Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w07 1.8. 24-б.—27-б., 9-абз.
  • Езекиел кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар (ІІ-бөлім)

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Езекиел кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар (ІІ-бөлім)
  • 2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘МЫНА ЖЕР ЕДЕМ БАҒЫ СЕКІЛДІ ЖАЙНАМАҚ’
  • (Езекиел 25:1—39:29)
  • “МЕН САҒАН НЕ КӨРСЕТСЕМ, СОҒАН ШЫНАЙЫ ЖҮРЕГІҢМЕН КӨҢІЛ АУДАР”
  • (Езекиел 40:1—48:35)
  • “Ғибадатхананы сипаттап бер”
    Ехоба таза ғибадатты қалпына келтірді!
  • Езекиел кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар (І-бөлім)
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Ғибадатханаға қатысты заң — осы”
    Ехоба таза ғибадатты қалпына келтірді!
  • “Күндеріңнің соңы келіп жетті”
    Ехоба таза ғибадатты қалпына келтірді!
Көбірек мәлімет
2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w07 1.8. 24-б.—27-б., 9-абз.

Ехобаның сөзі тірі.

Езекиел кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар (ІІ-бөлім)

БҰЛ — б. з. б. 609 жылдың желтоқсан айы. Бабыл патшасы Иерусалимді соңғы рет қоршауға алады. Сүйікті қалалары Иерусалимнің құлауы мен жойылуы Езекиелдің тұтқындағыларға айтқан басты хабары болып келді. Енді ол Құдай халқының басына түсетін апатқа қуанатын пұтқа табынушы халықтардың қасіреті жайлы айтады. Иерусалим 18 айдан кейін құлаған соң, Езекиел хабарының тақырыбы тағы да өзгереді: ол шынайы ғибадаттың керемет түрде қалпына келтірілуі туралы жариялайды.

Езекиел 25:1—48:35 дейінгі тармақтарда Исраилдің айналасындағы халықтар туралы және Құдай халқының құтқарылуы жайлы пайғамбарлықтар жазылғанa. Езекиел 29:17—20 тармақтардағы оқиғадан басқасы хронологиялық әрі тақырыптық ретпен баяндалған. Алайда бұл тармақтар тақырып бойынша орналасқан. Жазбалардың бір бөлігі болып табылатын Езекиел кітабындағы хабар “тірі, әсері де күшті” (Еврейлерге 4:12).

‘МЫНА ЖЕР ЕДЕМ БАҒЫ СЕКІЛДІ ЖАЙНАМАҚ’

(Езекиел 25:1—39:29)

Ехоба Аммон, Моав, Едом, Філістір, Тир мен Сидонның Иерусалимнің құлауына қалай қарайтынын алдын ала білгендіктен Езекиелге оларға қарсы пайғамбарлық айтқызады. Мысыр талан-таражға түспек. ‘Мысырдың патшасы, перғауын және де оның халқы’ ‘Вавилон патшасының семсерімен’ кесіп тасталатын самырсынға теңеледі (Езекиел 31:2, 3, 12; 32:11, 12).

Б. з. б. 607 жылы Иерусалим жойылған соң, алты айдан кейін бір қашқын келіп Езекиелге: “Қала ойрандалды”,— деп хабарлайды. Пайғамбар бұдан былай “мылқау болмай”, тұтқындағыларға сөйлейді (Езекиел 33:21, 22). Оның қайта қалпына келу туралы жариялайтын пайғамбарлықтары бар. Ехоба ‘олардың үстінен қарайтын құлы Дәуітті бақташы етіп тағайындамақ’ (Езекиел 34:23). Едом қаңырап бос қалып, ал оның арғы жағындағы Яһуда ‘Едемнің бағы секілді жайнамақ’ (Езекиел 36:35). Ехоба қайта қалпына келген халқын ‘Гогтың’ шабуылынан қорғайтынын уәде етеді (Езекиел 38:2).

Жазба орындарына қатысты сұрақтардың жауаптары:

29:8—12. Мысырдың 40 жыл бойы қаңырап бос тұруы қай уақытта болды? Б. з. б. 607 жылы Иерусалим қираған соң, яһудилердің тамтығы Еремияның ескерткеніне қарамай, Мысырға қашып кеткен болатын (Еремия 24:1, 8—10; 42:7—22). Алайда бұл жер оларға пана бола алмады, өйткені Набуходоносор Мысырға қарсы шығып, оны жаулап алды. Мысырдың 40 жыл бойы қаңырап бос қалуы осы кезден басталса керек. Осы дүниелік тарих бұны дәлелдемесе де, Мысырдың қаңырап қалғанына күмәнданбауымызға болады. Өйткені Ехоба — өз пайғамбарлықтарын орындайтын Құдай (Ишая 55:11).

