Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 1.10. 23-б.
  • Сіз білгенсіз бе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Сіз білгенсіз бе?
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Иерусалим қорғаны
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Нехемия кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жамандықты жақсылықпен жеңіп шық!
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Иерусалимнің қабырғалары
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 1.10. 23-б.

Сіз білгенсіз бе?

Құмырсқаның жазда қысқы азығын дайындайтыны және орақ кезінде тамағын жинайтыны рас па?

▪ Нақыл сөздер 6:6—8 тармақтарда: “Жалқау неме, құмырсқадан үлгі ал, Ісіне қарап оның, парасатқа ие бол! Бастық, бақылаушы, билеушісі болмайды, Жазда қысқы азығын дайындайды, Орақ кезінде тамағын жинайды”,— делінген.

Құмырсқаның кейбір түрлері шынымен де қорек жинайды. Сүлеймен патшаның Нақыл сөздерде айтқан құмырсқасы (бұл түрі бүгінгі Израильде жиі кездеседі) егін жинаушы құмырсқа деп аталады (“Messor semirufus”).

Бір мәлімет көзіне сәйкес, “егін жинаушы құмырсқалар ауа райы жақсы кезде илеуінен шығып, азық іздейді... [және] жылдың қолайлы айларының бәрінде дән терумен болады”. Олар дәндерді өсімдіктерден немесе жерден теріп алады. Бұл жәндіктер жер астындағы илеуін егістікке, қамбаларға немесе қырмандарға жақындау жерлерге жасайды.

Егін жинаушы құмырсқалардың илеуінде бір-бірімен үңгіме жолдар арқылы жалғасқан қорек сақтайтын жайпақ қуыстар бар. Бұл “қоймалардың” биіктігі 1 см, ал диаметрі 12 см-ге дейін жетеді. Жақсы қамданған олар “4 айдан аса уақыт бойы сыртқа қорек іздеп шықпастан”, илеудің ішінде тіршілік ете береді.

Патша шарапшысы қандай қызмет атқарған?

▪ Нехемия парсы патшасы Артаксеркстің шарапшысы болған (Нехемия 1:11). Ежелдегі Таяу Шығыста шарапшы қатардағы сарай қызметшісі емес, лауазымды шенеунік болған. Классикалық әдебиет пен шарапшылар бейнеленген көптеген көне оймабедерге қарап, Нехемияның патша сарайында қандай қызмет атқарғаны жайлы бірталай тұжырым жасай аламыз.

Патшаны біреу уландырып өлтірмес үшін, ішімдікті алдымен шарапшы ішіп көретін болған. Сондықтан патша оған толығымен сенім артқан. Тарихшы Эдвин Ямаучидің айтуынша, “Ахемен әулеті [ежелгі парсылар] басқарған шақта сарайдағы қастандық әрекеттердің індеттей жайлағанын ескерсек, сенімді қызметшілердің қаншалықты қажет болғаны түсінікті”. Шарапшы патшаға ықпал ете алатын ең жақын шенеунік болғанға ұқсайды. Патшаның қасында күнде жүргендіктен, шарапшы оның алдына кім кіре алатынын да шеше алатын.

Осындай дәреженің арқасында Нехемияның Иерусалимге барып, қабырғасын қайта тұрғызу жайлы өтініші орындалды. Патша Нехемияны қатты бағалаған болса керек. Бір еңбекке сай, “патша оның өтінішіне жай ғана “Қашан оралмақсың?” деп жауап берген” (“The Anchor Bible Dictionary”) (Нехемия 2:1—6).

[23-беттегі диаграмма/сурет]

Персеполь патша сарайындағы оймабедер

[Диаграмма]

(Толық мәтінді басылымнан қараңдар)

Шарапшы

Патшаның мұрагері Ксеркс

Ұлы Дарий

[Түпдерек]

© The Bridgeman Art Library International

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу