Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w10 1.1. 3-б.
  • “Болды, осы соңғысы”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Болды, осы соңғысы”
  • 2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Алкогольді ішімдікке қатысты дұрыс көзқарас
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ішімдіктің шегін қалай білуге болады?
    Сан түрлі тақырыптар
  • Киелі кітапта ішімдік туралы не айтылған?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Ішімдікке қатысты байыпты көзқарасты ұстан
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w10 1.1. 3-б.

“Болды, осы соңғысы”

АЛЕНa алкогольді ішімдік іше бастағанда он бір жаста болатын. Ол достарымен бірге фильмдерден көрген ересек кейіпкерлердің іс-әрекетін қайталайтын. Олар еліктеп жүрген кейіпкерлер ойдан шығарылған болатын, бірақ ішетіндері кәдімгі ішімдік еді.

Алғашында бір-екі стақан ішімдік ішіп жүрген Тони қырық жасқа келгенде күнде кешке бес-алтауын төңкеріп тастауды шығарды. Ал уақыт өте келе ол күн демей, түн демей ішетін болды.

Ален жаман әдетімен күресу үшін басқалардан көмек іздеді. Тони болса, отбасы мүшелері мен достарының қамқорлығынан бас тартты. Ален бүгін басынан кешкендерін айтып беріп отыр, ал Тони осыдан бірнеше жыл бұрын ішімдіктің кесірінен болған жол апатынан қайтыс болды.

Адамның ішкілікке салынғанының кесірінен жиі өзгелер де зардап шегіп жатадыb. Ішіп алған адам өзгелерге тіл тигізеді, қол жұмсайды, тіпті адам өлтіруге де барады. Ішімдікке салыну жиі жол апатына не жұмыс орнында қандай да бір бақытсыздыққа және денсаулықтың нашарлауына әкеп соқтырады. Сондай-ақ жеке адамдардың, отбасы мүшелерінің, балалардың сезімін жаралаудан басқа, қоғамды да жыл сайын көп шығынға ұшыратады.

Құрама Штаттардың Денсаулық сақтау институтының мәлімдеуіне сай “ішімдікті жиі ішіп тұратын адамның бәрі бірдей маскүнем бола бермейді және алкогольді ішімдікке байланысты проблемасы бар адамдардың бәрі күнде іше бермейді”. Көп адам маскүнем болмаса да, тым көп ішетінін өздері де байқамайды. Өзге біреулері оқта-текте ішкенімен, бір ішкенде молынан ішеді.

Егер алкогольді ішімдік ішетін болсаңыз, шамаңызды қалай анықтай аласыз? Қай кезде “болды, осы соңғысы” деп өзімізді алдағанымыз дұрыс болмас еді? (Нақыл сөздер 23:29, 30). Келесі екі мақалада осы мәселеге қатысты пайдалы мәліметтерді қарастырамыз.

[Сілтемелер]

a Кейбір есімдер өзгертілген.

b Әйел затына қарағанда ер адамдар көбірек маскүнемдікке салынып жатады. Десе де, бұл мақалалар ерлерге де, әйелдерге де қатысты.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу