“Күзет мұнарасының” зерттеуге арналған саны
СЕН оқып отырған журнал — “Күзет мұнарасының” зерттеуге арналған бірінші саны. Ондағы кейбір ерекшеліктермен танысып көрейік.
“Күзет мұнарасының” бұл саны Ехоба куәгерлеріне және рухани алға басып жатқан Киелі кітапты зерттеушілерге арналған. Ол ай сайын шығады және онда төрт не бес зерттеуге арналған мақала болады. Мақалалардың зерттеу кестесі журналдың мұқабасында көрсетіледі. “Күзет мұнарасының” бұл санының ұсынуға арналған санынан ерекшелігі — қызметте таратылмайтындықтан, мұқабасындағы сурет ай сайын өзгертілмейді.
Екінші беттегі зерттеуге арналған әрбір немесе бірқатар мақалалардың түйіні саған зор пайдасын тигізеді, онда қосымша мақалалардың тізімі де келтіріледі. “Күзет мұнарасын” жүргізетін бауырластар қауым кездесуіне дайындалып, талқылауды тиімді өткізу үшін мұның көп пайдасы тиеді.
Сен зерттеуге арналған мақалалардың бұрынғыға қарағанда қысқалау болатынын байқайсың. Осының арқасында зерттеу барысында негізгі тармақтарды қарастыруға көбірек уақыт қалады. Біз сені зерттеуге дайындалған сайын, үзіндісі келтірілмеген тармақтардың бәрін оқып шығуға шақырамыз. Кейбір тармақтардың қасында “оқы” деген сөз бар; оларды зерттеу барысында оқып, талқылау керек. Уақыт жетсе, басқа тармақтарды да оқуға болады. Кей мақалаларда тармақтардың қасында “салыстыр” деп жазулы тұрады. Олар абзацтағы басты ойларды тікелей қолдамайтындықтан, кездесуде әдетте оларды оқудың қажеті жоқ. Сөйтсе де мұндай тармақтарда қызық болатын қосымша мәлімет бар немесе олар қарастырылып жатқан ойларды жанамалап растауы мүмкін. “Күзет мұнарасын” зерттеуге дайындалғанда, оларды оқуға шақырамыз. Бәлкім, түсініктеме бергенде, ондағы ойларды қолданарсың.
Бұдан былай “Күзет мұнарасында” жылдық есеп басылмайды. 2008 жылдан бастап ол “Біздің патшалық қызметіміздің” қосымшасында және “Жылнамада” жарияланады. Алайда, жоғарыда айтылғандай, бұл санда қосымша мақалалар да болады. Көбі қауым кездесуінде талқыланбағанымен, оларды мұқият оқуға шақырамыз. Бұл мақалалар да — “адал да ақылды құлдың” беріп отырған рухани ас-суы (Мат. 24:45—47, ЖД).
“Күзет мұнарасының” осы екі саны — екі түрлі журнал емес. Екеуі де “Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды” деп аталады. Олардың екінші бетінде “Күзет мұнарасының” мақсатын түсіндіретін бірдей мәлімет бар. Екеуі жыл сайын бірге түптелетін болады. Зерттеуге арналған сандағы “Есіңде ме?” айдарында екеуінен де мәлімет келтірілетін болады.
“Күзет мұнарасы” соғыс, экономикалық қиындықтар мен қуғын-сүргінге қарамастан, 1879 жылдан бері талмай Құдай Патшалығы туралы шындықты жариялап келеді. Біз жаңа форматтағы бұл журнал алған бетінен таймасын деп Ехобадан бата сұрап дұға етеміз. Сондай-ақ “Күзет мұнарасының” зерттеуге арналған санын тиімді қолдануларың үшін Ехоба батасын берсін деп, оқырмандар, сендер үшін де дұға етеміз.