Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 1.7. 24—25 бет.
  • Иоас жаман ортаның әсерінен Ехобадан бас тартты

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иоас жаман ортаның әсерінен Ехобадан бас тартты
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобадан не үшін қорқуымыз керек?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Еходай батыл әрекет етті
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Жастар, алдағы өмірлерің қандай болады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Ехоба батыл әрекет ететіндерді жарылқайды
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2023)
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 1.7. 24—25 бет.

Балаларыңа тәлім беріңдер

Иоас жаман ортаның әсерінен Ехобадан бас тартты

ҚҰДАЙДЫҢ ғибадатханасы орналасқан Иерусалим қаласы үшін қиын уақыт еді. Охозия патша жақында ғана өлтірілген еді. Оның өлімінен кейін анасы Гофолия жан түршіктірерлік істерге барды. Ол Охозияның ұлдарын, яғни өз немерелерін өлтірді! Білесің бе, неліктен?a ~ Гофолия олардың орнына өзі патша болғысы келді.

Алайда Гофолияның немерелерінің бірі — нәресте Иоас аман қалды, ал әжесі бұл туралы білген де жоқ. Кішкентай баланың қалай аман қалғанын білгің келе ме? ~ Иоастың әкесінің қарындасы Иосавеф оны ғибадатханада жасырды. Иосавефтің күйеуі Иодай бас діни қызметкер болатын. Осылайша олар Иоасты аман сақтап қалды.

Иодай мен Иосавеф алты жыл бойы Иоасты ғибадатханада жасырып келді. Онда бала Ехоба Құдай мен оның заңдары туралы тәлім алды. Сөйтіп, Иоас жеті жасқа толғанда, Иодай оның патша болуына қам жасайды. Иодай мұны қалай жүзеге асырғаны және Иоастың зұлым әжесі Гофолиямен не болғаны туралы білгің келе ме? ~

Иодай құпия түрде оққағарлардың арнайы жасағын шақыртып алды. Сол кездерде Иерусалим патшаларында осындай жасақ болатын. Иодай оларға әйелі екеуі Охозияның ұлын қалай аман сақтап қалғанын айтып берді. Сосын, Иоасты көрсеткенде, жасақшылар нағыз патша осы болуы керек деп шешті. Сөйтіп, бәрі бірігіп жоспар құрды.

Иодай Иоасты алып шықты да, патша тәжін кигізді. Сол кезде халық қол соғып: “Патша жасасын!” (ЖД) — деп ұрандатты. Ал оққағарлар жасағы оны қоршап тұрды. Ұрандатқан дауыстарды естіген Гофолия сыртқа жүгіріп шықты да, “Қастандық! Қастандық!”— деп айқайлады. Бірақ Иодайдың бұйрығымен жасақшылар оны сол заматта-ақ өлтірді.

Қалай ойлайсың, Иоас әрі қарай да Иодайдың тілін алып, Құдайдың көзінде дұрыс нәрсені істеуді жалғастыра берді ме екен? ~ Иодайдың көзі тірісінде солай етті. Ол тіпті ғибадатхананы қалпына келтіру үшін халыққа ақша жинатты. Әкесі Охозия мен атасы Иорам ғибадатханаға салғырт қараған болатын. Алайда Иодай өлген соң не болғанын көрейікші (Патшалықтар 4-жазба 12:1—16).

Ол уақытта Иоас қырық жаста болатын. Ехобаға қызмет ететіндермен бірге қала берудің орнына жалған құдайларға табынатындармен достасты. Ол кезде Иодайдың ұлы Зақария бас діни қызметкер болатын. Иоастың жаман қылықтары туралы білгенде, Зақария не істеді деп ойлайсың? ~

Зақария Иоасқа және халыққа: “Сендер Жаратқан Иені қалай қалдырған болсаңдар, сөйтіп Ол да сендерді тастап кетеді”,— деді. Бұған қатты ашуланған Иоас оны таспен ұрып өлтіруді бұйырды. Ойлап көрші: өзі өлім аузынан қалған Иоас, енді Зақарияны өлтіртті (Шежірелер 2-жазба 24:1—3, 15—22).

Бұдан қандай сабақ алуға болады деп ойлайсың? ~ Иә, біз ешқашан қатыгез болған және өзгелерді жек көрген Гофолия сияқты болғымыз келмейді. Керісінше, біз Иса үйреткендей, бауырластарымызды, тіпті жауларымызды да жақсы көруіміз керек (Матай 5:44; Жохан 13:34, 35). Сондай-ақ егер дұрыс әрекет етуді бастаған болсақ, Иоастың қателігін қайталамай, Ехобаны жақсы көретін және оған қызмет етуге талпындыратын адамдармен дос бола беруіміз керек.

a Сұрақтан кейінгі тильда (~) белгісіне келгенде, кідіріс жасап, баланы өз ойын айтуға талпындырсаңыз болады.

Сұрақтар:

  • Иоас кімнен және қалай құтқарылды?

  • Иоастың әділ патша болуына не әсер етті және ол қандай жақсы істер жасады?

  • Иоастың жаман жолға түсуіне не себеп болды және ол кімді өлтіртті?

  • Киелі кітапта жазылған бұл оқиғадан қандай сабақ алуға болады?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу