“Қарапайым сыйымды қабыл алуларыңды өтінем”
БҰЛ — Ехоба куәгерлерінің Ресейдегі филиалына келген бір хаттағы сөздер. Хатпен бірге жүн шұлыққа толы үлкен жәшік келді.
Бұл сыйлықты Ресейдің Қиыр Шығысындағы қауымда қызмет ететін 67 жастағы Алла есімді Ехоба куәгері жіберген екен. Оның Ехобаға қызмет етіп, Патшалық туралы ізгі хабарды құлшына уағыздап жүргеніне он жылдан асты. Алайда Алла кенеттен сал болып, екі аяғы істемей қалды. Соған қарамастан сүйіспеншілік қозғау салған ол бірінші ғасырдағы бір сенімдегілерге киім тіккен мәсіхші Табита сияқты әрекет етті (Елшілердің істері 9:36, 39).
Өз хатында Алла былай деп жазды: “Менің аяғым қимылдамағанмен, қолым қимылдайды. Сондықтан хат арқылы уағыздаймын”. Сосын ол: “Қолым істеп тұрғанда, бірнеше жылы шұлық тоқиын деп шештім. Бұл шұлықтарды Қиыр Шығыс пен Сібір сияқты суық жерлерде Патшалық сарайларын соққалы жатқан бауырластар кисе екен деймін”,— деп қосты.
Иса Мәсіх өзінің шынайы ізбасарлары туралы: “Менің шәкірттерім екендіктеріңді елдің бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады”,— деген (Жохан 13:35). Алланікідей сүйіспеншілік — Исаның шынайы шәкірттерін ерекшелендіретін белгі.