Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 1.7. 29—31 бет.
  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 1.7. 29—31 бет.

Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді

РАСТАФАРИa мүшесін шашын қырқуға және ақ нәсілді адамдарға деген жеккөрініштен арылуға не талпындырды? Сондай-ақ зорлық-зомбылыққа құштар әрі есірткі сатумен айналысқан адамға өмір салтын өзгертуге не қозғау салды? Олар өздері не дейді екен?

“Мен тіпті алалаушылықты жеңе алдым” ХАФЕНИ НГАМА

ЖАСЫ: 34

ЕЛІ: ЗАМБИЯ

РАСТАФАРИ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МҮШЕСІ БОЛҒАН

ӨМІРБАЯНЫМ: Мен Замбияда босқындар қосында туылдым. Соғыс басталғанда менің анам Намибияға қоныс аударып, Оңтүстік-Батыс Африка Халықтары Ұйымына (ОБАХҰ) қосылды. Бұл ұйым Намибияда билік жүргізген Оңтүстік Африка үкіметіне қарсы күрескен.

Он бес жасыма дейін біз әртүрлі босқындар қосында көшіп-қонып өмір сүрдік. ОБАХҰ жастарды азаттық үшін күреске үгіттейтін. Біздің бойымызға белгілі бір саяси көзқарас және ақ нәсілді адамдарға деген жеккөрініш сезімін сіңдіруге тырысатын.

Он бір жасқа келгенімде қостағы шіркеудің мүшесі болғым келді. Онда католик, лютеран мен англикан шіркеуінің және басқа да діни ағымдардың ілімдері араласып кеткен болатын. Бірақ шіркеудің пасторымен әңгімелескеннен кейін бұл ниетімнен айнып қалдым. Содан мен атеист болдым. Регги музыкасын жақсы көретіндіктен және қара нәсілді адамдарды әділетсіздіктен құтқарғым келгендіктен он бес жасымда Растафари қозғалысына қосылдым. Шашымды өсірдім, марихуана шектім, ет жеуден бас тарттым және қара нәсілді адамдардың бостандығы үшін күрестім. Алайда өнегесіз өмір салтымды да, қатыгез фильмдер көруді де тоқтатқан жоқпын. Сондай-ақ балағаттап сөйлейтінмін.

КИЕЛІ КІТАП ӨМІРІМДІ ӨЗГЕРТТІ: 1995 жылы, жиырма жасымда, өз өмірім туралы шындап ойлана бастадым. Қолыма түскен Растафарилердің әдебиеттерін оқып шықтым. Олардың кейбірінде Киелі кітаптан үзінділер келтірілетін, бірақ берілген түсініктемелері мені қанағаттандырған жоқ. Сондықтан Киелі кітаптың өзін оқып шығуды шештім.

Кейіннен Растафари досым Ехоба куәгерлері басып шығарған Киелі кітапты зерттеуге арналған кітап берді. Сол басылымды Киелі кітаппен қоса зерттей бастадым. Ал одан кейін Ехоба куәгерімен кездесіп, Киелі кітапты зерттеуді жалғастырдым.

Көп күш салып, ақыры шылым шегуді және ішкілікті тастадым (Қорынттықтарға 2-хат 7:1). Сондай-ақ үсті-басымды ретке келтіріп, шашымды қырқып, порнография мен қатыгез фильмдер көруді және жаман сөз айтуды қойдым (Ефестіктерге 5:3, 4). Ақырында, тіпті алалаушылықты жеңе алдым (Елшілердің істері 10:34, 35). Сонымен қатар нәсілшілдікке талпындыратын музыка тыңдауды және бұрынғы өміріме оралғанымды қалаған достарыммен араласуды доғардым.

Осындай өзгерістер жасаған соң, Ехоба куәгерлерінің Патшалық сарайын іздеп тауып алып, өз қатарларына қосуларын өтіндім. Сөйтіп, менімен Киелі кітап зерттеу сабағы жүргізіле бастады. Ехоба куәгері болу үшін шомылдыру рәсімінен өтуді шешкенімде, отбасы мүшелері бұған қуана қойған жоқ. Анам кез-келген өзге “христиан” дінін ұстана бер, тек Ехоба куәгері болмасаң болғаны деді. Беделді үкімет басшысы болған бір нағашы ағам Куәгер болуды шешкенім үшін мені сөгумен болды.

Исаның адамдарға қалай қарағанынан үйреніп, оның кеңестерін өмірімде ұстанғанның арқасында мен қарсылық пен келеке-мазаққа төзе алдым. Куәгерлердің айтқандарын Киелі кітаптың сөздерімен салыстыра келе, шынайы дінді тапқаныма көзім жетті. Мысалы, олар Киелі кітаптың өзгелерге уағыз айту жайлы өсиетін орындайды (Матай 28:19, 20; Елшілердің істері 15:14). Сондай-ақ саясатқа араласпайды (Забур 145:3, 4; Жохан 15:17, 18).

МАҒАН ТИГІЗГЕН ПАЙДАСЫ: Киелі кітап нормаларына сай өмір сүруді үйренгенімнің көп пайдасы тиді. Мысалы, марихуана шегуді қойғанымның арқасында ай сайын жүздеген доллар қаржы үнемдейтін болдым. Елес көруден құтылдым және денсаулығым жақсарып, сана-сезімім қалпына келді.

Бала күннен бері аңсағанымдай, өмірімде бағыт-бағдар мен мағына пайда болды. Ең маңыздысы, мен Құдайға жақындай алдым (Жақып 4:8).

“Ашуымды тізгіндеуді үйрендім” МАРТИНО ПЕДРЕТТИ

ЖАСЫ: 43

ЕЛІ: АВСТРАЛИЯ

ЕСІРТКІ САТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН

ӨМІРБАЯНЫМ: Бала күнімде менің отбасым көшіп-қонып жүретін. Мен кішкентай қалаларда, үлкен қалада және біраз уақыт аборигендердің арасында тұрдым. Ол уақыттан біршама жақсы естеліктер қалды: бөлелеріммен және нағашыларыммен бірге балық, аң аулайтынбыз, ағаштан бумеранг және басқа да заттар жасайтынбыз.

Әкем боксшы еді және ол мені кішкентайымнан төбелеске үйретті. Сөйтіп мен жиі төбелесетін болдым. Жасөспірім кезімде күн ұзақ кафе-барларда ішімдік ішуді шығардым. Достарыммен бірге ұрынарға қара іздеп жүретінбіз. Пышақ және бейсбол битасымен қаруланып, жиырма не одан да көп адамдарға қарсы шыға беретінбіз.

Жағалауда жұмыс істейтіндердің ұрлап әкелген заттарын және есірткі сатып ақша табатынмын. Сондай-ақ есірткі сатушыларға қарыздар адамдарға барып, мылтық не тапаншамен қорқытып, ақшаларын тартып алатынмын. Болашақта жалдамалы кісі өлтіруші болғым келді. Мен “сен өлтірмесең, сені өлтіреді” деген қағиданы ұстанатынмын.

КИЕЛІ КІТАП ӨМІРІМДІ ӨЗГЕРТТІ: Мен Ехоба куәгерлері туралы бала кезімде естігенмін. Жасым жиырмалар шамасында болғанда, анамнан оларды қайдан табуға болатынын сұрағаным есімде. Ал екі күннен кейін Диксон есімді куәгер біздің үйдің есігін қақты. Біраз сөйлескеннен кейін ол мені Ехоба куәгерлерінің жиналысына шақырды. Мен келісе кеттім. Міне, содан бері жиырма жылдан астам уақыт бойы сол кездесулерден қалмай келемін. Куәгерлер менің сұрақтарымның бәріне Киелі кітапқа негіздеп жауап бере алды.

Ехоба барлық адамдарға, тіпті күнәкарларға да, назар аударатынын білгенім жаныма жай сыйлады (Петірдің 2-хаты 3:9). Ол сүюші Әке ретінде, тіпті бәрі менен бас тартса да, үнемі қамымды ойлатынын білдім. Сондай-ақ өмірімді өзгертсем, ол барлық күнәларымды кешіретінін білгенім маған зор жұбаныш берді. Ефестіктерге 4:22—24-дегі сөздер маған қатты әсер етті. Бұл үзінді мені ‘ескі күнәкар болмысымды’ тастап, ‘Құдайға рухани жағынан ұқсас жаратылған жаңа адам’ болуға талпындырды.

Өмір салтымды өзгерту оңай болған жоқ. Бір апта бойы есірткі шекпей жүріп, бірақ демалыс күндері достарыммен кездескенде, қайтадан шегіп қоятынмын. Ақырында өмірімді өзгерткім келсе, олардан аулақ болуым керек екенін түсіндім. Сөйтіп, басқа штатқа көшуді шештім. Достарымның біразы мені шығарып салуды ұсынғанда, мен қарсы болмадым. Жолда олар марихуана шекті және маған да ұсынды. Мен оларға мұндай әдеттерімді қойғанымды айттым. Сөйтіп штаттың шекарасынан әрі қарай жолды жалғыз жалғастырдым. Біраз уақыт өткен соң, достарымның қару қолданып банк тонағандарын естідім.

МАҒАН ТИГІЗГЕН ПАЙДАСЫ: Достарымнан ажыраған соң, өмірімді өзгерту әлдеқайда жеңіл болды. Осылайша 1989 жылы шомылдыру рәсімінен өтіп, Ехоба куәгері болдым. Осыдан кейін қарындасым және әке-шешем Ехобаға қызмет етуді бастады.

Міне, үйленгеніме он жеті жыл болды және сүйкімді үш балам бар. Мен, тіпті біреу қитығыма тисе де, ашуымды тізгіндеуді және ‘әрбір ұлттан, халықтан, тілден шыққан’ адамдарды жақсы көруді үйрендім (Аян 7:9). Исаның мына сөздерінің шындық екендігіне көзім жетті: “Егер сендер айтқандарымды естеріңе сақтап, жүзеге асырсаңдар, шынымен менің шәкірттерім боласыңдар. Сонда ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді” (Жохан 8:31, 32).

[Сілтеме]

a Растафарилер — Ямайкадағы секта мүшелері. Жиі шаштарын ұзын етіп өсіріп, өріп жүреді, сондай-ақ Эфиопияның бұрынғы императоры Хайле Селассиены құдай деп санайды.

[30-беттегі сөздер]

Нәсілшілдікке талпындыратын музыка тыңдауды доғардым

[31-беттегі сөздер]

Достарыммен бірге ұрынарға қара іздеп жүретінбіз. Пышақ және бейсбол битасымен қаруланып, жиырма не одан да көп адамдарға қарсы шыға беретінбіз

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу