Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 15.5. 22—23 бет.
  • Ойлау қабілетімізді машықтандыра берейік

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ойлау қабілетімізді машықтандыра берейік
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Тәлімгер болуларың керек
  • Ойлау қабілетімізді машықтандырайық
  • Қатты тағамға деген тәбетіңді арттыр
  • ‘Жақсы мен жаманды айыра білесіңдер’ ме?
    2001 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Жастар, түйсіну қабілетін дамытыңдар!
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Әрқайсың жеке бастарыңды сынаңдар!”
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Ең қасиетті сенімдеріңнің негізінде өздеріңді рухани нығайтыңдар”
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 15.5. 22—23 бет.

Ойлау қабілетімізді машықтандыра берейік

ТӘЖІРИБЕЛІ гимнасттың әсем қимылдарын тамашалау неткен ғанибет! Мұндай қимыл жасау үшін гимнаст өз денесін барынша шынықтырады. Сол сияқты Киелі кітап мәсіхшілерді ойлау қабілеттерін машықтандыруға шақырады.

Еврейлерге жазған хатында елші Пауыл: “Қатты тағам болса, кемеліне келіп, іс жүзінде қолдану арқылы ойлау қабілетін жақсы мен жаманды айыруға машықтандырғандарға арналған” (Евр. 5:14 ЖД). Пауыл неге еврей мәсіхшілерді ойлау қабілетін машықтандыруға шақырды екен? Біз ойлау қабілетімізді қалай машықтандыра аламыз?

Тәлімгер болуларың керек

Исаның Мәліксадық іспетті бас діни қызметкер ретіндегі рөлін түсіндірген соң, Пауыл былай деп жазды: “Бұл тақырып туралы тағы бірталай нәрселерді айтқанымыз жөн болар еді, бірақ оларды түсіндіру қиын, өйткені сендер зейін қойып тыңдамайтын болдыңдар. (Мәсіх жолына түскеннен бергі) кездеріңді ескерсек, өзгелерге тәлім берулерің орынды болар еді. Керісінше, сендер әлі де Құдайдың хабарындағы ең бастапқы қарапайым тәлімді басқа біреуден үйренуге мұқтажсыңдар. Өздеріңе “қатты тағамның” орнына әлі де “жұтатын сүт” керек!” (Евр. 5:10—12).

І ғасырдағы еврей халқынан шыққан кейбір мәсіхшілер шындық туралы білімдерін тереңдетіп, рухани өсуге ұмтылмаған. Мысалы, біреулеріне Таурат заңы мен сүндетке отыру туралы айқындала түскен түсінікті қабылдау қиын болған (Ел. іс. 15:1, 2, 27—29; Ғал. 2:11—14; 6:12, 13). Ал басқаларына апта сайынғы діни демалыс күні мен жыл сайын тойланатын Кешірім күніне қатысты салт-дәстүрлерден бас тарту оңай болмағанға ұқсайды (Қол. 2:16, 17; Евр. 9:1—14). Сондықтан Пауыл оларды жақсы мен жаманды айыра білу үшін ойлау қабілеттерін машықтандырып, одан бетер жетілу үшін алға басуға шақырды (Евр. 6:1, 2). Пауылдың сөздері олардың кейбірін өздерінің ойлау қабілеттерін қалай пайдаланып жүргендері туралы ой жүгіртіп, рухани толысуға талпындырса керек. Ал біз туралы не деуге болады?

Ойлау қабілетімізді машықтандырайық

Рухани алға басу үшін ойлау қабілетімізді қалай машықтандыра аламыз? “Іс жүзінде қолдану арқылы”,— дейді Пауыл. Әсем де тура қимылдар жасау үшін гимнаст денесін шынықтырады. Сол сияқты біз де жақсы мен жаманды айыра білу үшін ойлау қабілетімізді машықтандыруымыз қажет.

Гарвард медицина мектебінің психиатрия профессоры Джон Рэти былай деді: “Ойлау қабілетімізді шынықтыру миымыз үшін өте пайдалы”. Джордж Вашингтон университетінің қартаю, денсаулық және адамгершілік орталығының бастығы Джин Коуэннің айтуынша “көп ойланған кезде мидың жасушаларының арасында жаңа өсінділер (дендриттер) пайда болып, синапстардың, яғни көпіршіктердің саны көбейеді”.

Олай болса, ойлау қабілетімізді машықтандырғанымыз және Құдай туралы білімімізді арттырғанымыз жөн. Сонда Құдайдың еркін орындауға барынша дайын боламыз (Рим. 12:1, 2).

Қатты тағамға деген тәбетіңді арттыр

Рухани жетіле түсу үшін өзімізден былай деп сұрауымыз керек: “Шындық туралы түсінігімді тереңдетіп жатырмын ба? Өзгелер мені рухани толысқан адам деп біле ме?” Анасы баласын мейірлене отырып емізеді. Бірақ баласы үлкейген соң да сүтпен қоректеніп, қатты тағам жемейтін болса, анасы уайымдай бастайды. Сол сияқты біз де Киелі кітапты зерттеп жүрген адам рухани алға басып, Құдайға бағышталғанын және шомылдыру рәсімінен өткенін көргенде қатты қуанамыз. Алайда ол әрі қарай рухани өспей қалса ше? Оны уайымдап, мазамыз қашпай ма? (Қор. 1-х. 3:1—4). Иә, тәлімгер уақыт өте келе шәкіртінің өзі де тәлім береді деп күтеді.

Ойлау қабілетімізді пайдалану ой жүгіртуді талап етеді, ал ол үшін күш салу қажет (Заб. 1:1—3). Теледидар көру не басқа да көңіл көтеру түрлері сияқты ойлануды қажет етпейтін істердің маңызды нәрселер жайлы ой жүгіртуге арналған уақытты алып қоюына жол бермейік. Ойлау қабілетімізді машықтандыру үшін Киелі кітап пен “адал да ақылды құлдың” әдебиеттерін зерттеуге деген ықылас дамыту аса маңызды (Мат. 24:45—47 ЖД). Киелі кітапты жеке оқу бағдарламасымен қоса, оны терең зерттеу мен отбасылық ғибадатқа уақыт бөлу қажет.

Мексикада аралаушы бақылаушы ретінде қызмет ететін Джеронимо “Күзет мұнарасының” әр санын қолына тие салысымен зерттейді. Ол әйелімен бірге зерттеуге де уақыт бөледі. Джеронимо былай дейді: “Біз екеуіміз күнде Киелі кітапты бірге оқимыз және “Жақсы жерге қараңдар” кітапшасы мен басқа да зерттеу құралдарын пайдаланамыз”. Роналд есімді бауырлас қауымның Киелі кітапты оқу кестесін ұстанатынын айтады. Сондай-ақ ол жеке зерттеуге бір-екі тақырып таңдап, біраз уақытқа созылатын жоспар құрады. “Осылай еткеннің арқасында мен зерттеу өткізетін күнді асыға күтемін”,— дейді Роналд.

Ал біз ше? Құдай Сөзін зерттеуге және оның үстінен ой жүгіртуге жеткілікті уақыт бөлеміз бе? Ойлау қабілетімізді машықтандырып, Жазбалардағы принциптерге сай шешім қабылдауды үйреніп жүрміз бе? (Нақ. с. 2:1—7). Лайым рухани жетілуді мақсат етейік! Сонда жақсы мен жаманды айыра білу үшін ойлау қабілетін машықтандырған адам қол жеткізетін білім мен даналыққа ие боламыз.

[23-беттегі сурет]

Ойлау қабілетімізді “іс жүзінде қолдану арқылы” машықтандыра аламыз

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу