“Қайдасың, Құдай?!”
2001 жыл 11 қыркүйек: Таңғы сағат 8:46-да жолаушылар ұшағы Нью-Йорктегі дүниежүзілік сауда орталығының солтүстік мұнарасына кеп соқты. Бұл сол күні орын алған лаңкестік әрекеттердің алғашқысы еді. Келесі 102 минуттың ішінде шамамен 3 000 адам қаза болды.
2004 жыл 26 желтоқсан
Үнді мұхитында болған 9 балдық жер сілкінісі алып толқындардың тиегін ағытты. Ашулы толқындар 5 000 шақырымдағы Африка жағалауларын қоса алғанда, 11 елді мекенді шайып кетті. Бір күннің ішінде мерт болып не жоғалып кеткендердің саны 150 000-ға жетті. Ал миллионнан астам адам баспанасыз қалды.
2009 жыл 1 тамыз: Бір ер кісі бес жасар баласымен бірге моторлы қайықпен жүзіп келе жатып, жағадағы кеме тоқтайтын айлаққа соқты. Ол сол сәтте-ақ өліп кетті. Ал ауыр жарақат алған баласы өлі мен тірінің арасында жатып, ертесіне көз жұмды. “Ол бір керемет жолмен тірі қалатын шығар деп үміттенген едік”,— дейді аза тұтқан бір туысы.
Лаңкестік әрекеттер және табиғи апаттар туралы оқығанда, немесе қандай да бір қайғыға душар болғанда көкейіңізде: “Мұның бәрін Құдай көріп тұр ма? Ол бізді тастап кеткен жоқ па?” деген сияқты сұрақтар туындайтын шығар. Келесі мақаладан көретініміздей, Киелі кітап бұл сұрақтарға жұбаныш сыйлайтын жауаптар береді.
[3-беттегі тупдеректер]
© Dieter Telemans/Panos Pictures
PRAKASH SINGH/AFP/Getty Images
© Dieter Telemans/Panos Pictures