29:18. Қалайша “бәрінің басын қотыр жайлады [“тақыр болды”, ЖД] және иықтары да жара болды [“қажалды”, ЖД]”? Құрлықтағы Тир қаласын қоршауға алу өте ауыр және қиын болғаны сонша — Набуходоносор жасақшыларының басы дулыға қажап тастағандықтан тақыр болып, ал иықтары мұнара мен бекіністерді тұрғызатын заттарды көтергеннен қажалып кетті (Езекиел 26:7—12).

Біз үшін сабақ:

29:19, 20. Тир тұрғындары аралдағы қалаға өздерімен бірге көп байлық ала қашқандықтан, Набуходоносор патшаның Тирдан алған олжасы азғана еді. Ол басқа ұлттан шыққан өркөкірек, өзімшіл билеуші болса да, Ехоба оған қызметі үшін Мысырды “әскеріне деген сый-сыяпат” ретінде берді. Біз де шын Құдайға еліктеп, үкіметке игілігімізге істеп жатқан қызметтері үшін салықтарды төлеп отыруымыз керек емес пе? Осы дүниелік билеушілер қалай әрекет етпесін не салықтарды қалай жұмсамасын, бұл бізді осы міндетімізден босатпайды (Римдіктерге 13:4—7).

33:7—9. Бүгінгі ‘қарауыл’ табы, яғни майланғандар тамтығы, мен оның серіктестері Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздаудан және келе жатқан “ауыр азап” жайлы ескертуден ешқашан тартынбаулары керек (Матай 24:21, сілтемені қара).

33:10—20. Біздің құтқарылуымыз теріс жолдан қайтып, Құдайдың талаптарын орындауымызға байланысты. Шындығында да, Ехобаның жолдары “әділ”.

36:20, ЖД; 21. “Ехобаның халқы” деген аттарына сай өмір сүрмегендіктен исраилдіктер басқа ұлттар алдында Құдайдың есіміне кір келтірді. Біз де Ехобаның қызметшілері деп аталып қана қоймауымыз керек.

38:1—23. Ехобаның өз халқын Магог жерінен шыққан Гогтың шабуылынан құтқаратынын білу қандай жұбаныш! Гог — “осы дүниенің әміршісі” Шайтан Ібіліске көктен қуылғаннан кейін берілген атау. Магог жері Шайтан мен оның жын-перілері қуылған жердің маңайына нұсқайды (Жохан 12:31; Аян 12:7—12).

“МЕН САҒАН НЕ КӨРСЕТСЕМ, СОҒАН ШЫНАЙЫ ЖҮРЕГІҢМЕН КӨҢІЛ АУДАР”

(Езекиел 40:1—48:35)

Иерусалим қаласы құлағаннан бері он төрт жыл өтті (Езекиел 40:1). Исраилдіктердің тұтқыннан босатылуына әлі 56 жыл бар (Еремия 29:10). Езекиелдің жасы қазір 50-ге таяп қалды. Аянда ол Исраил жеріне апарылады. Оған: “Адамзаттың ұлы! өз көздеріңмен көр де, өз құлағыңмен естіп ал, және де мен саған не көрсетсем, соған шынайы жүрегіңмен көңіл аудар”,— деп айтылады (Езекиел 40:2—4). Жаңа ғибадатхана туралы аян алғанына Езекиел қалай тебіренген болу керек десеңші!

Езекиел көрген салтанатты ғибадатханада 6 қақпа, 30 асхана, қасиетті бөлме, ең қасиетті бөлме, ағаштан жасалған құрбандық шалатын орын мен түгел өртелетін құрбандықтарға арналған орын бар. Ғибадатханадан аққан су ағыны бара-бара тасқын суға айналады (Езекиел 47:1). Езекиел сондай-ақ әрбір руға жердің бөлініп берілуі жайлы да аян алады: оның әрқайсысы шығыстан батысқа қарай созылған, ал Яһуда мен Бунияминнің үлестерінің арасында басқаруға арналған жолақ орналасқан. Ехобаның “қасиетті жері” мен Ехоба-Шамма деп аталатын “қала” осы жолақта орналасқан (Езекиел 48:9, 10, 15, 35, ЖД, сілтемені қараңдар).

Жазба орындарына қатысты сұрақтардың жауаптары:

40:3—47:12. Аяндағы ғибадатхана нені бейнелейді? Езекиелдің аянындағы өте ауқымды ғибадатхана, шын мәнінде, ешқашан тұрғызылмаған. Ол Құдайдың рухани ғибадатханасын — оның бүгінде таза ғибадат үшін қарастырған ғибадатхана іспетті құрылымын — бейнелейді (Езекиел 40:2; Миха 4:1; Еврейлерге 8:2; 9:23, 24). Ғибадатхана туралы бұл аян діни қызметкерлер тобының тазартылуы орын алған “соңғы дәуірде” орындалуда (Тімотеге 2-хат 3:1; Езекиел 44:10—16; Малахи 3:1—3). Аян жер бетінде жұмақ орнаған кезде толығымен орындалады. Езекиелдің көрген ғибадатханасы тұтқындағы яһудилерге таза ғибадаттың қалпына келетіндігіне және әрбір отбасы жерден өз үлесін алатындығына кепілдік берді.

40:3—43:17. Ғибадатхананы өлшеу нені білдірді? Бұл Ехобаның таза ғибадатқа қатысты ниетінің міндетті түрде жүзеге асатындығының белгісі еді.

43:2—4, 7, 9. Ғибадатханадан аластатылуы керек ‘патшалардың мүрдесі’ деген не? Мүрделер мүсіндерді білдірсе керек. Иерусалимнің билеушілері мен халқы Құдайдың ғибадатханасын әртүрлі мүсіндермен арамдап, былайша айтқанда, оларды патшалары етті.

43:13—20. Езекиелдің аянындағы құрбандық шалатын орын нені бейнелейді? Ол Иса Мәсіхтің төлем құрбандығына қатысты Құдайдың еркін бейнелейді. Осы құрбандықтың арқасында майланғандар “әділ деп жарияланып”, ал ‘өте үлкен тобыр’ Құдайдың көз алдында таза болып есептеледі (Аян 7:9—14; Римдіктерге 5:1, ЖД, 2). Міне, сондықтан да аяндағы ғибадатханада Сүлейменнің ғибадатханасындағы “мыстан құйған науа” — діни қызметкерлер жуыну үшін қолданылатын су құйылған дәу қазан — болмаған (Патшалықтар 3-жазба 7:23—26).

44:10—16. Діни қызметкерлер тобы кімді бейнелейді? Діни қызметкерлер тобы біздің күніміздегі майланған мәсіхшілер тобын бейнелейді. Олардың тазаруы 1918 жылы Ехоба рухани ғибадатханасын ‘қорытуға және тазартуға отырғанда’ орын алды (Малахи 3:1—5). Тазарғандар немесе күнәсына өкінгендер мәртебелі қызметтерін жалғастыра алды. Олар өздерін “осы дүниелік арамдықтардан кіршіксіз пәк ұстау” үшін көп күш салып, осылайша өзге рулармен бейнеленген ‘өте үлкен тобырға’ үлгі болулары керек еді (Жақып 1:27; Аян 7:9, 10).

45:1; 47:13—48:29. “Жер” мен оның бөліп берілуі нені білдіреді? Жер Құдай халқының әрекет ету аясын білдіреді. Құдайдың қызметшісі, қай жерде болмасын, шынайы ғибадатты қолдап жүрсе, қайта қалпына келтірілген жерде болады. Жердің бөліп берілуі жайлы аян жаңа дүниеде әрбір әділ адам жерден өз үлесін алғанда, толығымен орындалады (Ишая 65:17, 21).

45:7, 16. Халықтың діни қызметкерлер мен әміршіге садақа жасауы нені көрсетеді? Рухани ғибадатханада бұл, негізінен, рухани қолдауды — көмек көрсету мен қызметтестік рухын танытуды — білдіреді.

47:1—5. Езекиелдің аянындағы өзен суы нені білдіреді? Су Иса Мәсіхтің төлем құрбандығы мен Киелі кітаптағы Құдай жайлы білім де кіретін Ехобаның өмір үшін қарастырған рухани шараларын білдіреді (Еремия 2:13; Жохан 4:7—26; Ефестіктерге 5:25—27). Өзеннің тереңдей түсуі жаңа адамдардың шынайы ғибадатқа көптеп қосылуына мүмкіндік жасайды (Ишая 60:22). Өзеннің өмір суы Мәсіхтің мыңжылдық билігі кезінде өте қатты ағыспен ағады. Оның суына сол кезде ашылатын ‘кітаптардағы’ түсініктер де жатады (Аян 20:12; 22:1, 2).

47:12. Мол жеміс беретін ағаштар нені бейнелейді? Бейнелі ағаштар Құдайдың адамзатты кемелділікке жеткізу үшін қарастырған шараларын білдіреді.

48:15—19, 30—34, 35, ЖД, сілтеме. Езекиелдің аянындағы қала нені бейнелейді? “Ехоба-Шамманың” “жалпы пайдалануға” арналған жерде орналасқаны оның жердегі нәрсеге қатысты екенін көрсетеді. Бұл қала әділдік орнаған “жаңа жердің” тұрғындарының игілігіне арналған жердегі басшылықты білдірсе керек (Петірдің 2-хаты 3:13). Қаланың әрбір жағында орналасқан қақпалар оның ашық екенін көрсетеді. Құдай халқының бақылаушылары өздеріне басқалар еркін жақындай алатындай ашық болулары керек.

Біз үшін сабақ:

40:14, 16, 22, 26, ЖД. Ғибадатхана қақпаларының қабырғаларына құрма ағашы бейнесінің “ойып салынғаны” құлықтылық тазалықты сақтағандар ғана ішке кіре алатын көрсетеді (Забур 91:13). Бұдан әділ болсақ қана ғибадатымыз Ехобаға ұнамды болатынын білеміз.

44:23. Бүгінгі діни қызметкерлер тобының атқарып жатқан қызметі үшін риза емеспіз бе?! “Адал да ақылды құл” Ехобаның көзінде ненің таза, ал ненің арам екенін ажыратуға көмектесетін рухани ас-суды уақтылы беруде басшылық етеді (Матай 24:45, ЖД).

47:9, 11. Бейнелі судың маңызды бөлігі болып табылатын білім бүгінде адамдарды керемет түрде сауықтыруда. Осы білімді алғандар, жердің қай бұрышында тұрмасын, рухани өмірге ие болуда (Жохан 17:3). Ал өмір суын ішпегендер “тұз алуға арналып қалдырылады”, яғни мәңгіге жойылады. ‘Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйретуге жан сала ұмтылғанымыз’ қандай маңызды! (Тімотеге 2-хат 2:15)

‘Ұлы есімімді шапағатқа бөлеймін’

Шынайы Құдай Дәуіттің үрім-бұтағынан шыққан ең соңғы патша тақтан түскеннен кейін, патша тағының ‘тиесілі’ иесі келгенше бірталай уақыттың өтуіне жол берді. Алайда Құдай Дәуітпен жасаған келісімінен бас тартпады (Езекиел 21:27; Патшалықтар 2-жазба 7:11—16). Езекиел пайғамбарлығында ‘бақташы’ және ‘патша’ болуы керек ‘Өз құлы Дәуіт’ туралы айтылған (Езекиел 34:23, 24; 37:22, 24, 25). Бұл — Патшалық билікке ие болған Иса Мәсіхтің дәл өзі (Аян 11:15). Ехоба Мәсіхтің Патшалығы арқылы ‘ұлы есімін шапағатқа бөлейтін’ болады (Езекиел 36:23).

Жақын болашақта Құдайдың киелі есімін қаралайтындардың барлығы да жойылады. Ал Ехобаға ұнамды ғибадат ету арқылы өмірлерінде осы есімді киелі ететіндер мәңгі өмірге ие болады. Сондықтан бүгінде молынан ағып жатқан өмір суынан барынша ішейік және шынайы ғибадатты өмірімізде басты орынға қояйық.

[Сілтеме]

a Езекиел 1:1—24:27 дейінгі тармақтарды 2007 жылғы “Күзет мұнарасының” 1 шілдедегі санының “Езекиел кітабындағы көңіл бұрарлық ойлар (І-бөлім)” деген мақаласынан қараңдар.

[25-беттегі сурет]

Езекиел көрген аяндағы салтанатты ғибадатхана

[26-беттегі сурет]

Езекиел көрген аяндағы өмір сыйлайтын өзен нені бейнелейді?

[Түпдерек]

Pictorial Archive (Near Eastern History) Est.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу