Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.6. 27-б.
  • Иса тозақ оты туралы айтқан ба?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Иса тозақ оты туралы айтқан ба?
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.6. 27-б.

Иса тозақ оты туралы айтқан ба?

ТОЗАҚ оты туралы ілімді жақтайтын адамдар дәлел ретінде Исаның Марқа 9:48-де жазылған сөздерін келтіреді. Онда Иса өлмейтін құрттар мен сөнбейтін от туралы айтқан. Егер біреу сенен осы сөздердің мәнін сұраса, не деп жауап берер едің?

“Жаңа дүние аудармасында” былай деп жазылған: “Егер сені көзің сүріндіретін болса, оны лақтырып таста; екі көзіңмен құрттары да өлмейтін, оты да сөнбейтін жаһаннамға лақтырылғаннан гөрі сыңар көзбен Құдайдың патшалығына кіргенің артық” (Мар. 9:47, 48).

Кейбір адамдар Исаның осы сөздері жаман адамдар өлген соң, олардың жандары мәңгі азапталатын болады деген көзқарасты растайтынын айтады. Мысалы, испан тіліндегі бір Киелі кітапта берілген түсіндірмеде былай айтылады: “Мұнда Иеміз тозақтың азабы туралы айтқан. Көп еңбекте ‘өлмейтін құрттар’ тозаққа түскендердің мәңгі өкініп күйзелуін, ал ‘сөнбейтін от’ олардың шеккен азабын бейнелейтіні айтылады” (“Sagrada Biblia”. The University of Navarre).

Алайда Исаның сөздерін Ишая кітабының соңғы тармағымен салыстырып көрсек, оның сонда жазылған сөздерді келтіріп тұрғанын байқау қиын емесa. Мұнда пайғамбар “Иерусалимнен оның айналасындағы Бен-Һенном (жаһаннам) сайына бару туралы айтқанға ұқсайды. Бұл сай бұрын адамдарды құрбан ету орны болған (Ерм. 7:31), ал кейін қоқыс тасталатын жерге айналған” (“The Jerome Biblical Commentary”). Ишая 66:24-тегі бейнелі сөздердің азап шегіп жатқан адамдарға емес, олардың өліктеріне қатысты айтылғаны анық көрінеді. Мұндағы өлмейтін нәрселер — тірі адамдар не олардың өлмес жандары емес, құрттар. Олай болса, Исаның сөздерін қалай түсінуге болады?

Католиктердің бір еңбегінде Марқа 9:48-ге қатысты не айтылғанына назар аударайықшы: “[Бұл] сөздер Ишая кітабынан алынған (66,24). Мұнда пайғамбар өлі дененің әдетте екі жолмен — шіру немесе өртену арқылы — жойылатынын көрсеткен... Мәтінде құрттар мен оттың қатар айтылғаны жойылу туралы ойды күшейтеді... Бұл жоюшы күштің екеуі де тұрақты жайттар (‘өлмейді, сөнбейді’) ретінде суреттеледі, демек бұлардан аман қалу мүмкін емес. Жойылмайтын нәрсе — адам емес, құрттар мен от қана, ал олар өз билігіне түскен нәрсенің бәрін жалмайды. Демек тармақта мәңгі азап шегу емес, қайта тірілу мүмкіндігінен айыратын толық жойылу, яки біржола өлу туралы айтылған. Олай болса, [от] жойылуды бейнелейді” (“El evangelio de Marcos. Análisis lingüístico y comentario exegético”. Volume II).

Шын Құдайдың сүйіспеншілігі мол әрі әділ екенін білетін әрбір адамға Исаның сөздерін осылай түсіну әлдеқайда қисынды көрінері сөзсіз. Ол зұлым адамдар мәңгі азап шегеді деп айтпаған. Мұндай адамдарға толық жойылып, қайта тірілмей қалу қаупі төніп тұр.

[Сілтеме]

a “Олар қаладан шыққанда Маған қарсы бас көтергендердің өліктерін көреді. Солардың тәндерін кеміретін құрттар өлмейді, жалындаған от та мәңгі сөнбейді. Осылай жазаланған күнәкарлар бүкіл адамзат үшін жексұрын болады” (Ишая 66:24).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу