Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w08 15.6. 3—6 бет.
  • Күшсіз болғанда, күштіміз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Күшсіз болғанда, күштіміз
  • 2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “Шаншылып түйрелу азабы”
  • Жасырын әлсіздіктер
  • Ехоба қолдайды
  • Жасырын әлсіздіктерді жеңе білу үшін
  • ‘Шаншылып түйрелу азабына’ төтеп беріңдер
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Киелі кітап өміріңізді әлі де өзгертіп жатыр ма?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • “Әлсіз кезімде күштімін”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Ақсақалдар, Пауылдың үлгісіне еліктей беріңіздер
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
Көбірек мәлімет
2008 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w08 15.6. 3—6 бет.

Күшсіз болғанда, күштіміз

ӘЛСІЗДІКТЕРІМІЗ сүліктей жабысып айырылмай, еңсемізді басып тастауы мүмкін. Бізге олардан құтылу мүмкін еместей көрінетін немесе өзімізді өзгелермен салыстырып, “маған олар сияқты болу қайда” деген ой келетін шығар. Я болмаса бойымызды қандай да бір ауру меңдеп, күш-қуатымыз бен өмірдегі қуанышымыздан айыратын болар. Жағдайымыз қандай болмасын, біз өзімізді тығырыққа тірелгендей сезінуіміз мүмкін. Бәлкім, өзімізді Әйүп сияқты сезінетін шығармыз. Ол Құдайға: “О, егер Сен төменгі жақта [немесе шеолда] мені, Өзіңнің ашуың тарқағанша, жасырып, тығып қойсаң ғой, маған мерзім беріп, сосын мен жайында есіңе алсаң ғой!”— деген (Әйүп 14:13).

Мұндай шарасыздық күйден қалай құтылуға болады? Бұл үшін, қиын болғанына қарамай, біраз уақытқа барлық ауыртпалықтарымызды ұмытып, көңілімізді басқа нәрсеге аудару қажет. Мысалы, Ехобаның адал қызметшісі Әйүпке қойған сұрақтары жайлы ойлансақ болады. Ол: “Жердің негізін Мен салған кезде сен қайда болдың? Білсең, айт. Егер білетін болсаң, айт, кім оның өлшемін жасаған?”— деп сұраған (Әйүп 38:4, 5). Осы сұрақтардың мәніне ой жіберсек, Ехобаның асқан даналығы мен құдіретін мойындамай тұра алмаспыз. Оның дүниедегі жағдайға араласпай отырғанына келелі себебі бар екеніне сенімді болуымызға болады.

“Шаншылып түйрелу азабы”

Өзге бір адал кісі — елші Пауыл Ехобадан ‘шаншылып түйрелу азабын’, яғни маза бермей жүрген қиыншылықты, өзінен аластатуын өтінген. Ол осыны сұрап, Құдайға үш рет жалынған. Бұл нендей азап болмасын, тікен сияқты түйреліп, Пауылды Ехобаға қызмет етуден алатын қуанышынан айыра алатын еді. Пауыл ‘шаншылып түйрелу азабы’ өзін толассыз ұрып-соғып жатқандай сезінген. Ал Ехоба оған: “Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады”,— деп жауап берді. Ехоба оны азабынан арылтқан жоқ. Пауылға онымен күресуге тура келді, бірақ ол: ‘Күшсіз болғанымда, күштімін’,— деді (Қор. 2-х. 12:7—10). Бұл сөздер нені білдіреді?

Пауыл қиыншылығынан керемет түрде арылмағанмен, ол оған Ехобаға деген қызметінде елеулі істер атқаруға кедергі болмады. Ол Ехобаға арқа сүйеген және одан көмек сұрауын доғармаған (Філіп. 4:6, 7). Жердегі өмірінің соңына таман Пауыл: “Мен “игі жарысқа” қатысып, мәреге жеттім, сенімімді сақтап қалдым”,— дей алған (Тім. 2-х. 4:7).

Ехоба өзінің еркін орындау үшін кемшіліктері мен кезігіп жүрген қиыншылықтарына қарамастан, кемелсіз адамдарды қолданады. Осылайша мадаққа орынды түрде Ехобаның өзі лайық болады. Өйткені ол оларға қиыншылықтарымен күресу және қызметтерінде қуаныштарын жоғалтпау үшін басшылық пен даналық береді. Иә, ол кемелсіз адамдарды әлсіздіктері болса да, зор істер атқару үшін қолданады.

Пауыл өзін ‘шаншылып түйрелу азабынан’ Құдайдың неге арылтпағанын түсіндіріп: “Бұл мені өр көкіректеніп кетуден сақтамақ”,— деді (Қор. 2-х. 12:7). Пауылдың “азабы” мүмкіндіктерінің шектеулі екенін есіне салып, кішіпейіл болуына көмектесті. Бұл Исаның: “Өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады”,— деген сөздеріне сай келеді (Мат. 23:12). Сынақтар Құдайдың қызметшілерін кішіпейіл болуға үйретеді және оларға адалдықпен төтеп беру үшін Ехобаға арқа сүйеу керектігін түсінуге көмектеседі. Осылайша, Пауыл сияқты, олар да ‘Жаратқан Иелерімен мақтана’ алады (Қор. 1-х. 1:31).

Жасырын әлсіздіктер

Кейбіреулердің өздері де байқамайтын не мойындағысы келмейтін әлсіздіктері бар шығар. Мысалы, біреу өз-өзіне тым сенімді болуы мүмкін (Қор. 1-х. 10:12). Кемелсіз адамдарға тән тағы бір әлсіздік — атаққұмарлық.

Мысалы, Дәуіт патшаның жасағының қолбасшысы Жоғаб батыл, шешім қабылдағанда тайсалмайтын әрі тапқыр адам болған. Алайда ол өзімшілдігі мен атаққұмарлығының кесірінен ауыр қылмыс жасап, жауыздықпен екі қолбасшыны өлтіреді. Алдымен, Әбенирден өшін алады. Кейінірек, бөлесі Ғамасаны жазым етеді: оған амандаспақ болғансып жақындайды да, сүймек болып, оң қолымен сақалынан ұстап, сол қолындағы семсерін қарнына сұғып алады (Пат. 2-ж. 17:25; 20:8—10). Ғамаса Жоғабтың орнына қолбасшы болып тағайындалған еді, сондықтан Жоғаб бақталасының көзін құртуға болатын сәтті пайдаланады. Ол қайтадан қолбасшы болуға үміттенген болу керек. Байқағанымыздай, Жоғаб сезімін де, атаққұмарлыққа деген бейімділігін де жүгендемеген. Ол еш шімірікпестен жауыздық жасаған. Өлер шағында Дәуіт патша ұлы Сүлейменге Жоғабтың жасаған қиянаты үшін қарымтасын қайтаруды тапсырды (Пат. 3-ж. 2:5, 6, 29—35).

Біз жаман құмарлықтарымызға ешқашан бой алдырмауымыз керек. Біз әлсіздіктерімізден үстем бола аламыз. Ол үшін, алдымен, оларды байқауымыз және мойындауымыз керек. Сосын, арылу үшін күш салуымыз қажет. Мысалы, Ехобадан көмек сұрап, ұдайы дұға етуге, сондай-ақ олармен күресудің жолын іздеп, ынты-шынтымызбен Құдай Сөзін зерттеуге болады (Евр. 4:12). Кемшіліктерімізбен біраз уақыт күресуге тура келетін шығар, бірақ бұған көңіліміз түспеу керек. Өйткені ол біз кемелділікке жеткенше жалғасуы мүмкін. Осыны түсінген Пауыл өзі жайлы: “Қалағанымды емес, керісінше, жек көретінімді істеп жүрмін”,— деген. Алайда, өзіміз білетіндей, әлсіздіктерін жүгендеуге болатынын білген ол оларға бой алдырмаған. Қайта, Иса Мәсіх арқылы Құдайдың көмегіне жүгініп, күресуді тоқтатпаған (Рим. 7:15—25). Басқа бір Жазба орнында ол: “Басқаларды рухани күреске шақырған мен “жүлде” бөліскенде құр алақан қалмау үшін тәнімді ауыртпалықтарға душар еткізіп, өзіме бағындырып жатырмын”,— деген (Қор. 1-х. 9:27).

Адам өзін ақтауға бейім. Бірақ біз бұдан аулақ бола аламыз. Ол үшін Ехобанікідей көзқарас дамытып, Пауылдың мәсіхшілерге айтқан “жамандықтан аулақ жүріп, жақсылықтан ажырамаңдар” деген сөздеріне сай әрекет етуіміз керек (Рим. 12:9). Әлсіздіктерімізді жеңу үшін шыншыл да табанды болу және өз-өзімізді тәрбиелей білу қажет. Дәуіт Ехобадан: “Бүйректерім мен жүрегімді тазарт”,— деп өтінген (Заб. 26:2, ЖД). Ол Құдайдың қанымызға сіңген бейімділіктерімізге дұрыс бағам беріп, бізге қажет болғанда, көмектесе алатынын білген. Ехобаның өз Сөзі және киелі рухы арқылы беретін басшылығына құлақ ассақ, кемшіліктерімізді жеңу оңай болады.

Кейбіреулерге қиыншылықтарын өз күшімен жеңе алмайтындай көрінер. Мұндай адамдар қауым ақсақалдарының сүйіспеншілікпен көмек ұсынып, жігер беретініне сенімді бола алады (Ишая 32:1, 2). Бірақ байсалды болған жөн: кейбір қиыншылықтар бұл жалғанда шешілмейді. Сөйткенмен де көп адам оларға төтеп беруді үйреніп, қуанышты өмір кешіп жүр.

Ехоба қолдайды

Бүгінгі қиындығы көп күндерде басымызға не түспесін, Ехобаның бізге басшылық беріп, қолдау көрсететініне сенімді бола аламыз. Киелі кітап бізді мынаған шақырады: “Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде сендерді жоғарылатпақ. Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!” (Пет. 1-х. 5:6, 7).

Бетелде көп жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Кетти күйеуінің Альцгеймер ауруына ұшырағанын білгенде, бұның ауыртпалығын көтере алмайтындай сезінді. Ол даналық пен күш сұрап Ехобаға күнделікті жалбарынумен болды. Күйеуі нашарлаған сайын, сүюші ер бауырластар бұл аурумен қалай күресуге болатынына қатысты мәлімет жинады, ал қамқор әйел бауырластар рухын көтеруге тырысты. Ехоба Кеттиді солар арқылы қолдаған еді. Осының арқасында ол 11 жыл бойы, күйеуі көз жұмғанша, оның қамын жасай алды. Ол: “Көрсеткен барлық көмегі үшін, көзім жасқа толып, шын жүректен Ехобаға ризашылық білдірдім. Оның көмегі бойыма күш берді. Әлім құрып, қалжырап жүрсем де, осынша уақыт бойы тиісті тірлігімді атқара алғаныма таңым бар”,— деді.

Жасырын әлсіздіктерді жеңе білу үшін

Адам өзін түкке тұрғысыз сезінгенде, зарына Ехобаның құлақ асатынына күмәндануы мүмкін. Мұндай жағдайда Барсабиямен ауыр күнә жасағанына қатты өкінген Дәуіттің сөздері жайлы ойланған жақсы. Ол: “Шын өкініп, бағынған жүрекке Сен Теріс қарамайсың, уа, Құдай Ием”,— деген (Заб. 50:19). Дәуіт шынымен өкінген, сондықтан Құдайға дұға етіп, оның мейіріміне ие бола алатынына сенімді болған. Исаның бойынан Ехобаға тән мейірімділік байқалып тұратын. Ізгі хабарлардың бірін жазған Матай Ишаяның сөздерін Исаға қатыстырып: “Ол майысқан таяқты сындырмайды, Бықсыған білтені де сөндірмейді”,— деген (Мат. 12:20; Ишая 42:3). Жерде болған кезінде ол жаны жаралы, жәбір көріп жүргендерге жанашырлық танытқан. Ол сөнуге шақ тұрған шамға теңеуге болатын адамдарды соңғы үмітінен айырмаған. Қайта, көңілдерін мұң басқандарды мейіріммен қамқорлап, бойларындағы өмір ұшқынын жалындатқан. Адамдар арасында өмір сүргенде, Иса, міне, осындай болған. Сен оның әлі де сондай екеніне және әлсіздіктеріңді түсініп, жанашырлық таныта алатынына сенімді екенің сөзсіз. Еврейлерге 4:15-те оның ‘бізге жаны ашитыны, осал жақтарымызды түсінетіні’ айтылған.

Пауыл ‘шаншылып түйрелу азабынан’ жапа шеккенде, Мәсіхтің құдіреті өзі үшін “шатыр іспетті” болғанын жазған (Қор. 2-х. 12:7—9, ЖД). Шатыр қолайсыз ауа райында адамға қорғаныш болатыны сияқты, Пауыл да Құдайдың Мәсіх арқылы қорғаныш болғанын сезген. Біз де осалдықтарымыз бен қиыншылықтарымызға бой алдырмауымыз керек. Рухани әлсіреп қалмау үшін Ехобаның мәсіхшілер қауымы арқылы беріп отырған барлық шараларын қолданғанымыз абзал. Пенденің қолынан келетіннің бәрін істеп, сосын, қадамымызға бағыт беретініне толықтай сенім арта отырып, Құдайға жүгінейік. Сонда оның құдіреті әлсіздіктеріміздің орнын толтырғанын көріп, біз де Пауыл сияқты: ‘Күшсіз болғанымда, күштімін’,— дей аламыз (Қор. 2-х. 12:10).

[3-беттегі сурет]

Пауыл қызметін атқаруына көмектесуін сұрап, Ехобаға ұдайы дұға еткен

[5-беттегі сурет]

Дәуіт патша Жоғабқа өз жасағын сеніп тапсырған

Атаққұмар Жоғаб Ғамасаны өлтірді

[6-беттегі сурет]

Сүюші ақсақалдар Жазбаларға негізделе отырып, қиындықтарымызбен күресуге көмектесетін басшылық береді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу