Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w07 1.8. 3—5 бет.
  • Адамның өлмес жаны бар ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Адамның өлмес жаны бар ма?
  • 2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ‘Адам тірі жан болып шыға келді’
  • “Күнә жасаушы жан өледі”
  • Адамның өзі — жан
  • Киелі кітап жан туралы не дейді?
    Өлген соң адаммен не болады?
  • Жан деген не?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
  • Өлген соң жанмен не болады?
    Өлген соң адаммен не болады?
2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w07 1.8. 3—5 бет.

Адамның өлмес жаны бар ма?

Біз тек ет пен сүйектен жаралғанбыз ба, жоқ әлде жер элементтерінен де көп нәрседен құралғанбыз ба? Бүгін бар, ертең жоқпыз ба, әлде өлгеннен кейін тәніміздің көрінбейтін бір бөлігі тіршілігін жалғастыра бере ме?

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК діндердің о дүниеге қатысты түсініктері сан-қилы болғанмен, барлығы да мына нәрсеге үйретеді: адамның бойында тән өлгеннен кейін де тіршілігін жалғастыра беретін бір өлмес нәрсе бар. Көп адам осы “нәрсені” жан деп түсінеді. Ал сіз қалай ойлайсыз? Біз жан мен тәннен құралғанбыз ба? Жан деген не? Адамның өлмес жаны бар ма? Шын мәнінде неден тұратынымызды білгеніміздің маңызды екені сөзсіз!

‘Адам тірі жан болып шыға келді’

“Жан” адам өлгеннен кейін, тәннен бөлініп, тіршілігін жалғастыра беретін оның бір бөлігі ме? Бір Киелі кітап сөздігіне сүйенсек, “әдетте жан тұтас адамның өзін білдіреді” (Holman Illustrated Bible Dictionary). Мысалы, Жаратылыс 2:7-де былай делінген: “Сонда Құдай Ие жердегі топырақтан адамды жасап, оның мұрнына тіршілік лебін үрледі. Адам осылай тірі жан болып шыға келді”. Иә, алғашқы кісі Адам жан болған.

“Жан” тұтас адамды білдіруі мүмкін екендігін басқа Жазба орындары да растайды. Мысалы, Киелі кітапта жанның жұмыс істейтіні жайлы жазылған (Леуіліктер 23:30). Сондай-ақ оның азаптанғаны, шаршағаны, үрейленгені де айтылған (Әйүп 19:2; Забур 118:28; Елшілердің істері 2:43, Тт). Мысырдан шығу 16:16-дағы маннаны жинауға қатысты исраилдіктерге берілген нұсқаудан “жан” сөзінің адам мағынасында қолданылғаны көрінеді. Онда былай делінген: “Үй іштеріңдегі әрбір жан басына бір тегенеден толтырып жинап алыңдар!” Ал Петірдің 1-хаты 3:20-да (Тт) келесі сөздер жазылған: ‘Нұқ күндерінде аздаған жан, яғни сегіз кісі судан құтқарылды’. Осы тармақтардың ешқайсысы да жанның өлімнен кейін тіршілігін жалғастыра беретін көзге көрінбейтін нәрсе екендігіне нұсқамайды.

Жануарлар мен өсімдіктер жайлы не деуге болады? Оларды да жан деп атауға бола ма? Киелі кітапта жануарлардың жаратылуы жайлы не делінгенін қарап көрейікші: “Жаратқан Ие Құдай барлық дала жануарлары мен барлық аспан құстарын топырақтан жасап, оларды қалай атайтынын көру үшін бәрін адамға алып келді, адам әрбір тірі жанды қалай атаса, олар солай аталатын болды” (Жаратылыс 2:19, Тт). Ал Руларды санау 31:28-ден былай деп оқимыз: “Соғысқа барған жауынгерлердің олжасынан, адамдар мен ірі қара малынан және есектер мен ұсақ малдан, әрбір бес жүзінен бір жаннан Жаратушы Иеге арнап алым-салық ал”. Демек, барлық тірі жаратылыстар — адамдар да, жануарлар да — жандар. Ал өсімдіктер Киелі кітапта жан деп аталмаған.

“Жан” сөзі Киелі кітапта тағы бір мағынада қолданылған. Әйүп 33:22-де: “Оның жаны молаға тақалады, өмірі де ажалға жақындайды”,— делінген. Осы жердегі “жан” мен “өмір” сөздері синонимдер ретінде қолданылған, әрі бірі екіншісін толықтырып тұр. Демек, “жан” адамның, не тірі жанның, өмірін де білдіреді. Мысалы, Жазбаларда Мұсаны өмірінен айырмақшы болған жаулары жайлы ‘жанын іздегендер’ делінген (Мысырдан шығу 4:19, Тт). Ал Иса Мәсіхке қатысты Киелі кітаптан былай деп оқимыз: ‘Мен өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеу үшін жанымды [өмірімді] қиюға осы дүниеге келдім’ (Матай 20:28).

Киелі кітапта жан сөзі қарапайым етіп түсіндірілген және бірізділікпен қолданылған. Бұл сөз адамға не жануарға, я болмаса тірі жандардың өміріне қатысты қолданылуы мүмкін. Кейінірек көретініміздей, бұл түсінік өлгенде жанмен не болатыны жайлы Киелі кітап тармақтарына сай келеді.

“Күнә жасаушы жан өледі”

Киелі кітапта: “Күнә жасаушы жан өледі”,— делінген (Езекиел 18:4, ЖД). Сондай-ақ онда Исаның дін мұғалімдеріне айтқан келесі сөздері жазылған: “Демалыс күні қайсысын істеуге болады: жақсылықты ма не жамандықты ма? Біреудің жанын құтқаруды ма немесе құртуды ма?” (Лұқа 6:9). Жақып 5:20-дан (Тт) былай деп оқимыз: “Күнәһарды жалған жолдан бұрып алған кісі оның жанын өлімнен құтқарады да көптеген күнәларын жауып тастайды”. Иә, жан өледі: ол — өлмес нәрсе емес. Адамның өзі жан болғандықтан, оның өлгені — жанның өлгені.

Ал Киелі кітаптағы жанның тәннен шығуы не қайта кіруі туралы айтылған тармақтарды қалай түсінуге болады? Жаратылыс кітабында ұлын туғанда, Рахиламен не болғаны былай сипатталған: “Сөйтіп бойынан жаны шығып бара жатқанда, өйткені ол өліп баратқан, ұлына: Бекони деп ат қойды. Бірақ әкесі оны Вениамин деп атады” (Жаратылыс 35:18, Тт). Ал Патшалықтар 3-жазба 17:22-ден (Тт) жесір әйелдің баласының қайта тірілуі жайлы былай деп оқимыз: “Жаратушы Ие Илияның дауысын [дұғасын] есітті, сөйтіп сол жасөспірімнің жаны өзіне оралды, ол тірілді”. Бұл тармақтар жан денеден шыға алатын не оған кіре алатын тәннің көрінбейтін бөлігі болып табылады дегенге нұсқай ма?

“Жан” сөзінің бір мағынасы “өмір” екені есімізде болар. Демек, Рахиланың бойынан жаны шығып бара жатты деген ол өмірінен айырылып бара жатты дегенді білдіреді. Мысалы, кейбір Киелі кітап аудармаларында “бойынан жаны шығып бара жатты” деген сөздер “жайлап өмірі үзіле бастады” (“Нокс аудармасы”) және ‘соңғы демін шығарды’ (қазақ тіліндегі “Киелі кітап”) деп аударылған. Жесірдің баласына қатысты да осылай деуге болады, демек, балаға оның өмірі оралған болатын (Патшалықтар 3-жазба 17:23).

Адамның өзі — жан

Сонымен, Киелі кітаптан адамның жаны жоқ екені, оның өзі жан болып табылатыны анық көрінеді. Осыны ескерсек, өмірден өткен адамдардың бар үміті — қайта тірілу. Киелі кітап былай деп уәде етеді: “Бұған таңданбаңдар, өйткені қабірдегілердің бәрі Құдайдың рухани Ұлының даусын еститін уақыт болады. Сонда өлгендер қабірден шығады: жақсылық жасағандары мәңгі өмір сүру үшін, ал жамандық жасағандары сотталу үшін тіріледі” (Жохан 5:28, 29). Өлген адамдар үшін өлмес жан туралы ілім емес, қайта тірілуге қатысты осы берік уәде ғана нағыз үміттің көзі болып табылады.

Ендеше, қайта тірілу мен оның адамзат үшін нені білдіретіні жайлы тура білім алған қаншалықты маңызды десеңші! Сонымен қатар Құдай мен Иса Мәсіх туралы да білім алған маңызды, өйткені Иса дұғада былай деген: “Мәңгілік өмір, бұл — жалғыз шынайы Құдайды және Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану” (Жохан 17:3). Құдай мен оның рухани Ұлы, сондай-ақ Құдайдың уәделері жайлы көбірек білуге өзіңіз тұратын жердегі Ехоба куәгерлері сізге қуана көмектеседі. Біз сізді Куәгерлермен кездесуге, не болмаса осы журналдың баспагерлеріне хат жазып жіберуге шақырамыз.

[4-беттегі сурет]

Олардың барлығы жандар

[Түпдерек]

Goat: CNPC​—Centro Nacional de Pesquisa de Caprinos (Sobral, CE, Brasil)

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу