Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.7. 12—15 бет.
  • “Қорықпа, Мен сені қолдап қорғаймын!”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Қорықпа, Мен сені қолдап қорғаймын!”
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Адал патша және зұлым билеуші
  • Жалғыз қалса да, адалдықтарынан таймағандар
  • Ол күмән себе алмады
  • Қорқыныштан сақтайтын қалқан
  • Азғыруға берілмеу
  • Ехоба еш тастамайды!
  • Ехобаның періштесі Езекияны қорғады
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Езекия сенімі үшін жарылқанды
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2017)
  • Бүгінде жеті бағушы мен сегіз әмірші кімдерді бейнелейді?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме”
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.7. 12—15 бет.

“Қорықпа, Мен сені қолдап қорғаймын!”

ИСА шәкірттеріне: “Шайтан кейбіреулеріңді түрмеге салып, сынамақ”,— деп ескерткен болатын. Алайда бұл ескертудің алдында ол: “Болашақта басыңнан кешетіндеріңнен қорықпа!”— деген еді. Шайтан әлі де Патшалық туралы уағыз ісін тоқтатуды көздейді. Сол себепті ол кейбір үкімет басшыларын мәсіхшілерді қудалап, түрмеге жабуға итермелеуі әбден мүмкін (Аян 2:10; 12:17). Олай болса, Шайтанның айла-амалдарына дайын болуға және Иса айтқандай “қорықпауға” не көмектеседі?

Әрине, көпшілігіміздің бірде болмаса бірде қорқыныш сезінген кезіміз болған. Дегенмен Құдай сөзі Ехобаның қолдауымен қорқынышқа бой алдырмау мүмкін екендігіне сендіреді. Ехоба бізге Шайтан мен оның нөкерлерінің қандай айла-амал қолданатынын ашу арқылы көмектеседі (Қор. 2-х. 2:11). Олардың қандай айла-амал қолданатынын Киелі кітап заманында болған бір оқиғадан көруге болады. Сондай-ақ біз ‘Шайтанның қастық іс-әрекетіне тойтарыс бере алған’ қазіргі заманғы адал бауырластардың үлгілерін қарастырамыз (Ефес. 6:11—13).

Адал патша және зұлым билеуші

Б. з. б. сегізінші ғасырда Ассурдың зұлым патшасы Сеннахирим бірнеше елді жаулап алады. Осы жеңістерінен кейін бойын өзіне деген сенімділік кернеген оның көзі Ехобаның халқына және әділ патша Езекияның тағы орналасқан орталық қала Иерусалимге түседі (Пат. 4-ж. 18:1—3, 13). Әрине, Сеннахирим шынайы ғибадатты жер бетінен құртып жіберуге ұмтылған Шайтанның ықпалында еді (Жар. 3:15).

Сеннахирим халықтың өз еркімен берілуін талап етіп, Иерусалимге хабаршыларын жібереді. Олардың ішінде патшаның өкілі болған Рабшақ та бар болатынa (Пат. 4-ж. 18:17). Рабшақтың мақсаты яһудилердің үрейін ұшырып, қаланы соғыссыз басып алу еді. Яһудилердің жүрегін ұшыру үшін Рабшақ қандай тәсілдер қолданды екен?

Жалғыз қалса да, адалдықтарынан таймағандар

Рабшақ Езекияның өкілдеріне былай деді: “Ұлы патша, Ассирия патшасы былай дейді: сен үміт ететіндей бұл неткен үміт? Ал сенің Мысырға сүйенбек ойың бар, бұл сынған асатаяқ, ол кімнің қолына түсіп, оған сүйенсе, соның қолына кіреді” (Пат. 4-ж. 18:19, 21). Рабшақтың таққан айыбы жалған болатын, өйткені Езекияның Мысырмен ешқандай да келісімі жоқ еді. Алайда бұлай деуімен Рабшақ яһудилерге мынаны айтқысы келген: “Ешкім де сендерге көмекке келмейді, сендер жалғызсыңдар!”

Қазіргі уақытта да шынайы ғибадаттың жаулары мәсіхшілерді бауырластармен байланыссыз қалдырамыз деп қорқытады. Бір мәсіхші әйел түрмеге қамалып, жылдар бойы бауырластармен еш байланыссыз қалады. Ол үрейге бой алдырмауға не көмектескені жайлы былай дейді: “Дұға маған Ехобаға жақындауға көмектесті... Мен үнемі Ишая 66:2-дегі сөздерді есіме алатынмын. Онда Ехобаның назары езілгендер мен рухы күйрегендерде екені жазылған. Бұл сөздер мен үшін күш-қуаттың және жұбаныштың қайнар көзі болды”. Сол сияқты, жылдар бойы оңаша қамауда болған ер бауырлас былай деді: “Ехобамен жақын қарым-қатынасың болса, ешқандай адам соққан қабырға оның қорғанышынан айыра алмайтынына көзім жетті”. Иә, Ехобамен тығыз қарым-қатынаста болғандары бұл екі мәсіхшіге, жалғыз қалғандарына қарамастан, сенімдерінен айырылмауға көмектесті (Заб. 9:10, 11). Қарсыластары оларды отбасымен, достарымен және бауырластарымен байланыссыз қалдырғанмен, Ехобамен байланыстарын еш үзе алмады (Рим. 8:35—39).

Олай болса, Ехобамен қарым-қатынасымызды нығайтудың кез келген мүмкіндігін пайдаланғанымыз қаншалықты маңызды десеңші! (Жақ. 4:8). Біз өзімізден былай деп сұрауымыз қажет: мен үшін Ехоба тірі Құдай ма? Оның Сөзі күнделікті үлкенді-кішілі шешімдеріме қаншалықты әсер етеді? (Лұқа 16:10). Егер Құдаймен тығыз қарым-қатынасымызды сақтауға бар күшімізді салар болсақ, қорқуға еш себеп жоқ. Еңсесі түскен яһудилердің атынан сөйлеген Еремия пайғамбар былай деген: “Терең шұңқырдан мен, Жаратушы Ие, Сенің атыңды атап шақырдым... Мен саған жалбарынғанда Сен жақындадың да: қорықпа, дедің” (Ерм. з. 3:55—57).

Ол күмән себе алмады

Рабшақ күмән тудыру үшін қулыққа көшті. Ол яһудилерге: “[Ехоба] биіктері мен құрбандық орындарын Езекия жойған құдай ма?... Жаратушы Ие: “Сол жерге барып, оны қайыршы ет” деді”,— деп айтты (Пат. 4-ж. 18:22, 25). Осылай айтуымен Рабшақ Ехоба яһудилерге наразы болғандықтан оларға көмектеспейді дегісі келген еді. Бірақ бұл мүлдем олай емес-тін. Ехоба керісінше, шынайы ғибадатқа қайта оралған Езекия мен яһудилерге риза болған (Пат. 4-ж. 18:3—7).

Бүгінде залым қудалаушылар мәсіхшілерде күмән тудыру үшін қандай да бір шынайы мәліметті алып, оған білдіртпей жалған мәліметті қосып айтады. Мысалы, кейде түрмеде отырған бауырластарға сол мемлекетте басшылықты қолға алған бауырлас сенімінен тайып кетті, сондықтан сендер де сенімдеріңнен бас тартсаңдар болады деп айтатын. Алайда мұндай қулықпен қырағы мәсіхшілерді адастыру мүмкін емес.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бір әйел бауырласымызбен болған жағдайды қарастырайықшы. Түрмеде отырғанда тергеуші оған бір жауапты бауырластың сенімінен бас тартқанын растайтын құжат әкеліп көрсетеді де, осы куәлікке сенетін-сенбейтінін сұрайды. Бауырлас: “Ол да кемелсіз пенде ғой”,— деп жауап береді. Сосын, Киелі кітапқа сай әрекет еткенде ғана Құдай ол бауырласты қолданатынын айтады да: “Алайда оның арызы шындықтан тайғанын білдіретіндіктен, бұдан былай ол менің бауырласым емес”,— деп қосады. Бұл адал бауырлас даналық танытып, Киелі кітаптың: “Әміршілерге үміттеріңді артпаңдар, Өткінші пендені сүйеніш қылмаңдар, Пәледен құтқара алмайды олар”,— деген кеңесіне сай әрекет етті (Заб. 145:3).

Құдай Сөзіндегі тура білімге ие болып, оны іс жүзінде қолданғанымыз соңына дейін төзуге деген талпынысымызды әлсіретуі мүмкін жалған ой-пікірлерден сақтануға көмектеседі (Ефес. 4:13, 14; Евр. 6:19). Сол себепті қысым көргенде, байыппен ойлана алуымыз үшін, күнделікті Киелі кітап оқу мен оны зерттеуді өмірімізде басты орынға қоюымыз керек (Евр. 4:12). Иә, қазір білімімізді тереңдетіп, сенімімізді нығайтатын уақыт. Көп жылдар оңаша қамауда отырған бір ер бауырлас былай дейді: “Мен барлық бауырластарды бізге беріліп жатқан рухани ас-судың бәрін бағалап, барынша қолдануға шақырғым келеді. Өйткені кейде оның қаншалықты баға жетпес болатынын алдын ала білу мүмкін емес”. Егер Құдай Сөзін және бүгінгі күні құл табы қамтамасыз етіп отырған әдебиеттерді мұқият зерттейтін болсақ, қиыншылықтарға тап болған кезімізде киелі рух білгендерімізді ‘есімізге салады’ (Жох. 14:26).

Қорқыныштан сақтайтын қалқан

“Менің билеушіммен, Ассирия патшасымен одақ бол [“келісім жаса” ЖД],— деді Рабшақ яһудилерді қорқытуға тырысып.— Мен саған екі мың ат беремін, оларға мінетін сарбаздарды таба аласың ба? Сен менің билеушімнің ұсақ қызметшілерінен шыққан бір көсемнің өзін қалай жеңбексің?” (Пат. 4-ж. 18:23, 24). Адам көзімен қарағанда, Езекия мен оның адамдарының ассириялықтардың мықты сарбаздарына қарсы тұрулары мүмкін емес-тін.

Бүгінде де қудалаушылар, әсіресе үкімет басшылары оларды қолдап тұрса, бізден әлдеқайда күшті болып көрінуі мүмкін. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі нацистік қудалаушылар туралы солай деуге болады. Олар Құдайдың көптеген қызметшісін қорқытуға тырысқан. Түрмеде көп жыл өткізген бір ер бауырлас, өзін қалай қорқытқанын есіне алады. Бірде түрме бақылаушысы одан былай деп сұрады: “Кеше ініңді қалай атып тастағанын көрдің бе? Бұдан қандай сабақ алдың?” Бауырлас оған: “Мен Ехобаның куәгерімін, әрі бола да беремін”,— деп жауап қайырды. Сонда бақылаушы қорқытуға тырысып: “Олай болса, сені де атып тастаймыз!”— деді. Алайда біздің бауырлас адалдығынан таймады, ал қудалаушыларға оны жайына қалдырудан басқа амал қалмады. Бауырласымызға қорқынышқа бой алдырмауға не көмектесті? Ол былай дейді: “Мен Ехобаның есіміне сенім арттым” (Нақ. с. 18:10).

Ехобаға деген берік сеніміміз Шайтанның рухани күйімізді бұзу үшін қолданатын барлық айла-амалдарынан сақтайтын қалқан іспетті (Ефес. 6:16). Сол себепті дұғада Ехобадан сенімімізді нығайтуын сұрағанымыз абзал (Лұқа 17:5). Сондай-ақ адал құл табы ұйымдастырып отырған сенімімізді қатайтатын шаралардың пайдасын барынша көргеніміз жөн. Әлдекім бізді қорқытуға тырысқанда, тәкаппар адамдарға уағыздаған Езекиел пайғамбарға берген Ехобаның уәдесінен жігер ала аламыз. Ехоба оған былай деген: “Мен сенің жүзіңді де солардың бет-әлпеттеріне қарсы тұра аларлықтай етіп сомдадым, және де сенің маңдайың да солардікіне қарсы шыдап берерліктей мықты. Мен сенің маңдайыңды тастан да берік, алмастай еттім” (Езек. 3:8, 9). Қажет болғанда, Ехоба Езекиел сияқты бізді де алмастай мықты ете алады.

Азғыруға берілмеу

Қудалаушылар адамды мінсіздігінен айыру үшін жасаған әдіс-тәсілдері сәтсіз болғанын көргенде, небір сый-сияпаттармен азғыруы мүмкін. Рабшақ та осы айла-амалды қолданған. Ол Иерусалим тұрғындарына былай деді: ‘Ассирия патшасы былай дейді: менімен бітімге келіңдер және менің жаныма шығыңдар. Мен келіп, сендерді өздеріңнің жерлерің сияқты нан мен шарапты жерге, жеміс-жидектер мен жүзім бақтары бар жерге, майлы ағаштар мен балға бай жерге алсам, өмір сүресіңдер, өлмейсіңдер’ (Пат. 4-ж. 18:31, 32). Ыстық нан мен иісі аңқып тұрған шарап ішу ұсынысы қоршаудағы қалада отырған адамдардың құлақтарына жағымды естілген шығар.

Мұндай әдіс бір жолы түрмеде отырған бір миссионердің адал болып қалу шешімін әлсірету үшін қолданылған болатын. Оған әсем саябағы бар әдемі үйде алты ай бойы тұрасың, жақсылап ойлан деген ұсыныс айтылды. Алайда бауырласымыз рухани сергектігін сақтап, өзінің мәсіхшілік ұстанымдарынан бас тартпады. Оған не көмектесті екен? Ол кейіннен былай деді: “Мен Патшалықтың баталары жөнінде ой жүгірттім. Құдай Патшалығы туралы білімім мен оның шын мәнінде бар екеніне деген сенімділігім олардың айла-амалдарына төтеп беруге көмектесті”.

Құдай Патшалығының шын мәнінде бар екеніне қаншалықты сенімдіміз? Рубасы Ыбырайым, елші Пауыл және Иса Құдай Патшалығының шын мәнінде бар екендігіне сенімді болғандықтан, қатаң сынақтарға төтеп бере алды (Філіп. 3:13, 14; Евр. 11:8—10; 12:2). Патшалықты өмірімізде бірінші орынға қойып, оның әкелер мәңгілік баталарын есте ұстар болсақ, сынақтарға кезіккенде уақытша жеңілдік ұсынылып жатса, алданып қалмаймыз (Қор. 2-х. 4:16—18).

Ехоба еш тастамайды!

Яһудилерді қорқытуға қанша тырысқанымен, Рабшақтың ойы іске аспады. Езекия мен оның қол астындағылардың Ехобаға деген сенімдері еш мызғымады (Пат. 4-ж. 19:15, 19; Ишая 37:5—7). Ехоба дұғаларына жауап ретінде бір періштені жіберіп, 185 000 ассириялықты өлтіртті. Келесі күні Сеннахирим масқара болып, қалған әскерлерімен Ассирияның астанасы Ниневиге қайтты (Пат. 4-ж. 19:35, 36).

Өзіне сенім артқандарды Ехобаның тастамайтыны анық. Бүгінде де небір сынақтарға қарамастан, адалдықтарынан таймаған ер және әйел бауырластардың мысалдары Ехобаның қазіргі күні де қызметшілерін қалдырмайтынын көрсетеді. Сондықтан Ехобаның келесі сөздеріне сенімді болсақ болады: “Мен, сиынатын Құдай Иең, Сені оң қолыңнан сүйемелдеймін. Қорықпа, Мен сені қолдап қорғаймын!— деп саған берік уәде беремін” (Ишая 41:13).

[Сілтеме]

a “Рабшақ” ассириялық жоғары дәрежелі шенеуніктердің лауазымы болған. Мұндағы Рабшақтың өз есімі Жазбаларда аталмаған.

[13-беттегі сөздер]

Өз Сөзінде Ехоба қызметшілерін шамамен 30-дан астам рет “қорықпа” деп жігерлендіреді

[12-беттегі сурет]

Рабшақ қолданған тәсілдер бүгіндегі Құдай халқының жауларының айла-амалдарына қай жағынан ұқсайды?

[15-беттегі суреттер]

Ехобамен тығыз қарым-қатынаста болғанымыз сынақтарға кезіккенде мінсіздік сақтауға көмектеседі

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу