Жастарымызға арналған
Залым жоспар іске аспады
Нұсқаулар: Бұл жаттығуды тыныш жерде орында. Әңгімені оқығанда, оқиғаны көз алдыңа елестет және өзіңді сол оқиғаның ішінде жүргендей сезін. Дауыстарды естуге тырыс. Басты кейіпкерлердің сезімін түсіну үшін, өзіңді солардың орнына қойып көр.
ОҚИҒАНЫ ҚАРАСТЫР. ДАНИЯЛ 6:1—28 НЕГІЗДЕЛГЕН 79-ӘҢГІМЕНІ ОҚЫa.
Дари қандай адам деп ойлайсың? Оның сырт көрінісі мен дене бітімін сен қалай елестетесің? Ол қалай сөйлейді? (6, 7-абзацты қайта оқы)
Орды және ондағы арыстандарды қалай суреттеп берер едің?
․․․․․
Арыстандары бар орға Даниял тасталған кезде, онда не болды деп ойлайсың?
․․․․․
ТЕРЕҢІРЕК ОЙ ЖҮГІРТ.
Неге Даридің қызметкерлерінің бойын қызғаныш биледі? (2-абзацты қайта оқы)
․․․․․
Неге Даниял жасырынбай дұға ете берді? (5-абзацты қайта оқы)
․․․․․
Қызметшілерінің дұғаға қатысты ұсынған заңы Дариге неге ұнады деп ойлайсың? (3, 4-абзацты қайта оқы)
․․․․․
БІЛГЕНДЕРІҢДІ ІС ЖҮЗІНДЕ ҚОЛДАН. МЫНА НӘРСЕЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛГЕНІҢДІ ЖАЗ:
Қарсылыққа кезіккенде батыл әрекет ету.
․․․․․
Дұғаның маңыздылығы.
․․․․․
Ехоба адал қызметшілерінің қамын ойлайды.
․․․․․
ОСЫ ОҚИҒАДА САҒАН ЕҢ ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТКЕН НЕ БОЛДЫ ЖӘНЕ НЕЛІКТЕН? ․․․․․
[Сілтеме]
a “Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” басылымын қара.