Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 1.10. 3-б.
  • Жақын адам қайтыс болғанда

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жақын адам қайтыс болғанда
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Қайғымен қалай күресуге болады?
    2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 1.10. 3-б.

Жақын адам қайтыс болғанда

2007 жылы 17 шілдеде кешкі жетілердің шамасында Бразилияның Сан-Паулу қаласының ортасындағы бір әуежайда үлкен апат орын алды. Ұшып-қону жолағынан шығып кеткен жолаушылар ұшағы сырғанаған күйі басты жолды кесіп өтіп, жүк қоймасын барып соқты. Бұл апатта 200-ге жуық адам қайтыс болды.

БРАЗИЛИЯ әуежолындағы ең сұмдық апат деп суреттелген бұл оқиға жақындарынан айырылған адамдардың өмірінде өшпес із қалдырды. Соның бірі Клаудет. Осы апат жайында естігенде, ол теледидар қарап отырған еді. Оның Ренато есімді 26 жасар ұлы осы ұшақта болған. Ол сол жылдың қазан айында үйленбекші еді. Клаудет ұялы телефонына қаншама рет қоңырау шалса да, Ренато жауап бермеді. Сонда ол еңіреп жерге отыра кетті.

Анжидің жігіті 1986 жылы қаңтар айында жол апатынан қайтыс болады. Бұл хабарды естігенде, Анжи сел соққандай есеңгіреп қалады. Ол былай деп есіне алады: “Алғашында бұған сене алмадым. Маған бұл жай ғана жаман түс сияқты, оянып кетсем, бәрі өз қалпына келе қалатындай болып көрінді. Буын-буыным қалтырап, ішім біреу ұрғандай қатты ауырып кетті”. Осы оқиғадан соң Анжи үш жыл бойы жан күйзелісінің зардабын тартты. Одан бері 20 жылдан аса уақыт өтсе де, бұл оқиғаны есіне алғанда, оның әлі күнге дейін денесі түршігеді.

Есеңгіреп қалу, сене алмау, дел-салдық және шарасыздық. Жақын адамымыз табан астынан қайтыс болғанда, тұла бойымызды билеп алатын осындай сезімдерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тіпті жақынымыз ұзақ уақыт ауырғандықтан, оның өліміне іштей дайын болсақ та, бұл бізді зор қайғыға батыруы мүмкін. Жақын адамның өліміне толық дайын болу мүмкін емес. Мысалы, Нэнсидің анасы 2002 жылы қайтыс болғанға дейін ұзақ уақыт ауырған еді. Бірақ соған қарамастан, ол ауруханада көз жұмған сәтте Нэнси есеңгіреп еденге отыра кетеді. Ол үшін өмірдің мәні жоғалғандай болды. Одан бері бес жыл өтті, алайда анасын есіне алса, Нэнси әлі күнге дейін жылайды.

Холи Д. Пригерсон есімді бір профессор осыған қатысты: “Жақынынан айырылған адамдардың жарасы ешқашан жазылмайды, тек қана олардың бұған еті үйренеді”,— деген. Күтпеген жерден болсын не аурудан болсын, егер жақын адамыңыздан айырылған болсаңыз, былай деп сұрауыңыз мүмкін: “Мұндайда қайғыру орынды ма? Қайғымен қалай күресуге болады? Мен оны қайта көремін бе?” Келесі мақалада осы және сізді мазалайтын басқа да сұрақтар талқыланады.

[3-беттегі түпдерек]

EVERTON DE FREITAS/AFP/Getty Images

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу