Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.8. 30—32 бет.
  • Жауапты қызметке қайта орала аласың ба?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жауапты қызметке қайта орала аласың ба?
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Жауапты қызметке оралуға ынталан
  • Жағымсыз сезімдерге берілме
  • Қиын жағдайлардан сабақ алу
  • “Ол Ехобаның жүрегін жібітті”
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Үмітіңді Ехобаға арт”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • “Мен Құдай емеспін ғой!”
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Әйүп кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар
    2006 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.8. 30—32 бет.

Жауапты қызметке қайта орала аласың ба?

МӘСІХШІЛЕР қауымында қандай да бір жауапты қызмет атқарған ба едің? Қызмет көмекшісі, ақсақал ретінде қызмет еткен немесе толық уақытты қызметтің біріне атсалысқан боларсың. Тағайындалған міндетіңді орындаудан қуаныш пен қанағат алғаның анық. Бірақ қандай да бір себеппен оны тоқтатуға мәжбүр болдың.

Қызметіңнен қол үзуге отбасының қамы себеп болған шығар. Бәлкім, жасың ұлғайған немесе денсаулығың нашарлаған болар. Бірақ мұндай шешім енді сен керексізсің дегенді білдірмейді (Тім. 1-х. 5:8). I ғасырда өмір сүрген Філіп миссионер болып қызмет етіп, кейіннен отбасының қамымен Кесарияға қоныс тепті (Ел. іс. 21:8, 9). Ал ежелгі Исраилдің патшасы Дәуіт қартайған шағында ұлы Сүлейменді тағына отырғызды (Пат. 3-ж. 1:1, 32—35). Осындай өзгеріске қарамай, Ехоба Філіп пен Дәуітті әрі қарай да жақсы көрген және бағалаған. Оларды біз де құрметтейміз.

Мүмкін, қауымдағы жауапты қызметтен сені босатқан шығар. Бұған дұрыс емес іс-әрекет немесе отбасыңдағы қиындықтар себеп болды ма? (Тім. 1-х. 3:2, 4, 10, 12). Мұндай шараның қажеті жоқ еді деп ойлап, әлі күнге дейін өкпе-назың тарқамай жүрген шығар.

Жауапты қызметке оралуға ынталан

Жауапты қызмет атқару мәртебесі саған енді қайта берілмей ме? Барлық жағдайда олай емес. Бірақ сен жауапты қызметке оралуға ынталануың керек (Тім. 1-х. 3:1). Неліктен? Ехобаны және оның қызметшілерін жақсы көргендіктен. Осы себеппен де өзіңді Құдайға бағыштаған жоқсың ба?! Сүйіспеншілігіңді қайтадан қызмет ету арқылы көрсетуге дайын болсаң, жауапкершіліктен айырылғанға дейін және кейін жинақтаған тәжірибеңді Ехобаның қолдануына жол бересің.

Исраил халқы қасиетті қызметтен айырылған соң, Ехоба оларға: “Мен өзгермеймін; Жақыптың ұлдары, сендердің тірі қалғандарың содан”,— деген еді (Малх. 3:6). Демек, Ехоба исраилдіктерді жақсы көрген және оларды әрі қарай да қолдануды қалаған. Сені де қолданғысы келеді. Қазіргі жағдайыңда сен не істей аласың? Теократиялық міндеттер жүктегенде бауырластың қабілетінен гөрі, Ехобамен қарым-қатынасына көбірек мән беріледі. Олай болса, қауымда қосымша міндеттерің жоқ кезде бар күшіңді рухани нығаюға жұмса.

Сенімде “күшті тұру” үшін ‘Иемізге әрі Оның құдіретіне ден қоюың’ қажет (Қор. 1-х. 16:13; Заб. 104:4). Мұның бір жолы — шын жүректен дұға ету. Дұғада бар жағдайыңды және сезіміңді ашық айтып, Ехобадан киелі рух сұра. Сонда оған жақындай түсесің әрі нығаясың (Заб. 61:9; Філіп. 4:6, 13). Рухани күшеюдің тағы бір жолы — Киелі кітапты тиянақты зерттеу. Жүктелген жауапкершіліктерің азырақ болғандықтан жеке әрі отбасымен бірге зерттеуге көбірек уақыт бөле отырып, рухани істермен айналысу әдетіңді қайта қалпына келтіре аласың.

Қандай болған күнде де, сен әлі де Ехобаның куәгерісің (Ишая 43:10—12). Ал әрбір куәгерге берілген ең зор мәртебе — ‘Құдаймен бірге еңбектену’ (Қор. 1-х. 3:9). Уағыздау қызметінде белсенділікті арттыру — өзің үшін де, қызметтес бауырласың үшін де рухани нығаюдың керемет жолы.

Жағымсыз сезімдерге берілме

Қандай да бір жауапты қызметтен айырылғаныңа ұялатын, өкінетін, не болмаса өзіңді ақтауға тырысатын шығарсың. Бірақ жауапты бауырластар өзіңді қорғайтын дәлелдерді тыңдап болған соң да, жауапты қызмет атқара алмайсың деп шешкен болса ше? Олар туралы жағымсыз сезімдерге берілгенің жауапты қызметке ұмтылуға және болған жағдайдан сабақ алуға кедергі жасайды. Әйүптің, Манасаның және Жүсіптің мысалдары жағымсыз сезімдермен күресуге қалай көмектесетінін қарастырайық.

Әйүп басқалардың атынан Ехобаға сөйлеген, жұртқа билік айтқан, әулеттің ақсақалы болған (Әйүп 1:5; 29:7—17, 21—25). Бірақ ол бақытсыздыққа душар болып, дүние-мүлкінен, бала шағасы мен денсаулығынан айырылып қалады. Тіпті адамдардың алдында беделі түседі. Сонда ол: “Менен жасы кішілер маған күліп жүр”,— дейді (Әйүп 30:1).

Әйүп өзін мүлдем кінәсізбін деп есептеп, Ехобаның алдында ақталуға тырысты (Әйүп 13:15). Бірақ ол Ехобаны күтуге дайын болды, әрі мұның батасын көрді. Ол өзіне, әсіресе сынақты қалай қабылдағанына қатысты түзету қажет екендігін түсінді (Әйүп 40:6—8; 42:3, 6). Осындай кішіпейілділік танытқаны үшін Әйүп Құдайдың мол батасына ие болды (Әйүп 42:10—13).

Егер жауапты қызметтен дұрыс емес ісің үшін айырылған болсаң, Ехоба мен мәсіхші бауырластарың сені шынымен кешіріп, болған жайтты ұмытты ма, жоқ па, соны білгің келетін шығар. Осыған орай Яһуданың патшасы Манасаның мысалын қарастырайық. Ол ‘Жаратушы Иенің көз алдында Оны қаһарландыратын көптеген лайықсыз істер істеді’ (Пат. 4-ж. 21:6). Алайда біз Манасаның адал патша болып өлгенін білеміз. Бұл қалай болды?

Манаса түзетуді қабыл алды. Кезінде ескертулерге құлақ аспаған соң, Ехоба оған қарсы ассириялықтарды көтерген болатын. Нәтижесінде олар аяқ-қолын кісендеп, оны шалғайдағы Бабылға тұтқынға әкетеді. Сол жерде Манаса “ата-бабалары сиынған Құдай Иесіне жалбарынып, Оның алдында бас ұрып, күнәсін мойындап, мінажат етеді”. Шын жүректен өкініп, бұрынғы істерін тастағаны үшін Құдай Манасаны кешіреді (Шеж. 2-ж. 33:12, 13).

Жауапкершіліктердің түгелімен бірден қайта жүктелуі сирек орын алатын жағдай. Бірақ уақыт өте келе қандай да бір тапсырмалар берілуі мүмкін. Оларды бар ықыласпен орындайтын болсаң, саған басқа да міндеттер сеніп тапсырылады. Әрине, бұл қадамдарды жасау оңай болмас. Кейде сәтсіздікке ұшырауың мүмкін. Қалай болған күнде де, дайындық рухы мен табандылықтың арқасында ісіңде жемісті бола аласың.

Жақыптың ұлы Жүсіптің мысалын қарастырып көрейік. Он жеті жасында оны ағалары құлдыққа сатып жібереді (Жар. 37:2, 26—28). Мұндай опасыздықты ол бауырларынан күтпесе керек. Алайда басына түскен ауыр жағдайға мойымай, ол әрекет етуге дайындық рухын танытады. Сол үшін Ехобаның батасын көріп, Жүсіп мысырлық қожайынның ‘сарай басқарушысы’ болады (Жар. 39:4). Кейінірек түрмеге тасталады. Ол жерде де өзінің адал адам екенін көрсетеді және Ехоба оған жар болады. Нәтижесінде оған түрмеде жауапты іс сеніп тапсырылады (Жар. 39:21—23).

Жүсіп басына түскен жағдайлардың белгілі бір мақсатпен болып жатқанын білген жоқ. Ол жай ғана қолынан келгенді істей берді. Осының арқасында Ехоба оны уәде етілген Ұрпақ шығатын текті сақтап қалу үшін қолдана алды (Жар. 3:15; 45:5—8). Әрине, ешқайсымыз да Жүсіп сияқты маңызды рөл атқарамыз деп күтпейміз. Бірақ бұл оқиғадан қызметшілеріне жауапкершілік жүктелуде Ехобаның қатысы болатынын көреміз. Олай болса, Жүсіпке еліктеп өзіңді қолдануға Ехобаға жол бер.

Қиын жағдайлардан сабақ алу

Әйүп, Манаса және Жүсіп қиындықтарға кезікті. Алайда үшеуі де Ехоба жол берген жағдайға мойымады, қайта, одан маңызды сабақ алды. Олардан сен қандай сабақ ала аласың?

Ехобаның нені үйреткісі келетінін көруге тырыс. Әйүп қайғысымен күресемін деп жүріп, өзін ғана ойлап кетті. Сөйтіп, әлдеқайда маңызды даулы мәселе жайына қалды. Алайда Ехоба сүйіспеншілікпен түзеткенде ол есін жиып: “Мен ештеңе түсінбеген... іс туралы осылай дедім”,— деді (Әйүп 42:3). Жауапты қызметтен айырылғаның жаныңа батқан болса, ‘өзің туралы тиістісінен артық ойламай, қайта, өзіңді саналы түрде бағалауға’ тырыс (Рим. 12:3). Бәлкім, Ехоба сені өзің толық түсінбейтін жолмен түзеткісі келетін шығар.

Түзетуді қабыл ал. Манаса алғашында сонша қатаң жазаланатындай не істеп қойдым деп ойласа керек. Сонда да түзетуді қабыл алып, ісіне өкініш білдірді де, теріс жолынан қайтты. Түзету шарасына қатысты көзқарасың қандай болмасын, ‘Жаратқан Иенің алдында бой ұсын, сонда Ол сені жоғарылатады’ (Пет. 1-х. 5:6; Жақ. 4:10).

Шыдамды әрі үйренуге дайын бол. Басына түскен қиындықтардың кесірінен Жүсіп жек көру мен ыза-кекке беріліп кетуі мүмкін еді. Бірақ ол жағдайды түсінуге және кешірімді болуға тырысты (Жар. 50:15—21). Сен де көңіл қалдыратын жағдайға тап болсаң, шыдамдылық таныт. Ехобаға өзіңді үйретуіне жол бер.

Мәсіхшілер қауымында қандай да бір жауапты қызмет атқарған ба едің? Ехобаның саған мұндай мәртебені қайта сыйлауына мүмкіндік бер. Рухани нығаюдың қамын жаса. Шыдамды да кішіпейіл болып, жағымсыз сезімдеріңді тізгінде. Тапсырылған кез келген істі атқаруға дайын бол. Сонда Ехобаның ‘тура жолменен жүретін адамдарды беретін игілігінен ада қалдырмайтынына’ көзің жетеді (Заб. 83:12).

[30-беттегі сөздер]

Шын жүректен дұға ету арқылы сенімде “күшті тұр”

[31-беттегі сурет]

Өзіңді рухани нығайтудың керемет жолы — уағыз ісіндегі белсенділік

[32-беттегі сурет]

Ехобаның саған қызмет ету мәртебесін қайта сыйлауына жол бер

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу