тірілтеді және ол мәңгі өмір сүру үшін не істеу керек болады?

10 Жердегі жұмақта өмірдің қандай болатынын көз алдыңа елестетіп көрші (Забур 71:5—9 оқы). Жалғыз шынайы Құдайдың қызметшілері жердегі жұмақта күн мен ай нұрын шашып тұрғанға дейін, яғни мәңгілік бойы бақытты өмір кешеді! Патша Иса Мәсіхтің билігі “аспаннан жауған көктемгі жаңбырдай, топырақтың шөлін қандырған нөсердей” болады.

11 Осы Забур жыры орындалатын уақытты көзіңе елестеткенде, жұмақта өмір сүру үміті жүрегіңді тебірентпей ме? Исаның бағанаға шегеленген қарақшыға: “Менімен бірге жұмақта боласың”,— деген сөздері оған қатты әсер еткені күмәнсіз (Лұқа 23:43). Исаның Мыңжылдық билігі кезінде бұл адам өмірге қайта оралады. Егер ол Мәсіхтің билігіне мойынсұнса, онда жерде кемелді денсаулыққа ие болып, мәңгі әрі бақытты ғұмыр кеше алатын болады.

12. Мәсіхтің Мыңжылдық билігі кезінде қайта тірілген ‘күнәкарларға’ қандай мүмкіндік беріледі?

12 Ұлы Сүлеймен Иса Мәсіх билік еткен кезде ‘әділдер өркендейді’ (Заб. 71:7). Иса жерде болған кезінде адамдарға қалай сүйіспеншілікпен қамқорлық көрсеткен болса, ол уақытта да солай етеді. Құдай уәде еткен жаңа дүниеде тіпті қайта тірілген ‘күнәкарларға’ да сүйіспеншілікпен Ехобаның талаптарын орындап, мәңгі өмір сүруге мүмкіндік беріледі (Ел. іс. 24:15). Әрине, Құдайдың талаптарын орындағысы келмейтіндерге әрі қарай да өмір сүріп, жаңа дүниедегі бейбітшілік пен тыныштықты бұзуға жол берілмейді.

13. Патшалық қандай көлемде билік етеді және ондағы бейбітшілік неге ешқашан жойылмайды?

13 Ұлы Сүлейменнің билігі бүкіл жер бетін қамтитынын келесі сөздерден көруге болады: “Ол билік құрады теңізден теңізге дейін, Евфрат өзенінен жердің шетіне дейін, құла түз тұрғындары, жаулары топырақты жалайтын болады” (Заб. 71:8, 9). Иә, Иса бүкіл жер бетіне билік жүргізетін болады (Зәк. 9:9, 10). Оның билігі мен әкелген баталарына дән риза болған адамдар дайындықпен мойынсұнып, “оған бас ұрады”. Ал күнәсіна өкінбейтін адамдар тіпті ‘жүзге келген’ болса да, өлім құшады (Ишая 65:20). Былайша айтқанда, олар “топырақты жалайтын болады”.

Иса жанашырлықпен қамымызды ойлайды

14, 15. Иса адамдардың сезімін түсінетініне және ‘жалынған мұқтажды құтқаратынына’ неге сенімді бола аламыз?

14 Күнәкар адамзаттың жағдайы өте ауыр әрі көмекке аса мұқтаж. Алайда біздің үмітіміз бар (Забур 71:12—14 оқы). Ұлы Сүлеймен Исаның бізге жаны ашиды, өйткені ол кемелсіз екенімізді жақсы түсінеді. Ол тіпті әділдік үшін азапталған болатын әрі Құдай оның әртүрлі сынақтарды бастан кешіруіне жол берді. Мысалы, бірде Исаның жаны күйзелгені сонша, “оның тері қан тамшыларына ұқсап жерге тамып жатты” (Лұқа 22:44). Кейінірек азап шегу бағанасында ол: “Құдайым, Құдайым! Неліктен Мені жалғыз қалдырдың?”— деп дауыстады (Мат. 27:45, 46). Қанша ауыртпалықты бастан кешсе де және Шайтан оны Ехобадан бас тартуға мәжбүрлеуге қанша тырысса да, Иса Ехоба Құдайға деген адалдығынан таймады.

15 Иса біздің ауыртпалықтарымызды көріп отырғанына әрі ‘жалынған мұқтажды және қолдаушысы жоқ қаналғанды құтқаратынына’ сенімді болсақ болады. Әкесі сияқты, Иса да сүйіспеншілікке толы қамқорлықпен “мұқтажға құлақ түреді” және ‘жаралы жүректерді сауықтырып’, олардың жарасын таңып береді (Заб. 68:34; 146:3). Иса “өзіміз сияқты әртүрлі сынақтан өтіп көрді”, сол себептен бізге оның ‘жаны ашиды’ (Евр. 4:15). Иса Мәсіх Патшамыз қазір билік етіп жатқанын және азап шеккен адамзатты құтқаруға дайын екенін білу қандай жұбаныш әкеледі десеңші!

16. Сүлеймен неліктен қол астындағылардың жағдайына түсінушілікпен қарай білді?

16 Даналығы мен көрегендігі Сүлейменді ‘кедейлерге мейірімді болуға’ талпындырғаны сөзсіз. Бұған қоса, оның өмірінде де қайғылы оқиғалар орын алған. Оның бауыры Амнон қарындасы Тамарды зорлады. Сонда Абессалом бұл ісі үшін Амнонды өлтірді (Пат. 2-ж. 13:1, 14, 28, 29). Абессалом әкесі Дәуіттің тағын тартып алмақшы болды, алайда жоспары іске аспай, өзі Жоғабтың қолынан өлім құшты (Пат. 2-ж. 15:10, 14; 18:9, 14). Кейінірек Сүлейменің тағы бір бауыры Адония да патшалық таққа отырғысы келді. Оның таққа отыруы, Сүлеймен үшін өлімді білдірер еді (Пат. 3-ж. 1:5). Сүлеймен адамдардың қайғы-қасіретін түсінгенін ғибадатхананы бағыштау салтанаты кезінде айтқан дұғасынан көруге болады. Қол астындағылар үшін ол былай деп дұға етті: “Азап шегіп, қайғырып жатқан жеке біреу болсын... оларға кешірім беріп, әрқайсысына өзінің ой-ниеті мен істеріне қарай жауабыңды бере гөр” (Шеж. 2-ж. 6:29, 30).

17, 18. Құдай қызметшілерінің кейбірі қандай ауыртпалықтармен күресуде және олар көмек көзін қайдан табуда?

17 Біз өткен өмірде болған жайттардың кесірінен ‘азап шегуіміз’ мүмкін. Отыздар шамасындағы Маржанb есімді Ехоба куәгері былай дейді: “Менде бақытты болуға барлық себеп бар, бірақ жиі басымнан өткерген жайттар есіме түседі де, ұят қысып, жиіркеніш сезімі пайда болады. Мұның бәрі кеше ғана болғандай көңілім қатты құлазып, көз жасыма ерік беремін. Санамда терең із қалдырған сол жайттардың кесірінен әлі де өзімді түкке тұрғысыз және кінәлі сезінемін”.

18 Көптеген Құдай қызметшілері осындай сезімде болуы мүмкін, алайда олар төзімді болуға күшті қайдан ала алады? “Адал достарым мен бауырластар бақытты болуыма септігін тигізуде,— дейді Маржан.— Сондай-ақ Ехобаның болашаққа қатысты уәделеріне назар тігуге тырысамын және қазір көмек іздеп, қиналып жылайтын болсам, болашақта қуаныштан жылайтыныма сенімдімін” (Заб. 125:5). Біз Құдай өзінің Ұлы, яғни тағайындалған Әміршісі, арқылы қамтамасыз ететін нәрселерге үміт артуымыз керек. Осыған қатысты алдын ала былай делінген болатын: “Ол әлсіз бен кедейді қамқорлайды, оларды ажалдан аман сақтайды, әрі зорлық-зомбылықтан қорғайды, олардың қанын қымбат деп санайды” (Заб. 71:13, 14). Қандай сенімділік беретін сөздер десеңші!

Алдымызда молшылық заман

19, 20. а) 71-ші Забур 71 жырынан көрінетіндей Патшалық билігі кезінде қандай проблема шешіледі? ә) Мәсіхтің билігі үшін, бірінші кезекте, кім мадаққа лайық және оның атқаратын істері жайында сен не ойлайсың?

19 Ұлы Сүлеймен билік ететін Құдайдың жаңа дүниесінде әділ адамзаттың өмірі қандай болатынын тағы да көз алдымызға елестетіп көрейікші. ‘Жердің беті егінге толады, қырда дәнді сабақтар өсіп-өнеді’ (Заб. 71:16). Бұл сөздер жердің қаншалықты құнарлы болатынына назар аударады. Оның жемісі Ливандағыдай болады. Ливан Сүлеймен билік еткен кезде өте құнарлы аумақ болған. Ойлап көрші! Азық-түлік тапшылығы және ашаршылық болмайды. Ол кезде барлық адамдар Құдайдың дастарқанынан “майлы тамақ” жейді (Ишая 25:6—8; 35:1, 2).

20 Осы баталар үшін кім мадаққа лайық? Бірінші кезекте Мәңгілік Патша әрі бүкіл ғаламның Әміршісі Ехоба Құдай. Сол уақытта бәріміз де қуанышпен төмендегі әнге қосылатын боламыз: “Патша есімі мәңгілікке ұлассын, күннің сәулесіндей ұзаққа созылсын, ол арқылы барлық ұлттар жарылқансын, есімі оның үздіксіз мадақталсын! Мадақталсын Исраил сиынатын Құдай, тек Жаратқан — керемет жасайтын Құдай! Оның даңқты есімі мәңгі дәріптелсін, күллі жер оның салтанатына кенелсін. Әумин, иә, әумин” (Заб. 71:17—19).

[Сілтемелер]

a Қазақ тіліндегі Киелі кітапқа сәйкес, Забурдың 71-жырының кіріспесінде Сүлейменнің жыры деп жазылғанмен, мұны, осы жырдың соңында айтылғандай, Дәуіт жазған болса керек.

b Есімі өзгертілген.

Қалай жауап берер едіңдер?

• 71-ші Забур 71 жыры ненің пайғамбарлық көрінісі болып табылады?

• Ұлы Сүлеймен деген кім және оның билігі қаншалықты кең көлемді болады?

• 71-ші Забур 71 жырында уәде етілген баталардың қайсысы саған ұнайды?

[29-беттегі сурет]

Сүлейменнің билігі кезіндегі молшылық ненің көрінісі еді?

[32-беттегі сурет]

Ұлы Сүлейменнің билігі кезінде жерде орнайтын жұмақтағы өмір — барынша күш салуға тұрарлық!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу