Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.6. 29—32 бет.
  • Жарың опасыздық жасағанда

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жарың опасыздық жасағанда
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Өзіңе Ехобаның көзімен қара
  • Ехобадан келетін жұбаныш
  • Өзгелердің көмегі
  • Кекшілдіктен аулақ бол
  • Сен жеңе аласың!
  • Той өткен соң
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Мәсіхшілік некеңіз баянды болсын!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Некеңді сақтап қалу үшін барыңды сал
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Неке бұзылғалы тұрған болса
    Отбасы бақытының сыры
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.6. 29—32 бет.

Жарың опасыздық жасағанда

МАРГАРИТА күйеуі Рауль екеуі жылдар бойы толық уақытты қызмет еттіa. Бірақ балалы болған соң, көп ұзамай Рауль рухани құлдырай бастады. Содан ол азғындық жолға түсіп, қауымнан шығарылды. “Алғашында өлетін шығармын деп ойладым,— дейді Маргарита.— Жүрегім жараланғаны сонша, жанымды қоярға жер таппадым”.

Джейн тұрмысқа шыға салысымен-ақ күйеуі оны ұратын болды. “Алғаш рет қол көтергенде, төбемнен жай түскендей болды, — дейді Джейн.— Сол кезде жанымды қоярға жер таппағаным-ай, өзімді түкке тұрғысыз сезініп кеттім. Сосын, ол мені сабап алып, кейін кешірім сұрауды шығарды. Мен мәсіхші болғандықтан оны әрдайым кешіріп, болған жайтты ұмытуым керек деп ойладым. Сондай-ақ бұл жағдай туралы ешкімге, тіпті ақсақалдарға да, тіс жармауға тиіспін деп ойлайтынмын. Бұл жайт көп жылға созылды. Мен күйеуім жақсы көру үшін не істеуім керек деп ойлап жүрдім. Ал ақырында күйеуім қызым екеумізді тастап кеткенде, бәріне өзім кінәлімін, отбасын сақтау үшін көбірек күш салуым керек еді деген ойға келдім”.

Маргарита және Джейн сияқты сен де күйеуіңнің опасыздық жасағанының кесірінен эмоционалдық, қаражат және рухани жағынан қиыншылық көріп жүрсің бе? Немесе әйелің адалдығынан тайғандықтан, азап шегіп жүрген шығарсың? Расында да, біз қазір Киелі кітапта “қиын-қыстау күндер” деп аталатын уақытта өмір сүрудеміз. Осы пайғамбарлыққа сай, “соңғы дәуірде” бауырмалдықтың жоқтығынан отбасы құрылымы қиындыққа ұшырауда. Кейбіреулердің Құдайды қастерлеймін дегені жалған болып шығуда (Тім. 2-х. 3:1—5). Бұл проблемалар шынайы мәсіхшілерді де айналып өтпейді. Олай болса, өмірлік серігіміз тастап кеткен жағдайда, қалай әрекет етуіміз керек?

Өзіңе Ехобаның көзімен қара

Алғашында, сүйікті адамың сені осыншама азапқа салғанына сену қиын болуы мүмкін. Тіпті оның опасыз ісі үшін өзіңді кінәлайтын да шығарсың.

Есіңде болса, кемелді болған Исаның өзіне сенім артқан және жақсы көрген адамы опасыздық жасаған. Иса ең жақын достарын, яғни елшілерін түнімен дұға ете отырып, көп ойланып барып таңдаған. Ол кезде он екі елшінің бәрі Ехобаның адал қызметшілері еді. Сондықтан Яһуданың ‘опасыздық жасағаны’ Исаның жанына қатты батқаны сөзсіз (Лұқа 6:12—16). Алайда Ехоба Яһуданың ісі үшін Исаны жауапқа тартқан жоқ.

Әрине, кемелсіз болғандықтан ерлі-зайыптылардың екеуі де қателеседі. Киелі рухтың жетелеуімен забур жыршысы былай деген: “Сен күнәларды есіңнен шығармасаң, Кім алдыңда тірі қалар, уа, Жаратқан?” (Заб. 129:3). Иә, жұбайлар Ехобаға еліктеп, бір-бірінің кемелсіздіктерін кешіре білулері керек (Пет. 1-х. 4:8).

Алайда “әрқайсымыз Құдай алдында өз іс-әрекетіміз үшін есеп береміз”. Егер ерлі-зайыптылардың бірі екіншісін сөзбен не іспен қорлайтын болса, Ехобаның алдында жауап береді. Ехоба қорлайтын сөздер мен зорлық-зомбылықты жек көреді. Сондықтан некелік жарға деген мұндай сүйіспеншіліктен және құрметтен жұрдай әрекетті еш ақтауға болмайды (Заб. 11:5; Ефес. 5:33; Қол. 3:6—8). Егер мәсіхші қайта-қайта ашуға бой алдырып, мұнысына еш өкінбесе және ой қалпын өзгертпесе, қауымнан шығарылады (Ғал. 5:19—21; Жох. 2-х. 9, 10). Серігі бұл жайттар туралы ақсақалдарға айтудан тартыншақтамауы керек. Ехоба мұндай опасыздыққа кезіккен адамға жанашырлықпен қарайды.

Әлдекім неке адалдығын бұзғанда, жарына ғана емес, Ехобаға да қарсы күнә жасайды (Мат. 19:4—9; Евр. 13:4). Егер кінәсіз жары Киелі кітаптың принциптеріне сай өмір сүруге барынша тырысып жүрген болса, жарының опасыздығына өзін кінәлі сезінудің қажеті жоқ.

Ехоба сенің не сезінетініңді түсінетінін есіңнен шығарма. Ол өзін Исраил халқының ері ретінде суреттейді және оның Сөзінде Исраил халқының рухани мағынадағы азғындығы оның жанына батқаны жөнінде көптеген әсерлі мәлімет жазылған (Ишая 54:5, 6; Ерм. 3:1, 6—10). Егер жұбайың қандай да бір опасыздық жасаған болса, Ехоба сенің көз жасыңды елеусіз қалдырмайды (Малх. 2:13, 14). Ол сенің жұбаныш пен жігерге мұқтаж екеніңді біледі.

Ехобадан келетін жұбаныш

Қауым кездесулерінен жаныңа жай таба аласың. Бұл — Ехобаның жұбаныш беретін шарасының бірі. Джейнге де қауым арқылы көмек көрсетілді. “Эмоционалдық жағынан қатты азап шегіп жүргенімде, біздің қауымға аудандық бақылаушы келді,— дейді Джейн.— Күйеуіммен ажырасқалы жаным күйзеліп жүргенін білетін ол, маған уақыт бөліп, Қорынттықтарға 1-хат 7:15-тегі және сол сияқты принциптердің үстінен ой жүгіртуіме көмектесті. Жазба орындары мен оның жылы-жылы сөздерінің арқасында өзімді кінәламайтын болдым және жаным жай тапты”b.

Жоғарыда аты аталған Маргаритаға да Ехоба мәсіхшілер қауымы арқылы көмек көрсетті. “Күйеуімнің күнәсіна өкінбейтініне көзім жеткенде, екі ұлымды алып басқа қалаға көшіп кеттім,— дейді Маргарита.— Ол жерде бір үйдің екі бөлмесін жалға алдық. Келесі күні көңілім құлазып, заттарымды реттеп жатқанымда есік қағылды. Мен келесі бөлмеде тұратын үй иесі шығар деп ойлағанмын. Сөйтсем, менің анаммен Киелі кітапты зерттеген және біздің отбасымызға шындықты білуге көмектескен әйел бауырлас екен! Үй иесімен Киелі кітапты зерттеуге келген ол мені көрем деп ойламапты-да. Оны көргенде қуанғаннан жүрегім жарылып кете жаздады. Содан оған ішімдегінің бәрін ақтарып салдым. Жағдайымды түсіндірген соң, екеуміз қосыла жыладық. Ол сол күні бізді қауым кездесуіне ертіп барды. Қауым бізді жылы қарсы алды, ал ақсақалдар менің отбасыма рухани көмек көрсетілуіне қам жасады”.

Өзгелердің көмегі

Қауым мүшелері әртүрлі көмек көрсете алады. Мысалы, Маргарита жұмысқа орналасты да, бір отбасы мектептен кейін балаларына қарай тұруға келісті.

“Бауырластардың мені және балаларымды қызметке алып шыққандарына өте ризамын”,— дейді Маргарита. Осылай ету арқылы қауым мүшелері ‘бірінің ауыр жүгін екіншісі көтерісуге’ дайын екендіктерін көрсетіп, ‘Мәсіхтің өсиетін орындайды’ (Ғал. 6:2).

Біреудің күнәсінан жапа шегіп жүрген адам осындай іс жүзінде көрсетілген көмекті қатты бағалайды. Күйеуі Мониканы шиеттей төрт баласымен тастап кетеді. Бұған қоса, банкке қарыз 15 000 АҚШ доллары да Мониканың мойнында қалады. Ол былай дейді: “Бауырластар маған нағыз сүйіспеншілік танытты. Олардың көмегінсіз күніміз қараң болар еді. Ойлап қарасам, осындай керемет бауырластарды Ехобаның өзі жіберіп отырған. Олардың көмегімен балаларым әжептәуір рухани өсті. Кеңеске мұқтаж болғанымда, ақсақалдар жанымнан табылатын. Ал біреумен сөйлескім келсе, мені мұқият тыңдайтын” (Мар. 10:29, 30).

Әрине, нағыз достар жараның аузын аша бермейді (Екк. 3:7). Маргарита былай дейді: “Жаңа қауымымдағы әйел бауырластармен көбінесе, менің проблемаларым жайлы емес, уағыз қызметі, Киелі кітап зерттеу сабақтары және балаларымыз туралы әңгімелесетінбіз. Олардың маған өткенді еске ала бермей, алға қарай жүруге көмектескендеріне дән ризамын”.

Кекшілдіктен аулақ бол

Кейбіреулер жарының күнәсіна өзін кінәлі сезінбейді, қайта, оның қылығының кесірінен қанша қиналғанын ойлайды. Осындай сезімдермен күреспесе, адам бірте-бірте Ехобаға адал болуға деген шешімінен таюы мүмкін. Сөйтіп, тіпті опасыздық жасаған жарынан кек алуға дейін баратын шығар.

Егер бойыңда осындай сезімдер пайда бола бастағанын байқасаң, Ешуа мен Халептің үлгісі жайлы ой жүгірт. Олар бастарын қатерге тіге отырып, Уәде етілген жерді барлауға барған еді. Өзге барлаушылар Ехобаға сенім артудың орнына, халықты өз беттерінше әрекет етуге талпындырды. Ал халықты Құдайдың тілін алуға шақырған Ешуа мен Халепті кейбір адамдар тіпті таспен ұрып өлтіргісі келді (Ру. сан. 13:25—14:10). Опасыз халықтың кесірінен Ешуа мен Халепке олармен бірге 40 жыл бойы шөлдалада жүруге тура келді.

Осылай болғанына Ешуа да, Халеп те күйінген болса керек. Десе де олар бауырларының күнәсіна бола қатуланбады, өйткені Ехобамен қарым-қатынастары олар үшін ең маңыздысы еді. Ал 40 жыл өткен соң леуіліктермен бірге Уәде етілген жерге кіру мәртебесіне ие болды (Ру. сан. 14:28—30; Ешуа 14:6—12).

Жарыңның жасаған опасыздығының салдарынан пайда болған жан жарасы көп уақытқа дейін жазылмайтын шығар. Некелерің ойран болып, эмоционалдық және қаржы жағынан қиыншылықтарға душар болуларың мүмкін. Алайда жағымсыз ойлардың сені жантыныштығынан айыруына жол берме. Опасыздық жасаған исраилдіктердің мысалынан көрінетіндей, Ехоба өзінің заңдарын бұзатын адамдарды жазасыз қалдырмайды (Евр. 10:30, 31; 13:4).

Сен жеңе аласың!

Ұнжырғаңды түсіретін жағымсыз ойларға берілме, қайта, санаңды рухани ойларға толтыр. “Үн таспаға жазылған “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналдарын тыңдағаным маған қатты көмектесті,— дейді Джейн.— Қауым кездесулеріне белсенді қатысқанның арқасында проблемаларым жайында ойлай бермедім әрі күш-жігер алып тұрдым. Уағыздау қызметіне атсалысқанымның да көп көмегі болды. Өзгелерге Ехобаға деген сенім дамытуға көмектесе жүріп, өз сенімім де нығайды. Сондай-ақ бірнеше адаммен Киелі кітапты зерттегеннің арқасында назарымды басты нәрселерге тіге алдым”.

Жоғарыда аты аталған Моника былай дейді: “Қауым кездесулерінен қалмай, уағыздау қызметіне шамам келгенше атсалысқаным бәріне төзуге көмектесті. Балаларыммен, қауыммен қарым-қатынасым нығая түсті. Басымнан өткерген жайт осал жақтарымды білуге көмектесті. Мен қиыншылық көрдім, бірақ Ехобаның арқасында жеңе алдым!”

Осындай жағдайға кезіксең, сен де жеңе аласың. Жарыңның опасыздығы қаншалықты ауыр тимесін, елші Пауылдың рухтың жетелеуімен жазған келесі кеңесіне құлақ ас: “Жақсылық жасаудан талмайық! Себебі бұдан шаршап, бас тартпасақ, тиісті уақытта оның игілікті өнімін Құдайдан қабылдайтын боламыз” (Ғал. 6:9).

[Сілтемелер]

a Кейбір есімдер өзгертілген.

b Бөлек тұруға және ажырасуға қатысты Киелі кітаптың көзқарасы “Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар” кітабының 125—130 беттерінде талқыланған.

[31-беттегі сурет]

Жарының опасыздығынан жапа шеккен бауырластарды уағыздау қызметіне шақырып, жігерлендіруге болады

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу