Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.5. 19—20 бет.
  • Күйеулер, Мәсіхтің сүйіспеншілігіне еліктеңдер!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Күйеулер, Мәсіхтің сүйіспеншілігіне еліктеңдер!
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Мәсіх қауымды қамқорлаған
  • ‘Оларды бауырластарым деп атаудан ұялмады’
  • Сендер “маған доссыңдар”
  • Ол “сүйіспеншілігін ақырына дейін... көрсетті”
  • Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын!
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Күйеулер, Мәсіхтің басшылығын мойындаңдар
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Некені баянды етер екі кілт
    Отбасы бақытының сыры
  • Ерлі-зайыптыларға арналған дана басшылық
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.5. 19—20 бет.

Күйеулер, Мәсіхтің сүйіспеншілігіне еліктеңдер!

ЖЕРДЕГІ өмірінің соңғы күні Иса адал елшілеріне былай деді: “Сендерге бір жаңа өсиет айтамын: біріңді бірің жақсы көріңдер! Мен өздеріңді сүйгендей, сендер де бір-біріңді сүйіңдер! Менің шәкірттерім екендіктеріңді елдің бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады” (Жох. 13:34, 35). Иә, шынайы мәсіхшілер бір-бірін сүюлері керек.

Мәсіхші күйеулерге елші Пауыл: “Күйеулер, Мәсіх қауымды қалай сүйсе, сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер [“әрдайым сүйіңдер” ЖД]: Мәсіх қауым үшін жанын қиды!”— деп айтты (Ефес. 5:25). Мәсіхші күйеу, әсіресе жұбайы Ехобаның бағышталған қызметшісі болса, осы кеңеске құлақ асатынын қалай көрсете алады?

Мәсіх қауымды қамқорлаған

Киелі кітапта былай делінген: “Жұбайларын өз тәніндей жақсы көру — күйеулердің міндеті. Әйелін сүйген өзін де сүйеді. Ешкім де өз тәнін жек көрмейді, қайта, оған нәр беріп, баптап күтеді, Иеміз де қауымды солай қамқорлайды” (Ефес. 5:28, 29). Иса шәкірттерін жақсы көріп, бағалаған және оларды қамқорлаған. Кемшіліктеріне қарамастан, Иса оларға мейірімді болып, жұмсақтық танытқан. Ол шәкірттерінің жақсы жақтарына көбірек назар аударған (Ефес. 5:27).

Қауымға сүйіспеншілік көрсеткен Мәсіхке еліктеп, күйеуі әйелін жақсы көретінін сөзімен де, ісімен де көрсетуі керек. Ол әрдайым сезімін осылай білдіріп отырса, жұбайы күйеуінің көзінде бағалы екенін сезініп, бақытты болады. Ал егер күйеуі зайыбына көңіл бөлмейтін болса, тіпті тұрмыс жағдайы жақсы болса да, ол өзін бақытсыз сезінуі әбден мүмкін.

Күйеуі әйелін аялайтынын қалай көрсете алады? Мысалы, ол зайыбын өзгелерге құрметпен таныстырады және қолдау көрсеткені үшін мақтайды. Егер ол қандай да бір істе отбасына зор көмек көрсеткен болса, күйеуі мұны мақтан етуден тартынбайды. Оңашада әйелі күйеуінің сүйіспеншілігін сезінеді. Қолынан ұстау, жымию, құшақтау және мақтау сөздер айту кішігірім нәрселер болып көрінуі мүмкін, бірақ бұлар әйелді бақытты етеді.

‘Оларды бауырластарым деп атаудан ұялмады’

Иса Мәсіх майланған ізбасарларын ‘бауырластарым деп атаудан ұялмады’ (Евр. 2:11, 12, 17). Егер екеуің де мәсіхші болсаңдар, әйелің сен үшін де бауырлас екенін ұмытпа. Зайыбың шомылдыру рәсімінен тұрмысқа шыққанға дейін, не одан кейін өтсе де, оның Ехобаның алдындағы жауапкершілігі неке антынан жоғары тұрады. Ол қауымда түсініктеме бергенде, оны құрметпен “бауырлас” деп атайды. Сен үшін де бауырлас; тек Патшалық сарайында ғана емес, үйде де солай. Патшалық сарайында сияқты үйде де оған мейірімділік пен ізет көрсеткен маңызды.

Қауымда біраз жауапкершіліктерің болса, кейде мұны отбасындағы міндеттеріңмен бірге алып жүру оңай болмауы мүмкін. Өзге ақсақалдармен және қызмет көмекшілерімен жақсы қызметтес болып, жауапкершіліктеріңмен бөлісе білсең, сенің көмегіңе аса мұқтаж бауырласқа, әйеліңе, уақыт таба аласың. Мынаны ұмытпа: қауымдағы жауапкершіліктеріңді өзге де бауырластардың атқара алары шүбәсіз, ал әйеліңмен неке одағына біріккен ер бауырлас — тек сен ғана.

Сонымен қатар саған отбасында басшылық ету тапсырылған. Киелі кітапта: “Әрбір еркектің басы — Мәсіх, әйелдің басы — күйеуі”,— делінген (Қор. 1-х. 11:3). Сен басшылықты қалай жүзеге асыруың керек? Осы тармақтағы сөздерді қайта-қайта оның есіне түсіріп, құрмет көрсетуін талап етпей, қайта, сүйіспеншілік танытқаның абзал. Басшылықты дұрыс жүргізудің кілті — Иса Мәсіхке еліктеу (Пет. 1-х. 2:21).

Сендер “маған доссыңдар”

Иса елшілерін достарым деп атаған. Ол былай деген: “Сендерді бұдан былай құл демеймін, құл иесінің не істеп жүргенін білмейді. Қайта, сендерді достарым деп атадым, өйткені Әкемнен естігендерімнің бәрін сендерге білдірдім” (Жох. 15:14, 15). Иса шәкірттерімен жиі әңгімелесіп тұрған. Сондай-ақ олар біраз нәрселерді бірге істейтін. Қанадағы тойға да ‘Иса шәкірттерімен бірге шақырылған’ еді (Жох. 2:2). Сонымен қатар олардың Гетсимани бағы сияқты, барып тұруды ұнататын жерлері болған. Киелі кітапта Исаның сол жерде ‘шәкірттерімен жиі жиналғаны’ айтылған (Жох. 18:2).

Әйелі үшін күйеуінің ең жақын досы екенін сезіну өте маңызды. Ерлі-зайыптылар, сендердің бірге уақыт өткізіп, өмірдің қуанышты сәттерімен ортақтасқандарың қандай маңызды! Құдайға бірге қызмет етіңдер. Киелі кітапты бірге зерттегендерің қуаныш әкелсін. Бірге уақыт өткізіңдер: серуендеуге шығыңдар, әңгімелесіңдер, дәмдес болыңдар. Ерлі-зайыпты ғана емес, жақын дос болыңдар.

Ол “сүйіспеншілігін ақырына дейін... көрсетті”

Иса “сүйіспеншілігін ақырына дейін... көрсетті” (Жох. 13:1). Кейбір күйеулер Мәсіхке осы жағынан еліктемейді. Олар тіпті, өзге жастау қыз-келіншектерге көз салғаннан болар, ‘жастай қосылған әйелдерін’ тастап кетіп жатады (Малх. 2:14, 15).

Ал өзгелер болса Мәсіхке еліктейді. Мысалы, Вилли есімді мәсіхшіні алайық. Оның зайыбы денсаулығы нашарлағандықтан көп жыл бойы күтімге мұқтаж болды. Ал Вилли бұған қалай қарады? Ол былай дейді: “Жұбайым мен үшін — Құдайдың берген сыйы. Мен оны қатты бағалаймын. Оның үстіне, мен 60 жыл бұрын өмірдің ыстық-суығына қарамай, оған қамқорлық көрсетуді уәде еткенмін. Бұл уәдемді мен ешқашан ұмытпаймын”.

Күйеулер, Мәсіхтің сүйіспеншілігіне еліктеңдер. Бауырластарың әрі достарың болып табылатын Құдайды қастерлейтін әйелдеріңді аялаңдар.

[20-беттегі сурет]

Әйеліңді жан досым деп санайсың ба?

[20-беттегі сурет]

“Әйелдеріңді әрдайым сүйіңдер”

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу