Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.5. 26—28 бет.
  • Еффейдің адалдығына еліктеңдер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Еффейдің адалдығына еліктеңдер
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Келімсек және қашқын
  • “Тәлім болсын”
  • Сіз білгенсіз бе?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • “Өз еркіңді орындауға үйрете гөр”
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Жалғыз сен ғана шексіз берілгенсің”
    Ехобаға жақында
  • Ехобаға толық арқа сүйегеніміз сенімділік береді
    2011 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.5. 26—28 бет.

Еффейдің адалдығына еліктеңдер

“БҮКІЛ әлемнің Иесі — Құдай, Сенің істерің ұлы да керемет! Халықтардың Патшасы, Сенің жолдарың шынымен әділ де дұрыс! Жаратқан Ие, кім Сенен қорықпас? Сенің атыңның ұлылығын жариялаудан кім бас тартпақ? Жалғыз Сен ғана толықтай қасиеттісің [“адалсың” ЖД]!” (Аян 15:2—4). ‘Айуанның мүсініне табынбаған’ көктегі жаратылыстардың айтқан бұл жыры Ехобаның адалдығына баса назар аударады. Ехоба қызметшілерінің де осы керемет қасиетті танытқанын қалайды.

Шайтан Ібіліс болса Құдайдың жердегі қызметшілерін оған деген сүйіспеншіліктен айыруға тырысып бағуда. Сөйтсе де олардың көбісі ауыр сынақтарға қарамастан, Құдайға деген адалдықтарын сақтап қалған. Ехобаның мұндай берілгендікті жоғары бағалайтынына біз қуаныштымыз. Киелі кітап бізді: “Ехоба әділдікті сүйеді және өзіне берілгендерді тастамайды”,— деп сендіреді (Заб. 37:28 ЖД). Бізге адалдық сақтауға көмектесу үшін, Құдай өз Сөзінде көптеген адал қызметшісінің үлгісін жаздырып қалдырған. Соның бірі — гефтік Еффейдің үлгісі.

Келімсек және қашқын

Еффей філістір жеріндегі Ғолият сияқты Исраилдің қатыгез жаулары шыққан әйгілі Ғат қаласының тұрғыны болған болса керек. Ол туралы алғаш рет Абессаломның Дәуіт патшаға қарсы бүлік жасаған оқиғасынан білеміз. Тәжірибелі жауынгер болған ол өзінің соңынан ерген 600 адаммен елінен қашып, Иерусалимнің төңірегінде тұрып жатқан еді.

Еффеймен оның адамдарының жағдайы Дәуітке бір кездері өзінің де 600 сарбазымен філістір жеріне қашып барып, Ғат патшасы Анхұстан пана тапқанын есіне салған шығар (Пат. 1-ж. 27:2, 3). Дәуіттің ұлы Абессалом төңкеріс жасамақ болғанда, Еффей адамдарымен бірге қалай әрекет етті? Ол Абессаломның жағына шықты ма, әлде бейтарап қалды ма, я болмаса Дәуіт пен оның адамдарына қосылды ма?

Дәуіт Иерусалимнен қашып келе жатып, Беф-Мерхат (еврейше “Алыстағы үй”) деген жерге тоқтайды. Бұл Иерусалимнің Зәйтүн тауы жағындағы Қидрон жазығына жетпей орналасқан соңғы үй болса керек (Пат. 2-ж. 15:17). Сол жерде Дәуіт жанынан өтіп бара жатқан әскерін бақылап тұрады. Сонда ол өзімен бірге адал исраилдіктер ғана емес, барлық хелефейлер мен фелефейлер, гефтік Еффей мен оның 600 жауынгері келе жатқанын көреді (Пат. 2-ж. 15:18).

Дәуіттің көңілі толқып кетіп, Еффейге былай дейді: “Сен де бізбен бірге келе жатуың қалай? Кейін қайт та, ана патшаның [Абессалом болса керек] қасында қал, өйткені сен — өзге жұрттың адамысың және мұнда өз жеріңнен келгенсің; Сенің келгенің кеше, ал бүгін мен сені өзімізбен бірге жүруге зорламақпын ба? Мен бетімнің ауған жағына бара жатырмын; сен қайт және бауырларыңды өзіңмен бірге ала кет, мейірім мен ақиқат сенімің болсын!” (Пат. 2-ж. 15:19, 20).

Сонда Еффей бірге жүруге бекінгенін білдіріп: “Жаратушы Ие бар ғой, менің әмірші патшам да аман болсын; әмірші патшам қайда болсын мейлі, өмірде де, өлімде де, пақырың сенің сонда болады”,— деп жауап береді (Пат. 2-ж. 15:21). Бұл жауап Дәуіттің есіне арғы әжесі Руттың сөздерін түсірсе керек (Рут 1:16, 17). Еффейдің жауабына риза болған Дәуіт: “Ендеше қал да, менімен бірге жүр”,— дейді. “Сөйтіп Гефтік Еффей және оның барлық адамдары мен барлық балалары бірге жүрді” (Пат. 2-ж. 15:22).

“Тәлім болсын”

“Киелі жазбалардағылардың бәрі бізге тәлім болсын деп баяғыда жазылып қалдырылды”,— делінген Римдіктерге 15:4-те. Сондықтан өзімізден: “Еффейден қандай үлгі аламын?”— деп сұрағанымыз жақсы. Оны Дәуітке адал болуға не талпындырғанын қарастырайық. Еффей Исраилде жат жерлік және Філістірден қашып келген болса да, Ехобаны тірі Құдай деп, ал Дәуітті оның майланғаны ретінде мойындаған. Исраилдіктер мен філістірліктердің арасындағы жауластық оның көзқарасына әсер етпеген. Ол Дәуітке жеңімпаз болған жерлесі Ғолиятты және басқа да отандастарын өлтірген адам деп қараған жоқ (Пат. 1-ж. 18:6, 7). Қайта, Дәуіттің Ехобаға деген сүйіспеншілігін және керемет қасиеттерін көре білген. Дәуіт те Еффейді жоғары бағалаған. Сондықтан оның қолына Абессаломмен соңғы шайқаста өз әскерінің үштен бір бөлігін сеніп тапсырған (Пат. 2-ж. 18:2).

Біз де басқа адамның бойындағы жақсы қасиеттерін көре білуге ұлттық, нәсілдік және мәдени өзгешеліктердің, яғни алалаушылық пен жеккөрушіліктің әсер етуіне жол бермейміз. Дәуіт пен Еффейдің арасындағы қарым-қатынастан көрінетіндей, Ехоба жайлы білім мен оған деген сүйіспеншілік мұндай кедергілерді жоюға көмектеседі.

Еффейдің үлгісі жайлы ойланып, өзімізге келесі сұрақтарды қойып көрсек болады: Дәуіттен жолы үлкен Иса Мәсіхке Еффейдікіндей адалдық танытамын ба? Патшалық туралы уағыздау мен шәкірт дайындау ісіне құлшына қатысумен адалдығымды көрсетіп жүрмін бе? (Мат. 24:14; 28:19, 20). Адалдығымды қаншалықты дәлелдеуге дайынмын?

Еффейдің адалдық танытқан үлгісі жайлы ой жүгірту отағаларына да пайдалы. Оның Дәуітке деген адалдығы және оны Құдай майлаған патша ретінде қолдағаны қасындағыларға да әсер еткен. Сол сияқты отағасының шынайы ғибадатты қолдағаны отбасындағыларға да әсер етеді, сөйтсе де бұл кейде уақытша қиыншылықтар тудыруы мүмкін. Дегенмен “шексіз берілген адамға [Ехоба] шексіз берілгендік көрсетеді” (Заб. 18:25 ЖД).

Киелі кітапта Дәуіт пен Абессаломның шайқасынан кейін Еффей жайлы ештеңе жазылмаған. Қысқаша мәліметтің өзінен Дәуіттің өміріндегі қиын кезеңде Еффейдің керемет қасиет танытқанын көреміз. Әрі бұл мәліметтің киелі рухтың жетелеуімен жазылып қалдырылғаны — Еффейдің Ехобаға ұнамды болғанының және адалдығы үшін сыйын алғанының дәлелі (Евр. 6:10).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу